Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 313 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6022 болып енгізілді
Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулықты бекіту туралы «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.