ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы N 143 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 наурыздағы N 123 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6123 болып енгізілді
Медициналық қызмет көрсету, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы салаларында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 19-бабының 5-тармағына, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған Медициналық қызмет көрсету, дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы салаларында тексеру парақтарының нысандары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық және фармацевтикалық қызметтi бақылау комитетi (Баймұқанов С.А.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты оның мемлекеттiк тiркелуiнен кейiн ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бiрлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.А. Бiртановқа жүктелсiн.
5. Осы бiрлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен күшiне енедi, оны алғаш ресми жариялаған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, 2011 жылдың 1 қаңтарына дейiн күшiн сақтайды.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Экономика және бюджеттiк
министрiнiң мiндетiн жоспарлау министрi
атқарушы __________ Б. Сұлтанов
__________ Б. Садықов

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетушi медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Ұйымның атауы _____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт ___________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы _________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ____________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Медициналық қызмет көрсету лицензиясы, лицензияға қосымшаларының болуы (нөмiрi, сериясы, берiлген күнi)

2.

Дәрiгерлермен, орта медициналық қызметкерлермен бiрлiктермен толықтырылуы (қосымша қызмет коэффициентi) (%)

3.

Медициналық қызметкерлерде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрiгерлердiң санына шаққанда %, жалпы орташа медициналық қызметкерлердiң санына шаққанда %)

4.

Мамандар санаттылығының деңгейi (санаттар бойынша %)

5.

Қызметкерлердiң соңғы 5 жылда мамандықты жетiлдiру курсынан өтуi туралы куәлiгiнiң болуы (қызметкерлердiң жалпы санына шаққанда %)

6.

Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арнаған дәрiлiк заттардың болуы

7.

Медициналық құралдарды тиiмдi пайдалану (%)

8.

Медициналық құралдармен жабдықталу деңгейлерiнiң белгiленген нормативтерiне сәйкестiк медициналық құралдардың тозуы

9.

Тiркеу-есеп құжаттарын жүргiзу сапасы, жұмыс үрдiсiн құжаттау

10.

Пациенттер мен аурухана қызметкерлерiнiң инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу iс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирустық гепатит

11.

Бекiтiлген тұрғындардың, оның iшiнде жұмысқа жарамдылары арасындағы жалпы өлiм саны көрсеткiшiнiң өсуi немесе төмендеуi

12.

Бекiтiлген тұрғындардың арасындағы ана өлiмi оқиғалары саны

13.

Бекiтiлген тұрғындардың арасындағы сәбилер өлiмi оқиғалары саны

14.

Пациенттердi тегiн және жеңiлдiктi рецептермен қамсыздандыру

15.

Аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеудiң жаңа әдiстерi мен құралдары

16.

Декреттелген тұрғындарды жоспар бойынша жыл сайын профилактикалық тексеруден өткiзу, декреттелген тұрғындарды профилактикалық тексерумен қамту

17.

Жүктiлiктiң белгiлерiн ерте анықтау (12 аптаға дейiн) және жүктiлiктiң асқынулары профилактикасы мақсатында АМСК-дер кезiнде қадағалауға алу

18.

Физиологиялық және патологиялық жүктiлiк кезiнде әйелдердi жүргiзу

19.

0 ден 1 жасқа дейiнгi балаларды диспансерлеу тәртiбiн сақтау

20.

Перзентханадан шыққан сәбилердi дер кезiнде және толық патронажбен қамту

21.

0 ден 5 жасқа дейiнгi балалардың үйде өлуi оқиғаларының санының өсуi немесе төмендеуi

22.

Басымды болып табылатын медициналық көмек көрсетiлетiн аурулардан үйде өлген еңбекке жарамды тұлғалар санының өсуi немесе төмендеуi

23.

Басымды болып табылатын медициналық көмек көрсетiлетiн аурулар бойынша еңбекке жарамды тұлғалардың алғаш рет мүгедектiкке шығу оқиғаларының санының өсуi немесе төмендеуi

24.

Профилактикалық егу жүргiзу, жоспарлау бағасы және профилактикалық егулердiң күнтiзбектiк мерзiмiн сақтау

25.

Стационарды алмастыратын технологияларды енгiзу (күндiзгi стационар)

26.

Диагностиканың дер кезiнде қойылмауы және асқынған қатерлi iсiктердiң саны

27.

Ауру белгiлiлерi алғаш анықталған науқастар арасындағы асқынған туберкулез формаларының саны

28.

Медициналық құжаттардың сараптамасы (амбулаториялық карталар)

29.

Iшкi бақылау қызметi (аудит) - жұмысының көрсеткiштерi

1) Пациенттердiң өтiнiштерiн қарау нәтижелерi

2) Ұйым бөлiмшелерi қызметi тиiмдiлiгiн талдау

3) Медициналық қызмет сапасы кем тиiмдiлiгiн арттыруға және кемшiлiктердi жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзiрлеу

4) Медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердi оқыту және әдiстемелiк көмек

5) Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету ережелерiн сақтау

Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы,
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы,
АМСК – алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетушi медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Медициналық қызмет көрсету лицензиясы, лицензияға қосымшаларының болуы (нөмiрi, сериясы, берiлген күнi)

2.

Дәрiгерлермен, орта медициналық қызметкерлермен бiрлiктермен толықтырылуы (қосымша қызмет коэффициентi) (%)

3.

Медициналық қызметкерлерде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрiгерлердiң санына шаққанда %, жалпы орташа медициналық қызметкерлердiң санына шаққанда %)

4.

Мамандар санаттылығының деңгейi (санаттар бойынша %)

5.

Қызметкерлердiң соңғы 5 жылда мамандықты жетiлдiру курсынан өтуi туралы куәлiгiнiң болуы (қызметкерлердiң жалпы санына шаққанда %)

6.

Тiркеу-есеп құжаттарын жүргiзу сапасы, жұмыс үрдiсiн құжаттау

7.

Пациенттер мен аурухана қызметкерлерiнiң инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу iс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирустық гепатит

8.

Пациенттер мен медициналық қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау, АIЖ оқиғаларының болуы, АIЖ себептерiн тексеру, болдырмау шаралары

9.

Стационарлық көмек нысанында көрсетiлетiн ТМККК көрсету Ережелерiн сақтау

10.

Медициналық құралдарды тиiмдi пайдалану (%)

11.

Негiзсiз госпиталдау оқиғаларының өткен жылмен салыстырғандағы саны (1-3 күнге жатқызу)

12.

Жоспарлы госпиталдау барысындағы өлiм оқиғаларының саны

13.

Жоспарлы госпиталдау барысында операциядан кейiнгi өлiм-жiтiмi оқиғалары

14.

Ана өлiмi оқиғалары саны

15.

Сәбилер өлiмi оқиғалары саны

16.

Ауруханаiшiлiк жұқпа көрсеткiштерi

17.

Қайта түсу көрсеткiштерi (бiр айдың iшiнде бiр аурудың қайталануы)

18.

Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың сәйкес келмеуi оқиғалары

19.

Профилактиканың, диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану

20.

Медициналық көрсеткiштер бойынша қан препараттары және компоненттерiмен қамсыздандыру

21.

Iшкi бақылау қызметi (аудит) - науқастардың өтiнiштерiн қарастыру нәтижелерi

1) Пациенттердiң өтiнiштерiн қарау нәтижелерi

2) Ұйым бөлiмшелерi қызметi тиiмдiлiгiн талдау

3) Медициналық қызмет сапасы кем тиiмдiлiгiн арттыруға және кемшiлiктердi жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзiрлеу

4) Медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердi оқыту және әдiстемелiк көмек

5) Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету ережелерiн сақтау

Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы,
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы,
АIЖ – ауруханiшiлiк жұқпалар,
ТМККК - тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетушi медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Медициналық қызмет көрсету лицензиясы, лицензияға қосымшаларының болуы (нөмiрi, сериясы, берiлген күнi)

2.

Дәрiгерлермен, орта медициналық қызметкерлермен бiрлiктермен толықтырылуы (қосымша қызмет коэффициентi) (%)

3.

Медициналық қызметкерлерде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрiгерлердiң санына шаққанда %, жалпы орташа медициналық қызметкерлердiң санына шаққанда %)

4.

Мамандар санаттылығының деңгейi (санаттар бойынша %)

5.

Қызметкерлердiң соңғы 5 жылда мамандықты жетiлдiру курсынан өтуi туралы куәлiгiнiң болуы (қызметкерлердiң жалпы санына шаққанда %)

6.

Медициналық құралдарды тиiмдi пайдалану

7.

Медициналық құралдармен жабдықталу деңгейлерiнiң белгiленген нормативтерiне сәйкестiк (%)
Медициналық құралдардың тозуы (%)

8.

Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арнаған дәрiлiк заттардың болуы

9.

Бiр ауру түрi бойынша алғашқы шақырудан кейiн бiр тәулiк iшiнде бiрнеше қайталап шақырудың үлестiк салмағы (нақты оқиғалар, талдау)

10.

Жедел көмек бригадасының уақытты асырып келу шақыруларының есеп беру кезеңiндегi үлестiк салмағы (себептердi талдау)

11.

Шақырулар кезiндегi өлiм оқиғаларының саны (бригада келгенге дейiнгi өлiм, бригада келгеннен кейiнгi өлiм)

12.

Медициналық айғақтарсыз науқастарды госпиталдауға жеткiзудiң үлестiк салмағы

13.

1 шақыруға жұмсалған уақыт

14.

АМСК ұйымдарына берiлген активтердiң үлестiк салмағы

15.

Госпиталданған науқасқа жедел медициналық көмек бригадасы мен стационарда қойылған диагноздардың қарама-қайшылығы

16.

Негiзделген шағымдардың өткен жылдың осы уақытымен салыстырғандағы жалпы саны (шағымдардың себебi)

17.

Тiркеу-есеп құжаттарын жүргiзу сапасы, жұмыс үрдiсiн құжаттау

18.

Iшкi бақылау қызметi (аудит) - науқастардың өтiнiштерiн қарастыру нәтижелерi

1) Пациенттердiң өтiнiштерiн қарау нәтижелерi

2) Ұйым бөлiмшелерi қызметi тиiмдiлiгiн талдау

3) Медициналық қызмет сапасы кем тиiмдiлiгiн арттыруға және кемшiлiктердi жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзiрлеу

4) Медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердi оқыту және әдiстемелiк көмек

5) Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету ережелерiн сақтау

Ескерту: АМСК – алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Сот медицинасы және оның филиалдарына арналған тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы әдiлет органында тiркелген, белгiленген тәртiппен бекiтiлген (Ереже) Жарғының болуы

2.

Қазақстан Республикасы әдiлет органы берген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң болуы

3.

Штаттық бiрлiктермен толықтырылуы (%)

4.

Мамандар санаттылығының деңгейi (санаттар бойынша %)

5.

Сот-медициналық сараптама жүргiзу құқығын берушi бiлiктiлiк куәлiктiң болуы (%)

6.

Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң сот-медициналық сарапшылары Мемлекеттiк тiркеуiне енгiзе отырып, сарапшыларды аттестаттау туралы куәлiктiң болуы (%)

7.

Маман сертификаттарының болуы (жалпы бағыттағы сарапшылар үшiн (%))

8.

Қызметкерлердiң соңғы 5 жылда мамандықты жетiлдiру курсынан өтуi туралы куәлiгiнiң болуы (%)

9.

Медициналық құралдарды тиiмдi пайдалану (%)

10.

Медициналық құралдармен жабдықталу деңгейлерiнiң белгiленген нормативтерiне сәйкестiк (%)
Медициналық құралдардың тозуы (%)

11.

Реактивтермен қамтамасыз ету (%)

12.

Сапасыз сараптама зерттеулерi оқиғасының саны (нақты деректер - cараптаманың №, жүргiзiлу уақыты, сарапшы, нақты дерек бойынша iшкi тергеудiң болуы)

13.

Сараптаманы жүргiзу мерзiмдерiнiң белгiленген уақыттан кешiктiрiлуi оқиғалары саны (нақты деректер - сараптаманың №, жүргiзiлу уақыты, сарапшы, нақты дерек бойынша iшкi тергеудiң болуы)

14.

Патогистологиялық және сот-медициналық диагноздардың сәйкес келмеуi оқиғалары (мысалдар, себептер, сарапшылардың қорытындылары)

15.

Қайталанған, кешендiк, қосымша сараптамалардың саны (себептердi талдау)

16.

Эксгумациялау сараптамаларының қайталану саны (талдау, себептерi, сарапшылардың қорытындылары)

17.

Сот-медициналық сарапшыға түсетiн нақты жүктеме %

18.

Тiркеу-есеп құжатын жүргiзу сапасы

19.

Iшкi бақылау қызметi (аудит) - науқастардың өтiнiштерiн қарастыру нәтижелерi

1) Пациенттердiң өтiнiштерiн қарау нәтижелерi

2) Ұйым бөлiмшелерi қызметi тиiмдiлiгiн талдау

3) Медициналық қызмет сапасы кем тиiмдiлiгiн арттыруға және кемшiлiктердi жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзiрлеу

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндiрушi ұйымдарға арналған тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Фармацевтикалық қызметке берiлген мемлекеттiк лицензияның болуы

2.

Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiмен айналысуға арналған мемлекеттiк лицензияның болуы

3.

Нысанның бөлмелерiнiң құрамының, көлемiнiң, жабдықтарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi

4.

Өндiрiлген және әкелiнген дәрiлiк заттардың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосымша заттар болмауы тиiс

5.

Дәрiлiк заттарды өндiру үшiн қажеттi дәрiлiк субстанциялар мен жартылай өнiмдердi тек қана дәрiлiк заттарды өндiруге немесе дәрiлiк заттарды көтерме сатуға құқығын куәландыратын құжаты бар тұлғалардан сатып алуы

6.

Дайын дәрiлiк заттарды тiркеу кезiнде ұсынылған дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтi-техникалық құжатқа сәйкес тиiстi өндiрiс тәжiрибиесi жағдайында жасалған және дәрiлiк субстанциялардан басқа, Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлiк субстанцияларды немесе жартылай өнiмдердi қолдануы

7.

Ұйымның өнiм стандартында көрсетiлген стандарттау бойынша нормативтiк құжатқа сәйкес өндiру үдерiсiнде қосымша заттарын шығыс және буып-түю материалдарын пайдалануы

8.

Шығарылатын дайын өнiмдердi медициналық немесе фармацевтикалық қызмет түрiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тұлғаларға сатуы

9.

Белгiленген сапа талаптарына сәйкес болмауы анықталғанда немесе болжанғанда өндiрiлген және сатылған дайын өнiмнiң кез-келген сериясын қайтарып алу жүйесiнiң болуы

10.

Дәрiлiк заттардың тұрақтылығына сынау жүргiзу

11.

Технологиялық үдерiстi, қажеттi құралдар мен жабдықтарды қолдана отырып өндiрушi ұйымның технологиялық регламентiне сәйкес осы мақсатқа тағайындалған орындарда бiлiктi мамандар iске асыруы және бақылауы

12.

Бекiтiлген технологиялық регламенттiң сақталуы

13.

Шикiзат сынамаларын сұрыптау бойынша нұсқаулықтың болуы

14.

Кiрiс шикiзатының нәтижелерiн тiркеу журналының болуы

15.

Бекiтiлген өндiрiстiк нұсқаулардың, технологиялық нұсқаулардың болуы

16.

Зарарсыздандыру процесiне және оның тиiмдiлiгiне бақылау жүргiзу

17.

Бiрiншiлiк және екiншiлiк буып-түю материалдарын қолдану жөнiнде нұсқаулықтың болуы

18.

Буып-түю материалдарының заттардың химиялық құрамына сәйкестiгi

19.

Таңбалау кезiнде қабылдау тәртiбi мен таңбалау материалдарын идентификациялауын айқындайтын нұсқаулықтың болуы

20.

Буып-түю және таңбалау материалдарының сақтау шарттары мен сақталуын қамтамасыз етудi бақылау

21.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрбiр өндiрiстiк сериясына дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сериялары хаттамасының болуы

22.

Дәрiлiк заттар, медициналық бұйым мен медицина техникасын өндiру және оны қолдану туралы толық регламент болуы

23.

Барлық технологиялық және операцияға көмектесетiн процестер дәрiлiк заттарды өндiретiн арнайы ұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы тiркеудi қамтамасыз етуi

24.

Өндiру орнының тарихынан әрбiр ұжымның өнiмiн бақылауды қамтамасыз ету

25.

Дәрiлiк заттардың өндiрiлуiн медициналық және медициналық техникасының құжаттарын бiр жыл мерзiмiнде сақтауды қамтамасыз етудi

26.

Құжаттардың және өндiрiстiң өзгеру процесiн қадағалауды қамтамасыз ету

27.

Мұрағаттағы материалдарды және құжаттарды мерзiмiне қарай сақтауды қамтамасыз ету

28.

Құжаттарда көрсетiлген талаптарды дұрыс түсiндiру және өз уақытында қаралатын ұйым құжаттарын қарау

29.

Тек қана қызметке сай мамандарға құжаттарды қарауды жүктеу

30.

Қажеттi нормативтiк құжаттардың болуы

31.

Сапаға бақылау жүргiзу

32.

Сапа бақылау қызметiн жүргiзу

33.

Сынақтарды жүргiзу және дәрiлiк заттарды сақтау және қайта бақылау мерзiмiн бекiту

34.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын таңбалау ережесiнiң сақталуы

35.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының тiркеу құжатына өзгертулер енгiзу тәртiбiнiң сақталуы

36.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сырттан әкелу тәртiбiнiң сақталуы

37.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сыртқа әкету тәртiбiнiң сақталуы

38.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы

39.

Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы)

40.

Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткiшiн тiркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткiштерiнiң тiркелуi

41.

Фармацевтикалық бiлiмi бар мамандардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi; бiлiмiнiң, еңбек өтiлiнiң, атқарып отырған лауазымына сәйкестiгiне аттестациядан өтуi, тиiстi мерзiмде бiлiктiлiктi арттыру курстарын өтуi (маманның дипломы, еңбек кiтапшасы, лауазымдарға тағайындау туралы бұйрықтар, бiлiктiлiктi арттыру курстарын өткенi, аттестациядан өткенi туралы куәлiктер)

42.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының жарамдылық мерзiмдерiнiң қадағалануы

43.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндiру, қолдану, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

44.

Серификаттаудан өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

45.

Жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндiру, сатып алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

46.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының жанама әсерлерiнiң мониторингiн жүргiзу

47.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын жою тәртiбiнiң сақталуы

48.

Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға алынған наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды бөлшектеудiң, сырттан әкелу мен әкетудiң, тасымалдаудың, жөнелтудiң, сақтаудың белгiленген квоталарының сақталуы

49.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау тәртiбi

50.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың сақталуын және есебiн қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуы

51.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау бөлмелерiнiң iшкi iстер органдарымен немесе келiсiм-шарт негiзiнде күзет қызметiн атқаратын субъектiлермен күзету қызметiн көрсетудiң қамтамасыз етiлуi

52.

Аумақтық наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысымен күрес жүргiзетiн iшкi iстер органының нысанды және бөлмелердi наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы

53.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлген тұлғалардың тiзiмi

54.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды жөнелтудi, жiберулердi тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғамен (жеткiзушiмен) жiберулердi қабылдау, тасымалдау және жеткiзу шарттары көрсетiлген келiсiм-шартының болуы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет нысандарына арналған тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Фармацевтикалық қызметке берiлген мемлекеттiк лицензияның болуы

2.

Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiмен айналысуға арналған мемлекеттiк лицензияның болуы

3.

Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде фармацевтикалық қызмет субъектiсiнiң атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны және жұмыс тәртiбi көрсетiлген маңдайшаның болуы

4.

Көрнектi жерде фармацевтикалық қызметке лицензиясының және оған тиiстi қосымшаның көшiрмелерiнiң болуы

5.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнiң телефондары және мекен-жайлары туралы ақпараттың болуы

6.

Пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабының болуы

7.

Фармацевтикалық анықтама қызметiнiң телефон нөмiрлерi туралы ақпараттың болуы

8.

Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi, анықтамалық әдебиеттердiң болуы

9.

Нысанның бөлмелерiнiң құрамының, көлемiнiң, жабдықтарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi

10.

Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы)

11.

Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткiшiн тiркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткiштерiнiң тiркелуi

12.

Фармацевтикалық бiлiмi бар мамандардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi; бiлiмiнiң, еңбек өтiлiнiң, атқарып отырған лауазымына сәйкестiгiне аттестациядан өтуi, тиiстi мерзiмде бiлiктiлiктi арттыру курстарын өтуi (маманның дипломы, еңбек кiтапшасы, лауазымдарға тағайындау туралы бұйрықтар, бiлiктiлiктi арттыру курстарын өткенi, аттестациядан өткенi туралы куәлiктер)

13.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау және өткiзу кезiнде сапасын бақылаудың жүзеге асырылуы

14.

Iлеспе құжаттарын толтыру тәртiбiнiң сақталуы

15.

Сәйкестiк сертификатының немесе оның көшiрмесiнiң болуы

16.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сериялық есебiнiң, соның iшiнде жарамдылық мерзiмiнiң есебi жүргiзiлуi

17.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

18.

Жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

19.

Серификаттаудан өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

20.

Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, өткiзу

21.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы

22.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сырттан әкелу тәртiбiнiң сақталуы

23.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сыртқа әкету тәртiбiнiң сақталуы

24.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын жою тәртiбiнiң сақталуы

25.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау тәртiбi

26.

Сейфтiң, шкафтың есiгiнiң iшкi бетiнде сақталынып отырған дәрiлiк заттардың жоғары бiр реттiк және тәулiктiк мөлшерi көрсетiлген тiзiмiнiң болуы

27.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың сақталуын және есебiн қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуы

28.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау бөлмелерiнiң iшкi iстер органдарымен немесе келiсiм-шарт негiзiнде күзет қызметiн атқаратын субъектiлермен күзету қызметiн көрсетудiң қаматамасыз етiлуi

29.

Аумақтық наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысымен күрес жүргiзетiн iшкi iстер органының нысанды және бөлмелердi наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы

30.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлген тұлғалардың тiзiмi

31.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды жөнелтудi, жiберулердi тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғамен (жеткiзушiмен) жiберулердi қабылдау, тасымалдау және жеткiзу шарттары көрсетiлген келiсiм-шартының болуы

32.

Заттық-сандық есепке алынатын құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың есебiн жүргiзу журналының жүргiзiлуi

33.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың нақтылығын салыстыру (ай сайынғы салыстыру актiлерiнiң болуы)

34.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың қабылдануы және жұмсалуы туралы барлық құжаттардың сақталу және жойылу талаптарының сақталуы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет нысандарына арналған тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Фармацевтикалық қызметке берiлген мемлекеттiк лицензияның болуы

2.

Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiмен айналысуға арналған мемлекеттiк лицензияның болуы

3.

Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде фармацевтикалық қызмет субъектiсiнiң атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны және жұмыс тәртiбi көрсетiлген маңдайшаның болуы

4.

Халықтың танысуы үшiн ыңғайлы жерде фармацевтикалық қызметке лицензиясының және оған тиiстi қосымшаның көшiрмелерi iлiнуi

5.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнiң телефондары және мекен-жайлары туралы ақпараттың болуы

6.

Пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабының болуы

7.

«Дәрiлiк заттар балаларға босатылмайды» деген ақпараттың болуы

8.

«Дәрiгердiң рецептi бойынша босатылуға арналған дәрiлiк заттарды рецептурiсiз өткiзуге тыйым салынады» деген ақпараттың болуы

9.

Фармацевтикалық анықтама қызметiнiң телефон нөмiрлерi туралы ақпараттың болуы

10.

Науқастарды амбулаториялық емдеу кезiнде қамтамасыз етуге арналған тегiн және (немесе) жеңiлдiктi рецептiлер бойынша босатылатын дәрiлiк заттар мен арнайы дәрiлiк өнiмдердiң тiзiмiнiң болуы (дәрiлiк заттар мен арнайы дәрiлiк өнiмдердi тегiн және (немесе) жеңiлдiкпен босататын дәрiханалар үшiн)

11.

Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi, анықтамалық әдебиеттердiң болуы

12.

Нысанның бөлмелерiнiң құрамының, көлемiнiң, жабдықтарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi

13.

Витринаға рецептiмен босатылатын дәрiлiк заттардың қойылуы

14.

Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы)

15.

Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткiшiн тiркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткiштерiнiң тiркелуi

16.

Фармацевтикалық бiлiмi бар мамандардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi; бiлiмiнiң, еңбек өтiлiнiң, атқарып отырған лауазымына сәйкестiгiне аттестациядан өтуi, тиiстi мерзiмде бiлiктiлiктi арттыру курстарын өтуi (маманның дипломы, еңбек кiтапшасы, лауазымдарға тағайындау туралы бұйрықтар, бiлiктiлiктi арттыру курстарын өткенi, аттестациядан өткенi туралы куәлiктер)

17.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау және өткiзу кезiнде сапасын бақылаудың жүзеге асырылуы

18.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарамдылық мерзiмдерiнiң қадағалануы

19.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

20.

Жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

21.

Серификаттаудан өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткiзу

22.

Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, өткiзу

23.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы

24.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының жанама әсерлерiнiң мониторингiн жүргiзу

25.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын жою тәртiбiнiң сақталуы

26.

Дәрiлiк заттарды зауыттың түпнұсқа қаптамасын бұзып өткiзу

27.

Рецептердiң белгiленген үлгiдегi бланкiлерде жазылуы

28.

Дәрiлiк заттарды босатудың жоғары бiр реттiк және тәулiктiк нормаларының сақталуы

29.

Рецептердiң әрекет ету мерзiмiнiң сақталуы

30.

«Рецепт жарамсыз» деген мөрдiң болуы

31.

Тегiн және жеңiлдiктi дәрiлiк заттарды алуға арналған рецептiге қол қою құқығы бар дәрiгерлердiң тiзiмi және қол қою үлгiлерiнiң болуы

32.

Дұрыс жазылмаған рецептердi тiркеу журналының болуы

33.

Дұрыс жазылмаған рецептер фактiлерi бойынша қолданылған шаралар

34.

Рецептiлердiң сақталу мерзiмi мен жойылуы

35.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау тәртiбi

36.

Сейфтiң, шкафтың есiгiнiң iшкi бетiнде сақталынып отырған дәрiлiк заттардың жоғары бiр реттiк және тәулiктiк мөлшерi көрсетiлген тiзiмiнiң болуы

37.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың сақталуын және есебiн қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуы

38.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау бөлмелерiнiң iшкi iстер органдарымен немесе келiсiм-шарт негiзiнде күзет қызметiн атқаратын субъектiлермен күзету қызметiн көрсетудiң қамтамасыз етiлуi

39.

Аумақтық наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысымен күрес жүргiзетiн iшкi iстер органының нысанды және бөлмелердi наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы

40.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлген тұлғалардың тiзiмi

41.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды жөнелтудi, жiберулердi тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғамен (жеткiзушiмен) жiберулердi қабылдау, тасымалдау және жеткiзу шарттары көрсетiлген келiсiм-шартының болуы

42.

Заттық-сандық есепке алынатын құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың есебiн жүргiзу журналының жүргiзiлуi

43.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың нақтылығын салыстыру (ай сайынғы салыстыру актiлерiнiң болуы)

44.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың қабылдануы және жұмсалуы туралы барлық құжаттардың сақталу және жойылу талаптарының сақталуы

45.

Наркотикалық препараттарға рецепт жазуға құқылы дәрiгерлердiң қол қою үлгiсi мен жеке мөрiнiң, таңбасының болуы

46.

Өндiрiстiк-рецептiлiк бөлiмнiң жұмысын ұйымдастыру (тиiстi бөлмелердiң, қондырғылардың, персоналдың болуы)

47.

Тазартылған суды алуға, тасымалдауға, сақтауға қойылатын талаптардың сақталуы

48.

Дәрiлiк препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау технологиясының сақталуы

49.

Дәрiлiк препараттарды асептикалық жағдайда дайындауға қойылатын талаптардың сақталуы

50.

Дәрiлiк заттарды, қосалқы материалдарды, дәрiханалық ыдыстар мен тығындау заттарын зарарсыздандыру режимiнiң сақталуы

51.

Дайындалған дәрiлiк препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тиiсiнше таңбалаумен және қораптаумен қамтамасыз ету

52.

Дайындалған дәрiлiк препараттарға дәрiханаiшiлiк бақылау жүргiзу тәртiбiнiң сақталуы

53.

Дәрiханада дайындалған дәрiлiк препараттардың сақталу мерзiмi туралы ақпараттың болуы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 143 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 123 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

Нысан

Медициналық ұйымдарға арналған дәрiлiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күнi)
Субъектiнiң атауы ________________________________________________
Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________________

№ р/н

Талаптар

1

2

1.

Медициналық қызметке берiлген мемлекеттiк лицензияның болуы

2.

Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiмен айналысуға арналған мемлекеттiк лицензияның болуы

3.

Медициналық ұйымның дәрiлiк заттарға қажеттiлiгiн анықтауы

4.

Дәрiлiк заттарды амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi фармацевтикалық қызметтердi сатып алу

5.

Дәрiлiк заттарды жеткiзу, бөлу (қайта бөлу), сақтау және есепке алу

6.

ТМККК шеңберiнде дәрiлiк заттарды пайдалануы (тағайындауы)

7.

Дәрiлiк заттардың жанама әсерлерiне мониторингтi жүзеге асыруды және дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету туралы есептiлiктi ұсынуы

8.

ТМККК-де көзделген дәрiлiк заттарды сатып алу

9.

Медицина ұйымының формулярлық комиссиясының болуы

10.

Медицина ұйымының бекiтiлген дәрiлiк формулярының болуы

11.

Дәрiлiк заттардың пайдалануына (тағайындауына) талдау жүргiзiлуi

12.

Дәрiлiк заттарды тиiмдi пайдалану мәселеслерiн реттеуге талдау жүргiзiлуi

13.

ТМККК шеңберiнде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрiлiк заттар медицина ұйымдарында медициналық құжаттамада сомалық және сандық мәнде және дәрiлiк заттарды пайдалануды есепке алынуы

14.

ТМККК шеңберiнде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрiлiк заттардың сақталуы мен есебiнiң қамтамасыз етiлуi

15.

Ақылы қызметтер көрсету үшiн медицина ұйымының қаражаты есебiнен сатып алынған дәрiлiк заттардың бөлек сақталуы және есепке алынуы

16.

ТМККК шеңберiнде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету үшiн түскен дәрiлiк заттардың медицина ұйымының арнайы мөртаңбасымен белгiленеуi

17.

Медицина ұйымдарында сақталатын дәрiлiк заттарды түгендеудiң жүргiзiлуi

18.

Жедел жәрдем көрсету кезiнде көрсетiлген жедел жәрдем туралы пайдаланылған дәрiлiк заттардың атаулары мен көлемдерi көрсетiлген ақпарат денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша медициналық құжаттамада көрсетiлуi

19.

Стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететiн медицина ұйымдарында азаматтарды медициналық емдеу шараларын жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ дәрiлiк заттарды енгiзу және енгiзiлуiн бақылау

20.

Тағайындау парағынының жүргiзiлуi

21.

ТМККК шеңберiнде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезiнде азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету

22.

ТМККК шеңберiнде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезiнде азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету туралы пациенттерге арналған ақпараттардың iлiнуi

23.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшiн сатып алынған барлық дәрiлiк заттар сомалық және сандық түрде дәрiлiк заттарды пайдалануды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасында есепке алынуы

24.

Рецептердiң жазылуға қойылатын талаптары сақтала отырып белгiленген үлгiдегi бланктерде толтырылуы

25.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техникасын сақтау бөлмелерi

26.

Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы)

27.

Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткiшiн тiркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткiштерiнiң тiркелуi

28.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мерзiмдерiнiң қадағалануы

29.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы

30.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, тасымалдау, сақтау, жарнамалау, қолдану

31.

Жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, тасымалдау, сақтау, жарнамалау, қолдану

32.

Серификаттаудан өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, тасымалдау, сақтау, қолдану

33.

Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, қолдану

34.

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының жанама әсерлерiнiң мониторингiн жүргiзу

35.

Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын жою тәртiбiнiң сақталуы

36.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау тәртiбi

37.

Сейфтiң, шкафтың есiгiнiң iшкi бетiнде сақталынып отырған дәрiлiк заттардың жоғары бiр реттiк және тәулiктiк мөлшерi көрсетiлген тiзiмiнiң болуы

38.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың сақталуын және есебiн қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуы

39.

Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды сақтау бөлмелерiнiң iшкi iстер органдарымен немесе келiсiм-шарт негiзiнде күзет қызметiн атқаратын субъектiлермен күзету қызметiн көрсетудiң қамтамасыз етiлуi

40.

Аумақтық наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысымен күрес жүргiзетiн iшкi iстер органының нысанды және бөлмелердi наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы

41.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлген тұлғалардың тiзiмi

42.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды жөнелтудi, жiберулердi тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғамен (жеткiзушiмен) жiберулердi қабылдау, тасымалдау және жеткiзу шарттары көрсетiлген келiсiм-шартының болуы

43.

Заттық-сандық есепке алынатын құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың есебiн жүргiзу журналының жүргiзiлуi

44.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың нақтылығын салыстыру (ай сайынғы салыстыру актiлерiнiң болуы)

45.

Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың қабылдануы және жұмсалуы туралы барлық құжаттардың сақталу және жойылу талаптарының сақталуы

Ескерту: ТМККК - тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina