ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Көлік және...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 3 қарашадағы N 462 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5856 болып енгізілді
"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

"Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына сәйкес, сондай-ақ темiр жол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтi маңызды облысаралық қатынастар бойынша темiр жол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негiзiнде анықтау жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-I бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3232 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22-құжат), мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
бұйрықтың атауындағы "өткiзу ережесiн" деген сөздер "өткiзу жөнiндегi нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
бұйрықтың 1-тармағындағы "ережесi" деген сөз "жөнiндегi нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтiк маңызды облысаралық қатынастар бойынша темiр жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негiзiнде анықтау жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесiнде:
ереженiң атауындағы "өткiзу ережесiн" деген сөздер "өткiзу жөнiндегi нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженiң бүкiл мәтiнi бойынша "Ереже", "Ережесiне", "осы Ережеге", "осы Ережеде" деген сөздер "Нұсқаулық", "Нұсқаулыққа", "осы Нұсқаулыққа", "осы Нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарғы оң жақтағы қосымшалардағы "өткiзу ережесiне" деген сөздер "өткiзу жөнiндегi нұсқаулыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженiң бүкiл мәтiнi бойынша "әлеуеттi" деген сөзден кейiн "жеткiзушi", "жеткiзушiнiң", "жеткiзушiге", "жеткiзушiлерге" деген сөздер "тасымалдаушы", "тасымалдаушының", "тасымалдаушыға", "тасымалдаушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тендер уәкiлеттi орган әзiрлеген және бекiткен конкурстық құжаттама негiзiнде жүргiзiледi.
Конкурстық құжаттама "Әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысымен айқындалған әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жүруi болжанатын жолаушылар поезды қозғалысының кестесi базасында қалыптастырылған лоттар және осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес үлгi конкурстық құжаттама негiзiнде әзiрленедi.";
4-тармақ "жеңiмпазды анықтау" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ шарттардың мерзiмiн ұзарту мәселелерiн қарау" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "жеңiмпаздарды анықтайды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ шарттардың мерзiмiн ұзартуға өтiнiмдердi қарайды және шарттардың мерзiмiн ұзартудан бас тарту немесе мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдайды" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тендер ұйымдастырушысы өтеусiз негiзде жолаушыларды тасымалдау жөнiндегi қызметтер ұсынумен байланысты сарапшы ретiнде жұмыс iстеу үшiн өзге де мамандарды тартады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сарапшылар қатысушылар өтiнiмдерiнiң тендерлiк құжаттама талаптарына сәйкестiгi және Әлеуметтiк маңызды облысаралық қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарттың (бұдан әрi - Шарт) мерзiмiн ұзартуға берiлген өтiнiмдердiң осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытынды бередi және комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлiк өтiнiмдердi салыстыру және бағалау, жеңiмпазды анықтау және шарттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдаған кезде ескерiледi. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған сарапшылар қол қояды және комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына қоса тiркеледi.";
9-тармақ "тасымалдаушылар" деген сөздiң алдынан "әлеуеттi" деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақ:
"Тендерге қатысу" деген сөздерден кейiн "және/немесе Шарттардың мерзiмiн ұзарту" деген сөздермен және "тасымалдаушылар" деген сөздiң алдынан "әлеуеттi" деген сөзбен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалдауға лицензиясының болуы;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшiн жеке меншiк немесе басқа заңды негiздерде пайдаланылатын, техникалық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн жолаушы жылжымалы құрамының болуы бұл ретте (жалпы вагон, плацкарт вагон, купе) үлгiлерi бойынша тиiсiнше көрсетiлген жолаушылар вагондарының саны ("Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы" акционерлiк қоғамының вагондарынан басқа) талап етiлетiн вагондар санының кемiнде 30 пайызын, ал электр дизель поездар вагондарының саны - 100 пайыз құрауы тиiс;";
4) тармақшада:
"болуы туралы мәлiметтер" деген сөздер "болуы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жеке" деген сөз "бiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"кепiлхат - мiндеттеме" деген сөздер "кепiлдiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
"штатын" деген сөздiң алдынан "бiлiктi" деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "3" деген сан "5" деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Тасымалдаушының магистралдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартымның және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау және оған техникалық қызмет көрсету, вагондарды жалға алу, ғимараттарды жалға беру қызметiн ұсыну мен вокзалдарда соңғы 9 айда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсету бойынша басқа да темiр жол ұйымдарының алдында берешегiнiң жоқтығы немесе екi жақты келiсiм бойынша тасымалдаушының қарызын немесе осы тұлғалардың бiрiншi басшыларының қолы қойылған берешектi кепiлдемелiк өтеу кестесiн қамтитын екi жақты келiсiмнiң болмауы.";
11-тармақ:
"Тасымалдаушы тендерге қатысу" деген сөздер "Әлеуеттi тасымалдаушы тендерге қатысу және/немесе Шарттардың мерзiмiн ұзарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес үлгiлерi, саны, шыққан жылы, вагондардың зауыттық нөмiрлерi, техникалық күйi және жоспарлы жөндеу түрлерi көрсетiле отырып (жеке меншiк құқығын немесе жалға алынғандығын растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды қоса берумен) жеке меншiк және (немесе) сенiмгерлiк басқарудағы, мүлiктi жалдау немесе басқа да заңды негiздерде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткен жылжымалы құрамның мүккәмал паркi туралы мәлiметтер;";
5) тармақшада:
"өтiнiмдер" деген сөзден кейiн "және/немесе шарттың мерзiмiн ұзартуға арналған өтiнiмдер" деген сөздермен толықтырылсын;
"тұлғаның" деген сөзден кейiн "(осы құқықты растайтын тиiстi құжатты қоса берiп)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Поезд бригадалары қызметкерлерiнiң тиiстi әлеуметтiк маңызды маршруттарға қызмет көрсету үшiн жеке бiлiктi штатының болуы туралы мәлiметтер және/немесе осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес бұрын әлеуметтiк маңызды маршрутқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерiнiң штатын жұмысқа қабылдау туралы кепiлхат-мiндеттеме.";
мынадай мазмұндағы 10)-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) магистральдық темiр жол желiсi операторынан алынған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының аумағында нақты болуын растайтын құжат;
11) магистральдық темiр жол желiсi, локомотивтiк тартым операторымен, техникалық көмек көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау бойынша қызметтер, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсететiн темiр жол ұйымдарымен мүдделер туралы жасалған шарттың нотариалды түрде расталған көшiрмесi;
12) Шарттың мерзiмiн ұзартуға өтiнiм берiлген жағдайда ағымдағы айдың бiрiншi күнiне берiлген тасымалдаушының және бiрiншi басшының мөрлерiмен бекiтiлген, қолдарымен расталған магистральдық темiр жол желiсiнiң локомотивтiк тартым операторының және вагондарды жалдау, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсететiн басқа да темiр жол ұйымдарының алдындағы берешек бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстыру актiсi немесе берешек болған кезде бiрiншi басшылар қол қойған берешектi кепiлдi өтеу кестесiн қамтитын екi жақты келiсiм;
13) Осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес шарттың мерзiмiн ұзартуға мәлiмделген маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстар.";
12-тармақтағы "қатысу" деген сөзден кейiн "және/немесе Шарттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтағы "өтiнiмде" деген сөзден кейiн "және/немесе Шарттың мерзiмiн ұзартуға арналған өтiнiмде" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Әлеуеттi тасымалдаушы тендерлiк құжаттаманы және/немесе Шарттың мерзiмiн ұзартуға арналған өтiнiмдi конвертке салып аузын желiмдейдi, онда әлеуеттi тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы көрсетiледi. Содан кейiн конверт сыртқы конвертке салынып желiмделедi.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Конверттер тендердi ұйымдастырушыға (комиссияға) мынадай белгiлермен жiберiлуi тиiс:
тендерге қатысу ниетi болған жағдайда - "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтiк маңызды облысаралық қатынастар бойынша темiр жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурсқа арналған тендерлiк өтiнiм;
Шартты ұзарту ниетi болған жағдайда - "Әлеуметтiк маңызды облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарттың мерзiмiн ұзартуға арналған өтiнiм.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Әлеуеттi қатысушы тендерлiк өтiнiмдердi (Шарттың мерзiмiн ұзартуға арналған өтiнiмдердi) ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн және/немесе Шарттың мерзiмiн ұзартуға арналған өтiнiмдi өзгерте немесе керi қайтарып ала алады. Өзгерту өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендердi ұйымдастырушы (Комиссия) тендерлiк өтiнiмдердi (Шартты ұзартуға арналған өтiнiмдердi) ұсынудың соңғы мерзiмдерi өткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.";
17-тармақтағы "тендерлiк" деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармақтағы "жағдайларды" деген сөз ", барлық маршруттар бойынша Шарттың мерзiмiн ұзартуды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, жолаушыларды тасымалдауды жылдың аяғына дейiн Жолаушыларды, жүктердi, жүк багажын және пошталық жөнелiмдердi Ұлттық тасымалдаушы бұрын қызмет көрсеткен қызметкерлердiң штатын (жолсерiктер және поездар бастықтары) мiндеттi түрде пайдалана отырып, тиiстi кезеңге бөлiнген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегiнде жүзеге асырады.";
20-тармақтағы "тендерлер" деген сөздiң алдынан "әлеуеттi" деген сөзбен толықтырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдау тiркеу журналына өтiнiмдердi (тiгiлген, нөмiрленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрмен бекiтiлген) енгiзу жолымен жүзеге асырылады және тендердi өткiзу күнiне дейiн бiр жұмыс күн iшiнде аяқталады, ал Шарттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдау үшiн Шарт қолдану мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз бес күнтiзбелiк күн iшiнде аяқталады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде комиссия қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысатын әлеуеттi тасымалдаушылардың атауы мен тұратын жерiн, олар ұсынған бағаларды, тендерлiк өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссия тиiстi хаттаманы жасайды және қол қояды.";
Мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2-тармақтармен толықтырылсын:
"23-1. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына конверттердi ашу рәсiмiне қатысқандар, төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссия мүшелерi, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.
Уәкiлеттi орган өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) әлеуеттi тасымалдаушыларға немесе ашу рәсiмiне қатысқан олардың уәкiлеттi өкiлдерiне өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн жолдайды немесе ұсынады;
2) өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының қол қойылған мәтiнiн уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялайды. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасында бар және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер ақысыз негiзде барлық мүдделi тұлғалар танысу үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
23-2. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi кезiнде болмаған әлеуеттi тасымалдаушыларға олардың жазбаша сұрау салуымен немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң жазбаша сұрау салуы бойынша уәкiлеттi органның осындай сұрау салуды алған күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi ұсынылады.";
24-1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "тендерлiк" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi абзацтағы "өтiнiмдi" деген сөз "(Шарттың мерзiмiн ұзартуға арналған өтiнiмдi)" деген сөздермен толықтырылсын;
"құжаттаманың" деген сөзден кейiн "(осы Нұсқаулықтың)" деген сөздермен толықтырылсын;
24-2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) әлеуеттi тасымалдаушы осы Нұсқаулықтың 37-тармағының талабын орындамаса, тасымалдаушы өтiнiмдi қайтарады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыс беру рәсiмiне комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде комиссияның шешiмi заңды деп танылады.
Конкурсты өткiзу кезiнде комиссияның кез келген мүшесiнiң және хатшысының болмауына дәлелдi себептер болған кезде осы фактiнi растайтын құжатты ұсынғанда жол берiледi.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап 10 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде тендердiң қорытындыларын шығарады, тендердiң қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның мүшелерi қолдарын қояды.
Уәкiлеттi орган тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) әлеуеттi тасымалдаушыларға тендердiң қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн жiбередi;
2) тендердiң корытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтiнiн уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялайды. Тендердiң қорытындылары туралы хаттамада бар және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер ақысыз негiзде барлық мүдделi тұлғалар танысу үшiн қол жетiмдi болуы тиiс";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Тендердiң қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тендердiң жеңiмпазы мен уәкiлеттi орган арасында осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Шарт жасалады";
33-тармақта "тендер" деген сөзден кейiн "комиссиямен" деген сөзбен толықтырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қайталанған тендер өткiзу туралы
2) тендерге қатысуға бiр ғана әлеуеттi тасымалдаушы жiберiлген жағдайда онымен Шарт жасасу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. Жасалған Шарттың бағасы бөлiнген субсидиялар сомасынан артық болмауы тиiс.";
3) тармақша алынып тасталсын;
33-1-тармақ алынып тасталсын;
34-тармақта "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "осы бағытта бұрын қызмет еткен қызметкерлердiң бiлiктi штатын (жолсерiктер және поездар бастықтары) пайдалана отырып тиiстi жылға бөлiнген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта:
"тапсырыс берушi" деген сөз "уәкiлеттi орган" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау" деген сөздер алынып тасталсын;
37-тармақшадағы "ұсынылатын" деген сөз "әлеуеттi" деген сөзбен толықтырылсын;
38-тармақта:
"жеткiзушi" деген сөз "тасымалдаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланған тендердi ұйымдастырушының банктiк шотына салынатын кепiлдiк ақшалай жарна;
2) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған банктiк кепiлдеме.";
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тараулармен толықтырылсын:

"7. Шарттың мерзiмiн ұзарту

40. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалын үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Шарттың мерзiмiн ұзарту туралы комиссия шешiмiнiң негiзiнде жыл сайын Шарттың мерзiмiн 1 жылдан аспайтын мерзiмге және 3 реттен асырмай ұзартады. Қолданылу мерзiмi ұзартылған Шарттың бағасы тиiстi жылға бөлiнген субсидиялардың сомасынан аспауы тиiс.
41. Уәкiлеттi орган тиiстi жылға әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырудың негiзгi шарттарын осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес бекiтедi және тасымалдаушыға ұсынады.
42. Шарттың мерзiмiн ұзарту мәселесiн қарау үшiн тасымалдаушы Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн 40 күнтiзбелiк күн қалғанда уәкiлеттi органның мекенжайына Шарттың мерзiмiн ұзартуға өтiнiмдi осы Нұсқаулыққа 10 және 11-қосымшаларға сәйкес осы Нұсқаулықтың 11-тармағының 2) - 5) және 7) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
43. Комиссия ұсынылған өтiнiм осы Нұсқаулықтың 42-тармағына сәйкес келмесе Өтiнiмдi керi қайтарады.
44. Комиссия үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi хаттаманы ресiмдей отырып, тасымалдаушылардың Шарттардың мерзiмiн ұзартуға өтiнiмдерiн қарау қорытындыларын жасайды.
45. Шарттың мерзiмiн ұзарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тасымалдаушының осы Нұсқаулықтың 10-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес болуы;
2) қолданыстағы Шарт бойынша мiндеттемелердiң тиiстi түрде орындалуы;
46. Комиссия тасымалдаушымен Шарттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда тасымалдаушы мен уәкiлеттi орган арасында үш жұмыс күнi iшiнде қосымша келiсiм жасалады.

8. Ерекше шарттар

47. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалын үздiксiз және қауiпсiз қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушы магистральдық темiр жол желiсi, локомотивтiк тартым, жолаушы вагондарын жалға беру, техникалық қызмет көрсету және отынмен және сумен жабдықтау, вокзал қызметтерiн ұсыну бойынша қызметтердi ұсынуға реттелетiн рыноктар субъектiлерiнiң шарттары мен бағаларында шарттар жасасады және Шартты жасасқаннан немесе мерзiмiн ұзартқаннан кейiн бiр айлық мерзiмде уәкiлеттi органға шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
48. Уәкiлеттi орган тасымалдаушымен Шартты мынадай жағдайларда бiржақты тәртiппен бұзады:
1) тасымалдаушы уәкiлеттi орган алдындағы өзiнiң шарттық мiндеттерiн тиiстi түрде орындамауы;
2) осы Нұсқаулықтың 47-тармағын орындамау;
3) ақша қаражатын мақсатсыз пайдалануды анықтау.";
көрсетiлген ережеге 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетiлген ережеге 4-қосымшада:
1.2-тармақта "200_" деген сандар "20_" деген сандармен ауыстырылсын:
2.4-тармақта:
"Жеткiзушi" деген сөз "Орындаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"алмаса" деген сөзден кейiн "сондай-ақ Орындаушының бастамасы бойынша Шарт бұзылса" деген сөздермен толықтырылсын";
2.5-тармақта "жоғарылатуын" деген сөзден кейiн "қалыптастыру мен айналым пунктiнiң, қозғалыс кестесiнiң өзгеруiн оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
Мынадай мазмұндағы 2.7 - 2.11-тармақтармен толықтырылсын;
"2.7. Орындаушы Тапсырыс берушiнiң сұрау салуы бойынша олар белгiлеген мерзiмде қаржылық-шаруашылық қызметке қатысты ақпаратты және есептi ұсынуға мiндеттi.
2.8. Тапсырыс берушi осы Шартқа сәйкес бөлiнетiн ақша қаражатын нысаналы пайдалану мониторингiн жүргiзедi.
2.9. Орындаушы Тапсырыс берушi мониторинг жүргiзуi үшiн осы Шарттың 2.8-тармағына сәйкес белгiленген мерзiмде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етедi.
2.10. Егер де ақшалай қаражаттың нысаналы емес пайдаланылғандығы анықталған жағдайда, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалының жоспарланған көлемi орындалмаған жағдайда, Тапсырыс берушi анықталған сомаға пропорционалды түрде қаражат ұстап қалуды қамтамасыз етедi. Орындаушы тиiстi бағыт бойынша Шарт сомасының 3 %-ы көлемiндегi ақшалай қаражатты қайтарады.
2.11. Орындаушы Шартты жасасқан сәттен бастап бiр ай iшiнде тапсырыс берушiге магистральдық темiр жол желiсiнiң операторымен, локомотивтiк тартыммен, вагондарды жалға ұсыну, техникалық қызмет көрсету және сумен және маймен жабдықтау, вокзал қызметтерiн ұсыну жөнiндегi қызметтердi көрсететiн темiр жол ұйымдарымен жасалған шарттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.";
3.2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.2.3. магистральдық темiр жол желiсi операторының қатынас бойынша орындалған тасымал көлемiн растайтын және тасымалданған вагондардың үлгiлерi бойынша саны вагондардың түрлерi, жолаушылар айналымы, вагонның адамдармен толықтырылуы туралы, сондай-ақ осы поезда жол жүру құжаттарын сатудан түскен табыстың сомасы туралы мәлiметтердi қамтитын құжаты";
мынадай мазмұндағы 3.2.4 - 3.2.6-тармақшалармен толықтырылсын:
"3.2.4. есептiк айдың бiрiншi күнiне тасымалдаушы мен магистральдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартымының арасындағы өзара есеп айырысуларды тексеру актiсi.
3.2.5. темiр жол жолаушылар тасымалын орындау кезiндегi шығыстар мен табыстар бойынша ай сайынғы есептер.
3.2.6. тасымалдаушының темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша тiкелей шығыстарының тiзiлiмi.";
мынадай мазмұндағы 4.1-2-тармақпен толықтырылсын:
"4.1-2. Орындаушы поездардың құрамы бөлiгiнде Шарттың талаптарын орындамау жағдайында осы Шарттың 3.5-тармағына сәйкес Тапсырыс берушiге төленген субсидияларды керi қайтаруды қамтамасыз етедi.";
мынадай мазмұндағы 4.3-тармақпен толықтырылсын:
"4.3. Орындаушы осы Шарттың 3.2-тармағына сәйкес белгiленген мерзiмде Шарт талаптарын орындамаған жағдайда, Тапсырыс берушi айына субсидияланатын сомадан 0,1 % мөлшерiнде әр өткiзiлген күн үшiн тұрақсыздық айыппұлын төлемдер бойына қаржыландыру жоспарына сай қамтамасыз етедi.";
6.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6.1. Шарт 20__ жылғы "__" "______" бастап күшiне енедi және 20__ жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды өзара есеп айырысу бөлiгiндегi мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.";
мынадай мазмұндағы 6.1.-1-тармақпен толықтырылсын:
"6.1.-1. Осы Шартқа тиiстi қосымша келiсiм жасасу жолмен Шарттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.";
мынадай мазмұндағы 6.3.-1-тармақпен толықтырылсын:
"6.3.-1. Шартты уақытынан бұрын бұзған кезде бұзуға бастамашылық жасаған тарап Шартты бұзғанға дейiн кем дегенде бiр ай бұрын басқа тарапты осы туралы хабардар етуге мiндеттi.";
6.6-тармақтағы "200_" деген сандар "20___" деген сандармен ауыстырылсын;
Шартқа қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
аталған ережеге 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4 - 9-қосымшаларға сәйкес 6 - 11-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк және қатынас жолдары комитетi (Б.Қ. Уандыков) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялағаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Министр Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2004 жылғы 03 қарашадағы N 462 бұйрығына
1-қосымша

Шығындары республикалық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтiк
маңызды облысаралық қатынастар
бойынша темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi нұсқаулыққа
3-қосымша

Әлеуметтiк маңызды қатынастарда тендерге шығарылған маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi тендерлiк ұсыныстар

Әлеуметтiк маңызды қатынастар маршрут(тар) атауы

Қашықтығы, км

Қатынауының кезеңдiгi

Вагон түрi

Жылжымалы құрамды құрастыру

Жылдық орташа ең төменгi құрам

Ең төменгi құрам

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуiр

Мамыр

Маусым

Шiлде

Тамыз

Қыркүйек

купе

плацкарт

жалпы

жиыны

Кестенiң жалғасы

Тасымалданған жолаушылардың жоспарланған көлемi, мың адам

Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км

Қажеттi субсидияның көлемi, мың теңге

Жолаушыларға көрсетiлетiн қосымша қызметтер

Қазан

Қараша

желтоқсан

Поезда ұсынылатын сервис және вагондардың жайлылығының деңгейi туралы мәлiметтер

_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

Субсидиялау көлемi жөнiндегi деректер қоса берiлген жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөнiндегi экономикалық көрсеткiштерге және есептеулерге сәйкес орындалған.

Қосымша:

1)______________________;
2)______________________;
3)______________________.

Тасымалдаушы:___________________________________
Т.А.Ә.. қолы, күнi

М.О.

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына 2-қосымша

20__ жылға арналған Тасымалдаушының
әлеуметтiк мәнi бар қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалдауды
жүзеге асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау туралы шартқа қосымша

Әлеуметтiк маңызды облысаралық қатынастар тiзбесi

N

поезд N

Маршрут

Қатынауының кезеңдiлiгi

Вагон түрi

Жылдық орташа ең төменгi құрам

Ең төменгi құрам

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуiр

Мамыр

Маусым

Шiлде

Тамыз

купе

плацкарт

жалпы

жиыны

Кестенiң жалғасы

Тасымалданған жолаушылардың жоспарланған көлемi, мың адам

Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км

Субсидиялануға жататын сома, мың теңге

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Осы қосымша Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау туралы 20 __ ж. N__ шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады

Тапсырушы Орындаушы
___________________________ ___________________________
(толық атауы) (толық атауы)
___________________________ ___________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
___________________________ ___________________________
(телефон, факс) (телефон, факс)
СТН _______________________ СТН _______________________
___________________________ ___________________________
(деректемелер) (деректемелер)
___________________________ ___________________________
(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)
______________ ______________
(қолы) (қолы)
___________________________ ___________________________
"__"__________ "__"__________

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
3-қосымша

Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтiк маңызды
облысаралық қатынастар бойынша
темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi
нұсқаулыққа 5-қосымша

Поезд бригадалары қызметкерлерiнiң жеке штатының болуы туралы мәлiмет

Р/С N

Т.А.Ә.

Қызмет көрсету саласындағы еңбек өтiлiмi

Бiлiктiлiгi (диплом бойынша мамандығы, куәлiгi және басқа да бiлiм туралы құжаттар)

Атқаратын қызметi

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
4-қосымша

Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтi маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi
нұсқаулыққа 6-қосымша

Банктiк кепiлдiк

Банктiң атауы ______________________________________________________
(банктiң атауы мен деректемелерi)
Кiмге ______________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелерi)

N ______ кепiлдiк мiндеттеме

___________________ _____ ж. "___"__________
(орналасқан жерi)

Бiз __________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
бұдан әрi "Жеткiзушi" жалпы сомасы _________________________ теңгеге,
(жазумен)
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi ұйымдастырған шығындарды республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтiк маңызды облысаралық қатынастар бойынша темiр жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын - тасымалдаушыларды ашық тендер негiзiнде анықтау жөнiндегi конкурсына қатысатындығынан хабардармыз.
Жоғарыда аталған конкурсты өткiзу жөнiндегi ____ж. "___"_____
конкурстық құжаттамада әлеуеттi жеткiзушiлердiң конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi банктiк кепiлдiк түрiнде енгiзулерi көзделген.

Осыған байланысты бiз __________________ осымен өзiмiзге Сiздiң талап
(банктiң атауы)
етуiңiз бойынша Сiздiң төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Жеткiзушi:
- конкурстық өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi керi қайтып алғаны немесе өзгерткенi;
- шартқа белгiленген мерзiмде қол қоймағаны;
- субсидиялау туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi субсидиялау туралы шартқа қол қойғаннан кейiн тендерлiк құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгiзбегендiгi жөнiнде жазбаша растауды алысымен Сiзге тең соманы төлеуге (сомасы санмен және жазумен) қайтарусыз мiндеттеме аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашқан күннен бастап күшiне енедi.
Осы кепiлдiк мiндеттеме Тасымалдаушының конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмiнiң қолданылуының соңғы мерзiмiне дейiн қолданылады және егер Сiздiң жазбаша талабыңызды бiз аяғына дейiн алмасақ, осы құжат бiзге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшiн жояды. Егер конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi ұзартылған болса, онда бұл кепiлдiк мiндеттеме сондай мерзiмге ұзартылады.
Осы кепiлдiк мiндеттемесiне байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

Кепiлгердiң қолы мен мөрi Күнi мен мекен-жайы

(банктiң (банктiң филиалының) бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары және банктiң бас бухгалтерi тұлғасында)

Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына 5-қосымша

Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтi маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi
нұсқаулыққа 7-қосымша

20__ жылға арналған маңызы бар жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың негiзгi жағдайлары

р/с N

Поездiң нөмiрi

Қашықтық

Қатынауының кезеңдiлiгi

Вагон түрi

Құрамдағы жылдық орташа вагондар саны

Құрамның саны

Тiркелген вагондардың саны

Тiркелген вагондардың хабарламасы

купе

плацкарт

жалпы

жиыны

кестенiң жалғасы

Тiркелген вагондар қатынауының кезеңдiлiгi

Жоспарланған вагондар жүрiсi, мың жолаушы км

Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км

Шығын есебiнiң сомасы, мың теңге

Бағаның көтерiмдiк деңгейi,%

бiр жинақтық төсек орындарын ұсыну

кестенiң жалғасы

Станцияларда және жолаушылар поездарында жолаушыларға көрсетiлетiн қызметтерге алымдар мен төлеу мөлшерлерi

Билеттердi "тура", "керi" алдын ала сату

Орындарды брондау

Жол сапардан бас тартқаны себептi қайтарылған билеттер

Алдын ала жөнелетiн поезға билеттердi қайта рәсiмдеу немесе жоғары деңгейлi вагон

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ станциясынан

ТМД елдерiнiң темiр жол станцияларынан

ТМД елдерiнiң жолаушылар поезына

халықаралық поездарға

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы қарашадағы
N бұйрығына
6-қосымша

Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтi маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi
нұсқаулыққа 8-қосымша

Жылжымалы құрамның мүкәммал паркi туралы мәлiметтер

р/с N

вагон N

вагон түрi

жасалған жылы

жөндеу жұмысының соңғы түрi

тех-к жағдайы

тiркелуi

мәлiмделген хабарлама

ескерту

др

КР 1

КР 2

КРПС

КВР

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
7-қосымша

Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтi маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi
нұсқаулыққа 9-қосымша

Өтiнiш
(заңды тұлға үшiн)

Сiзден N____ ______ жылғы ___________________ маршруты бойынша
(маршруттың атауы)

шарттың мерзiмiн ұзартуыңызды өтiнемiн.

Тасымалдаушы туралы мәлiмет:

1. Меншiк нысаны___________________________________________
2. Құрылған жылы __________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
___________________________________________________________
(нөмiрi, кiм және қашан берген)
4. СТН ____________________________________________________
5. Банктiк деректемелер ___________________________________
___________________________________________________________
(ИИК, БСК, банктiң атауы және орналасқан мекен-жайы)
6. Заңды мекенжайы және басқа деректемелерi
___________________________________________________________
(пошталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс)
7._________________________________________________________
(ұйымның бiрiншi басшысының Т.А.Ә.)
8. Қоса берiлген құжаттар:
1) ____________________
2) ____________________
3) ____________________

Ұйымның басшысы: Т.А.Ә., қолы, күнi.

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
8-қосымша

Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтi маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi
нұсқаулыққа 10-қосымша

Өтiнiш
(жеке тұлға үшiн)

Сiзден N_____ ________ жылғы ________________ маршруты бойынша
(маршруттың атауы)
шарттың мерзiмiн ұзартуыңызды өтiнемiн.

Тасымалдаушы туралы мәлiмет:

1. Жеке тұлғаны растайтын құжат ____________________________________
(нөмiрi, кiм және қашан берген)
2. СТН _____________________________________________________________
3. Банктiк деректемелер ____________________________________________
____________________________________________________________________
(ИИК, банктiң атауы және мекен-жайы)
4. Мекен-жайы және басқа деректемелерi
____________________________________________________________________
(пошталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс)
5. Қоса берiлген құжаттар:
1) _____________________
2) _____________________
3) _____________________

Т.А.Ә., қолы, күнi.

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2009 жылғы 03 қарашадағы
N 462 бұйрығына
9-қосымша

Шығындары республикалық
бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтi маңызды
облысаралық қатынастар
бойынша темiр жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негiзiнде анықтау жөнiндегi
конкурсты өткiзу жөнiндегi
нұсқаулыққа 11-қосымша

Келiсiм шарттың мерзiмiн ұзарту бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстар

Әлеуметтiк маңызды қатынастар маршрут(тар) атауы

Қашықтығы, км

Қатынауының кезеңдiгi

Вагон түрi

Жылжымалы құрамды құрастыру

Жылдық орташа ең төменгi құрам

Ең төменгi құрам

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуiр

Мамыр

Маусым

Шiлде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

желтоқсан

купе

плацкарт

жалпы

жиыны

Кестенiң жалғасы

Тасымалданған жолаушылардың жоспарланған көлемi, мың адам

Жоспарланған жолаушылар айналымы, мың жолаушы км

Қажеттi субсидияның көлемi,мың теңге

Жолаушыларға көрсетiлетiн қосымша қызметтер

Поезда ұсынылатын сервис және вагондардың жайлылығының деңгейi туралы мәлiметтер

_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

Субсидиялау көлемi жөнiндегi деректер қоса берiлген жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөнiндегi экономикалық көрсеткiштерге және есептеулерге сәйкес орындалған.

Қосымша:

1) ______________________;
2) ______________________;
3) ______________________.

Тасымалдаушы: ________________________________
Т.А.Ә.. қолы, күнi

М.О.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina