ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 45-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 54 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6073 болып енгізілді
Тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1 және 2-тармақтарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Бақылау және талап қою департаментi (М. Орынбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Е. Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн:
1) оны белгiленген тәртiппен ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
агенттiгiнiң төрағасы Н. Алдабергенов

Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттiгi төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 45-НҚ және
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 54 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

нысан

Тексеру парағы

Тексерудi тағайындаған орган ________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы актi ____________________________________
(№, уақыты, құқықтық статистика бойынша органда тiркелгенi туралы
мәлiмет)
Тексерудi өткiзу мерзiмi ____________________________________________
Тексерiлетiн субъектiнiң атауы ______________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________________
Тексерiлетiн субъект табиғи монополиялар, реттелетiн нарықтар,
лицензиялау аясында кызметтi жүзеге асырады, энергия өндiрушы,
энергиямен жабдықтаушы ұйым болып табылады (керегiнiң астын сызыңыз).

р/с №

Қазақстан Республикасының Заңдарымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларымен белгiленген талаптар

табиғи монополия субъектiсi үшiн

1

реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қызмет көрсетумен қамтамасыз ету

2

тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз ету

3

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен, оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудi тең жағдайларын ұсыну

4

тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсыну

5

Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру

6

үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзу, және аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмiнде жариялануы

7

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу

8

тарифтiк сметаны орындау, тарифтiк сметаны орындау немесе оны ұсынбауы туралы есептi уақытылы ұсыну

9

уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайын есеп берудi жүргiзу

10

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу

11

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ынтымақтастықтың үлгi шарттарына сәйкес кондоминиум объектiсiн басқару органымен оларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне ынтымақтастық шарттарын жасасу

12

тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу және оларды тұтынушыларға орнату

13

есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алу

14

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсу

15

тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар ету

16

Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету

17

мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру

18

уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеу және келiсу

19

табиғи монополиялар субъектiлерiнiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) орындау

20

уәкiлеттi орган бекiткен реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тiкелей пайдаланатын шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеру бойынша талаптарды сақтау

21

нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнiнде iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және iске асыру

22

нормативтiк техникалық ысыраптардың деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлеген шамаға және мерзiмге төмендету

23

уәкiлеттi органмен келiсiп алынған негiзiнде рұқсат етiлген өзге қызметтер түрлерiн көрсету

24

табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығының болмауы бойынша талапты сақтау

25

мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акциялары (үлестерi) болмауы немесе олардың қызметiне қатысуының өзге нысандары болмауы бойынша талапты сақтау

26

уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алмау бойынша талапты сақтау

27

Заңда көзделмеген қосымша ақы алу бойынша немесе өзiнiң мазмұны бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң мәнiне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлiктi, мүлiктiк құқықтарды және басқаны беру) талапты сақтау

28

пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган бекiткен тарифтiк сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтермеу бойынша талапты сақтау

29

табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға жол бермеу бойынша талапты сақтау

30

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге) беруге тыйым салуды сақтау

31

арнайы қаржы компаниясының секьюритилендiру туралы мәмiлелерi бойынша талап ету құқықтарын басқаға берудi қоспағанда, ұсынылатын реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығына жол беруге тыйым салуды сақтау

32

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға жол бермеу бойынша талапты сақтау

33

реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгiзбеу бойынша талапты сақтау

34

белгiленген тәртiппен бекiтiлген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалану бойынша талапты сақтау

35

мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге тыйым салуды сақтау

36

тарифтiк сметада қамтылатын; реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салуды сақтау

37

реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша талапты сақтау

38

Заңда белгiленген жағдайларда табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiмдi уәкiлеттi органға ұсыну

39

Заңның 18-бабында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi органға уақытында ұсыну

реттелетiн нарық субъектiсi үшiн

40

алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың өсетiнi және өсу себебiн растайтын (реттелетiн нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектiлерiн қоспағанда) негiздемелiк материалдарды табыс ете отырып, өсу себептерi туралы кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкiлеттi органды хабардар ету

41

Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган белгiлеген қолданыстағы немесе жобаланған баға деңгейiне дейiн төмендету

42

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген баға белгiлеу тәртiбiн сақтау

43

Заң көзделген талаптарын бұза отырып, белгiленген бағаны негiзсiз көтеру нәтижесiнде алған табысты тұтынушыларға қайтару

44

бағаларды мемлекеттiк реттеу енгiзiлген немесе өнiмдердiң, тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатураға енгiзiлген күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, баға деңгейiн растайтын негiздемелiк материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты уәкiлеттi органға ұсыну

45

өндiру (өткiзу) көлемдерi, табыстылық деңгейi және өндiрiлетiн (өткiзiлетiн) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) босату бағалары туралы өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша ай сайынғы ақпаратты уәкiлеттi органға ұсыну

46

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi уәкiлеттi органға ұсыну

лицензиат үшiн

47

Тиiстi лицензия негiзiнде лицензиялауға жататын кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi жүзеге асыру

48

Заңнамада белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды сақтау, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау

49

лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзiмi аяқталғаннан кейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормалардың бұзылуын жою

50

лицензияланатын қызмет бойынша жыл сайынғы есептi лицензиярға ұсыну

энергиямен жабдықтаушы ұйым үшiн

51

тұтынушыларға электр энергиясын тәулiк зоналары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлемiне (жеке тұлғалар үшiн) қарай сараланған тарифтер бойынша өткiзуден (сатудан) бас тартуға жол бермеу бойынша талапты сақтау

52

теңгерiмдеушi нарықтағы сатып алу-сату жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткiзуге (сатуға) тыйым салуды сақтау

энергия өндiрушы ұйым үшiн

53

электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндiретiн электр энергиясының көлемiнiң он процентiнен аспайтын), теңгерiмдеушi нарықты және экспортқа өткiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, тиiсiнше шектi, есептiк немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткiзудi жүзеге асыру бойынша мiндетiн орындау

54

заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiм жасасуға, онда көзделген инвестициялық мiндеттемелердi орындауға және олардың орындалуы туралы есептi жыл сайын уәкiлеттi органға табыс ету бойынша мiндетiн орындау

55

инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есептi уәкiлеттi органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға жыл сайын табыс ету бойынша мiндетiн орындау

56

электр энергиясын тиiсiнше шектi, есептiк немесе жеке тарифтен асырып өткiзген жағдайда, энергия өндiрушi ұйым, электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндiретiн электр энергиясы көлемiнiң он процентiнен аспайтын), теңгерiмдеушi нарықта және экспортқа өткiзу нәтижесiнде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектiлерiне асып кеткен соманы қайтару мiндетiн орындау

57

энергия өндiрушi ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган енгiзген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлерiне инвестициялық бағдарламаны орындау үшiн көзделген және оны iске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтару мiндетiн орындау

58

инвестициялық бағдарлама оны iске асыру басталғанға дейiн уәкiлеттi органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және көрсетiлген мемлекеттiк органдармен инвестициялық шартты белгiлеген тәртiппен инвестициялық бағдарламалардың негiзiнде жасауға ұсыну бойынша мiндетiн орындау

59

есептiк тарифтi инвестициялық шартты жасасқан кезден бастап қолдану

60

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзiрленген және бекiтiлген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негiздемесiнде айқындалған электр энергиясының бағасынан аспайтын есептiк тарифтi қолдану бойынша талапты сақтау

Ескерту: «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы – Заң

Тексерудi жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
______________________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (А.Ә.Т)

Тексерiлетiн субъектiнiң өкiлi:
______________________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (А.Ә.Т)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina