ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 634 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5455 болып енгізілді.
Салықтық өтініштер нысандарын бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БЎЙЫРАМЫН:
1. Мынадай салықтық өтініштер нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құжаттық тексеру жүргізу туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметтi тоқтату туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануға;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес оңайлатылған декларация негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдануға;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимiн қолдануға;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату туралы;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, адвокатты тіркеу есебіне қою туралы;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндiру, көтерме және (немесе) бөлшек сату ойынша тіркеу есебі туралы;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес темекi бұйымдарын өндiру және (немесе) көтерме саудада сату бойынша тіркеу есебі туралы;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiру, алкоголь өнiмiн көтерме сату бойынша тіркеу есебі туралы;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі бойынша тіркеу есебі туралы;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес тіркелген салық салынатын объектілерді тіркеу есебі туралы;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірме жазба алуға;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын қолданған кезде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша тіркеу есебі туралы.
2. Осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 634 бұйрығымен бекітілген
1-қосымша


__________________________________
(салық органының атауы)


Құжаттық тексеру жүргізу туралы салық өтініші


_____________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың аты-жөні
(атауы)/заңды тұлғаның атауы)

СТН-і ___________________________

ЖСН/БСН (бар болған жағдайда) __________________________

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 37, 41, 42-баптарына сәйкес қызметті тоқтатуға (таратуға) байланысты құжаттық тексеру жүргізуді сұраймын.

___________________________________________________/______________/
(жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың (қолы)
аты-жөні/ тарату комиссиясының жетекшісі)


20____ жылғы "____" _______________
(өтінішті беру күні)

Қолданушылардың назарына!
Салықтық өтініштер нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 634 бұйрығына 37-қосымша


Қазақстан Республикасының күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

1. "Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кіріс министрі м.а. 2002 жылғы 22 ақпандағы N 279 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1826 болып тіркелген).
2. "ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-касса машиналардың Мемлекеттік тізілімін жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 27 ақпандағы N 101 бұйрығы.
3. "Арнайы салық режимінде көзделген өтініштер мен патенттер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 657 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4513 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 9 ақпандағы N 21 (1224) жарияланған).
4. "Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың қызметін уақытша тоқтата тұру жөнінде өтініш нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті Төрағасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 666 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4538 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 28 ақпандағы N 31 (1234) жарияланған).
5. "Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған құн салығы бойынша есептен шығару, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою және қолданысын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 наурыздағы N 157 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4605 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2007 жылғы N 5, 253-құжатта жарияланған).
6. "Салық қызметі органдары мен салық төлеушілер (салық агенттері) арасындағы электронды ақпарат алмасу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 шілдедегі N 318 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5281 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2008 жылғы 19 қыркүйектегі N 143 (1543) жарияланған).

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina