ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 19-П және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 58 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6082 болып енгізілді
Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызмет, жер қатынастарын реттеу және геодезия және картография саласындағы қызмет субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлген:
1) осы бұйрықтың тиiсiнше 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi;
2) осы бұйрықтың тиiсiнше 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жер ресурстарының жағдайына әсер ететiн қызмет, жер қатынастарын реттеу және геодезия және картография саласындағы қызмет субъектiлерi үшiн тексеру парақтарының нысандары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау және мемлекеттiк жер кадастры департаментi (С.Ш. Сәрсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттiгi төрағасы Ө. Өзiбеков

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттiгi төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бiрлескен бұйрығына
1-қосымша

Жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесiн
бағалау критерийлерi

1. Осы жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау Критерийлерi (бұдан әрi - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңына сәйкес жер қатынастары саласындағы бақылау субъектiлерiн тәуекел дәрежесiне жатқызу үшiн әзiрлендi.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары саласындағы тәуекел – жер ресурстарына зиян келтiру, жер иелерiнiң жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзылу, оның салдарларының ауырлық дәрежесiн ескере отырып, ықтималдылығы;
2) бақылау субъектiлерi – жер ресурстарының жағдайына әсер ететiн және жер қатынастарын реттеу саласында қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
3. Жер ресурстарының жағдайына әсер ететiн қызметтi жүзеге асырушы бақылаудың субъектiлерiне иелiгiнде құнды ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер және жер қойнауын пайдаланушылар жатады.
Көрсетiлген бақылау субъектiлерiн тәуекел дәрежелерiне жатқызу бiрiншi кезектi және кейiнгi бөлу арқылы жүзеге асырылады.
4. Бiрiншi кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер құнды ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемiне, ал жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шарттың мерзiмiне қарай үш топқа бөлiнедi:
1) жоғары тәуекел тобына:
5 000 гектардан (бұдан әрi - га) астам бағара егiстiгi, 100 га астам суармалы егiстiгi бар ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлер;
жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт мерзiмi бес жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;
2) орташа тәуекел тобына:
3 000 га-дан 5 000 га дейiн бағара егiстiгi, 50 га-дан 100 га дейiн суармалы егiстiгi бар ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлер;
жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт мерзiмi 5 жылдан 10 жылға дейiнгi жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;
3) төмен тәуекел тобына:
300 га-дан 3 000 га дейiн бағара егiстiгi, 10 га-дан 50 га дейiн суармалы егiстiгi бар ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлер;
жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт мерзiмi 10 жылдан астам жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады.
5. Екiншi кезеңде жер ресурстарының жағдайына әсер ететiн қызметтi жүзеге асырушы бақылау субъектiлерiн тиiстi тәуекел тобына жатқызылған субъектiлерге мынадай баллдар берiледi:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшiн:
жердi қорғау бойынша iс-шаралардың болмауы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуiн, су және жер эрозиясын, селдi, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетудi, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерiн болдырмау бойынша агротехникалық iс-шараларды жүргiзу) – 20 балл;
жер учаскесiне құқықты белгiлейтiн және сәйкестендiрушi құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлердi бiр жылдан астам пайдаланбау – 10 балл;
егiстiк алқаптарда дәндi-дақылдардың бiр түрiне ғана басымдылық беру – 10 балл;
егiстiк және өнiм түсiмi бойынша статистикалық есептердiң болмауы – 5 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;
2) жер қойнауын пайдаланушылар үшiн:
бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасының болмауы – 20 балл;
жер учаскесiне құқықты белгiлейтiн және сәйкестендiрушi құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлердiң өндiрiстiк мониторингiнiң болмауы – 10 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;
межелеу белгiлерiн жою – 5 балл.
6. Кейiнгi бөлу қорытындылары бойынша аталған субъектiлерге тиiстi тәуекел дәрежесiне жатқызу үшiн мынадай тәртiпте баллдардың шектi сомасы белгiленедi:
1) жоспарлы тексерiстiң жылына бiр рет реттiлiгi бар жоғары тәуекел дәрежесi:
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң жерлердi пайдалану саласында – 25 және одан да жоғары балл;
жер қойнауын пайдалану саласында – 20 және одан да жоғары балл;
2) жоспарлы тексерiстiң үш жылда бiр рет реттiлiгi бар орташа тәуекел дәрежесi:
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң жерлердi пайдалану саласында – 15 баллдан 25 баллға дейiн;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллдан 20 баллға дейiн;
3) жоспарлы тексерiстiң бес жылда бiр рет реттiлiгi бар төменгi тәуекел дәрежесi:
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң жерлердi пайдалану саласында – 15 баллға дейiн;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллға дейiн.
7. Бақылау субъектiлерi бiр тәуекел ету дәрежесiнiң iшiнде болған жағдайда таңдау мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
1) берiлген баллдардың ең көп сомасы бойынша;
2) жер учаскесiнiң көлемiне байланысты;
3) келiсiм-шарттың ең қысқа мерзiмi бойынша (жер қойнауын пайдаланушылар үшiн).
8. Жер қатынастарын реттеу саласында әрекет етушi субъектiлерге жергiлiктi атқарушы органдар жатады, олар мынадай тәуекел дәрежелерi бойынша үлестiрiледi:
1) жоғары тәуекел дәрежесi – облыстық, республикалық маңыздағы қалалардың және облыс орталығының, сондай-ақ олардың қала маңы аймақтары мен ауылдық округтерiнiң жергiлiктi атқарушы органдары;
2) орташа тәуекел дәрежесi – облыстық маңыздағы қалалардың және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары;
3) төменгi тәуекел дәрежесi – селолық (ауылдық) округтердiң жергiлiктi атқарушы органдары.
9. Жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыратын бақылау субъектiлерi басқа тәуекел дәрежесiне ауыстырылмайды.
10. Әр бiр тексерiлетiн субъектiге бақылау iсi жүргiзiледi, онда тексерiстердi тағайындау туралы актiлердiң, тексерiс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшiрмелерi, тексерiс нәтижелерi және жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар туралы мәлiметтер тiгiледi.

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттiгi төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бiрлескен бұйрығына
2-қосымша

Геодезия және картография саласында тәуекел дәрежесiн
бағалау критерийлерi

1. Осы Геодезия және картография саласында тәуекел дәрежесiн бағалау Критерийлерi (бұдан әрi - Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңдарына сәйкес геодезия және картография саласындағы бақылау субъектiлерiн тәуекел дәрежелерiне жатқызу үшiн әзiрлендi.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) геодезия және картография саласындағы тәуекел – мемлекеттiк шекара, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекара сызығының өту орнының, сондай ақ географиялық атаулардың өзгеруi нәтижесiнде мемлекеттке зиян келтiруi мүмкiн топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндiру кезiндегi деректердi және мәлiметтердi дұрыс бермеу, оның салдарларының ауырлық дәрежесiн ескере отырып;
2) бақылау субъектiлерi – геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
3. Әзiрленетiн және жүзеге асырылатын геодезиялық-картографиялық өнiм мен мәлiметтердiң түрiне қарай геодезия және картография саласындағы бақылау субъектiлерi тиiстi баллдар берiлiп үш топқа бөлiнген:
1) жоғары тәуекел тобына:
бiрыңғай мемлекеттiк координаттар жүйесiнде топографо - геодезиялық және картографиялық өнiмнiң деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететiн бақылау субъектiсi жатқызылады – 20 балл;
2) орташа тәуекел тобына:
жергiлiктi немесе шартты координаттар жүйесiнде геодезиялық және картографиялық өнiмнiң деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететiн бақылау субъектiлерi жатқызылады – 10 балл;
3) төмен тәуекел тобына:
Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына мәлiметтер мен деректердi беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететiн бақылау субъектiлерiне жатқызылады – 5 балл.
4. Жоғары тәуекел дәрежесiндегi субъектiлер орташа немесе төмен тәуекел дәрежелерiне ауыстырылмайды.
5. Орташа немесе төмен тәуекел дәрежесiндегi субъектiлер одан да жоғары және төмен тәуекел дәрежелерiне ауыстырылуы мүмкiн.
6. Бақылау субъектiлерi бiр тәуекел дәрежесiнiң iшiнде болған жағдайда таңдау мына тәртiпте жүзеге асырылады:
1) берiлген баллдардың ең көп сомасы бойынша;
2) берiлген баллдардың сомасы бiрдей болған жағдайда тексеру үшiн топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемi үлкен мемлекеттiк бақылау субъектiсi таңдалып алынады;
3) берiлген балдар мен, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемi бiрдей болған жағдайда тексерiс жоспарына ұзақ уақыттан берi тексерiстен өткiзiлмеген (3 жылдың iшiнде) мемлекеттiк бақылау субъектiсi енгiзiледi;
4) тұтынушылар тарапынан арыздар, ақпаратты қорғау саласындағы бұзушылықтар, өлшеу құралдарының типiн бекiту туралы сертификаттың, аспаптардың, бағдарламалық өнiмдердi түгендеу туралы сертификаттардың қолданыс мерзiмi бұзылғаны туралы мемлекеттiк органдардың өтiнiштерi болған жағдайда.

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттiгi төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бiрлескен бұйрығына
3-қосымша

Нысан

Жер ресурстарының жағдайына әсер ететiн қызметтi жүзеге
асыратын субъектiлердi тексеру парағы

Органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________

Тексерiстi тағайындау туралы акт ___________________________________
(№, күнi)
____________________________________________________________________
Субъектiнiң атауы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жердiң мекен-жайы _______________________________________
____________________________________________________________________

Талаптардың тiзбесi

1

Жердi қорғау бойынша iс-шаралардың болуы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуiн, су және жел эрозиясын, селдi, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетудi, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерiн болдырмау бойынша агротехникалық iс-шараларды жүргiзу)

2

Құқықты растаушы және сәйкестендiру құжаттарының болуы

3

Жер заңнамасында белгiленген жерлердiң жағдайы және пайдалану туралы деректердi мемлекеттiк органдарға уақытылы беру (егiстiктер және өнiм беруi туралы статистикалық есептердiң болуы)

4

Межелеу белгiлерiн сақтау

5

Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, жердiң құнарлығын және басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру

6

Жер учаскесiнiң жерге орналастыру жобасының болуы (аумақтарды орналастыру жобасы)

7

Өндiрiс технологиясын қолдану тәртiбiн сақтау (егiстiк алқаптарда дәндi-дақылдардың бiр түрiне ғана басымдылық бермеу, егiстiк айналымын сақтау)

8

Бүлiнген жердi қайта қалпына келтiру жобасының болуы

9

Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлердi тиiмдi пайдалану

10

Жер учаскесiнiң шекараларының құқықты белгiлейтiн және сәйкестендiрушi құжаттарға сәйкестiгi

11

Жердi пайдаланудың табиғатты қорғау режимiн сақтау

12

Жерлердi нысаналы мақсатында пайдалану

13

Уақытша алып отырған жерлердi нысаналы тағайындалуына сәйкес одан әрi пайдалануға жарайтын жағдайға келтiру бойынша мiндеттемелердi орындау

14

Жер учаскесiн пайдалануға рұқсат негiзiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзу

15

Жердiң ластануын, тозуын, қоқыстануын және топырақтың құнарлы қабатын нашарлауын болдырмау, және де топырақтың құнарлы қабатын алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда

16

Жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты бағдарламалар, жобалар мен схемалардың оң сараптамасының болуы

Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөнi)
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөнi)

Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы, жеке кәсiпкер:
____________________________________________________ _____________
(аты жөнi, лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттiгi төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бiрлескен бұйрығына
4-қосымша

Нысан

Жер қатынастарын реттеу саласында қызметтi жүзеге
асыратын субъектiлердi тексеру парағы

Органның атауы ___________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерiстi тағайындау туралы акт _________________________________
(№, күнi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жердiң мекен-жайы _____________________________________
__________________________________________________________________

Талаптардың тiзбесi

1

Мемлекеттiк меншiктегi және жер учаскелерiн берудiң аукциондық немесе конкурстық тәсiлi пайдаланылмайтын жағдайларды ескермегенде, сауда саттықты (аукциондар, конкурстар) өткiзусiз жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiн немесе жер учаскелерiн жалдау құқығын беру

2

Жер учаскесiне тиiстi құқықты беру туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн (арыздарын) қарау мерзiмiн сақтау

3

Сұрау салынып отырған жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды және жер комиссиясының шешiмiн әзiрлеу мерзiмдерiн сақтау

4

Жер комиссиясының оң қорытындысы негiзiнде және бекiтiлген жерге орналастыру жобасына сәйкес жер учаскесiне құқықты беру

5

Жер учаскелерiне құқықты беруден бас тарту туралы шешiмдi қабылдау мерзiмiн сақтау

6

Жергiлiктi атқарушы органның жер учаскелерiне құқықты беру туралы шешiмдi қабылдау мерзiмiн сақтау

7

Өз құзыретi шегiнде жер учаскесiне тиiстi құқықты беру

8

Жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы тағайындалуына қайшы келмейтiн мақсаттарға орман, су қоры жерлерi санатынан, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардан жер учаскесiне құқық беру

9

Жер заңнамасында көзделген тек ерекше жағдайлардың тiзбесiне енетiн жағдайлар үшiн мемлекет мұқтажына жер учаскесiн күштеп алып қою туралы шешiм қабылдау

10

Жер заңнамасында белгiленген нормалар шегiнде жер учаскесiн жеке меншiкке тегiн беру туралы шешiм қабылдау

11

Жер заңнамасында көзделген мақсаттарға және мерзiмде уақытша ақысыз жер пайдалану құқығын беру

12

Жер заңнамасында көзделген шет елдiктерге немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға жерге меншiк құқығын беру

13

Уақытша өтеулi (жалдау) жер пайдалану туралы шартты жасау мерзiмiн сақтау

14

Жергiлiктi атқарушы органның қабылданған тиiстi шешiмдердiң нәтижелерi туралы шешiмдерiнiң көшiрмелерiн беру мерзiмдерiн сақтау

15

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру тәртiбiн сақтау

16

Жер учаскелерiне құқықтарды беру реттiлiгiн сақтау

17

Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтiнiштi қарау мерзiмiн сақтау

18

Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерткен жағдайда сәйкестендiру құжаттарын қайта рәсiмдеу мерзiмiн сақтау

19

Жерге орналастыру құжаттамаларын бекiтудiң белгiленген тәртiбiн сақтау

20

Тұрғын үй құрылысы үшiн, арнайы жер қорында жерлердiң болуы туралы ақпаратты беру

21

Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiнiң нақтылығы

22

Мемлекеттiк жер кадастрын дұрыс жүргiзу

Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөнi)
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөнi)

Басшысы:
_____________________________________________________ ____________
(аты жөнi, лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттiгi төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бiрлескен бұйрығына
5-қосымша

Нысан

Геодезия және картография саласында қызмет атқаратын
субъектiлердi тексеру парағы

Органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерiстi тағайындау туралы акт ___________________________________
(№, күнi)
____________________________________________________________________
Субъектiнiң атауы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жердiң мекен-жайлары ____________________________________
____________________________________________________________________

Талаптардың тiзбесi

1

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндiруге лицензияның болуы

2

Лицензиялау ережелерiне және жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндiруге бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттардың болуы

3

Әуефото түсiрiмдi жүргiзуге рұқсаттың болуы

4

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндiруге техникалық жобалардың (техникалық тапсырмалар немесе техникалық ерекшелiк немесе келiсiм-шарттар) болуы

5

Геодезия және картография саласындағы жоғары және арнайы орта бiлiмi бар мамандардың болуы

6

Материалдық техникалық базаның геодезия және картография саласындағы құқықтық актiлерге және техникалық талаптарға сәйкес келуi

7

Геодезиялық өлшеу құралдары болып табылатын аспаптар мен жабдықтарды түгендеу туралы сертификаттардың болуы

8

Далалық және камералдық жұмыстар өнiмдерiн техникалық бақылау және қабылдау жүйесiнiң болуы

9

Жер бетi объектiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекаралардың картографиялық материалда көрсетудiң нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуi

10

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық, аэроғарыштық материалдар мен деректердi есептеудiң нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуi

11

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық, аэроғарыштық материалдар мен деректердi сақтау жағдайының нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуi

12

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды немесе әуеғарыштық түсiрiмдердi жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар мен деректердi көбейту ережелерiн сақтау

13

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып геодезиялық-картографиялық жұмыстарды немесе әуеғарыштық түсiрiмдердi жүргiзу нәтижесiнде алынған топографиялық-геодезиялық немесе картографиялық материалдар мен деректердi пайдалану ережелерiн сақтау

14

Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорға топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсiрiмдердiң материалдарын беру тәртiбiн сақтау

15

Құпия материалдармен жұмыс жасайтын субъектiлерде рұқсаттардың болуы

16

Құпия және ҚПҮ белгiсi бар материалдарды есепке алу, сақтау және беру ережелерiн сақтау

17

Геодезиялық пункттердi қорғау жөнiндегi ережелердi сақтау

Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөнi)
________________________ __________ ______________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөнi)

Басшы:
_____________________________________________________ ____________
(аты жөнi, лауазымы) (қолы)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina