Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 19 маусымдағы N 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 21 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5725 болып енгізілді.
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 3-4) тармақшасына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р. Толқымбеков): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.