ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 47-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 104 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6121 болып енгізілді
Табиғат пайдаланушылардың тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексiнiң 17-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған Табиғат пайдаланушыларды тексеру жөнiндегi-тексерiс парағының нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Экологиялық реттеу және бақылау комитетi (С.Х. Мұташев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi М.А. Тұрмағамбетовке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны Экономика және бюджеттiк
қорғау министрi жоспарлау министрi
____________Н. Әшiмов _____________Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрiнiң 2010 жылғы
23 ақпандағы № 47-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 104 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлдi

Нысан

Табиғат пайдаланушыларды тексеру жөнiндегi тексерiс парағы

Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган,_____________________
______________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы актi _____________________________
(№, күнi)
Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________
______________________________________________________________
СТН (ЖСН, БСН) _______________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
______________________________________________________________

р/с №

Талаптар

Қажеттiлiгi жөнiнде белгi (иә/жоқ)

Шаруашылық және өзге де қызмет субъектiлерiне жалпы талаптар

1

мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыруға жобалардың бар болуы, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларында қамтылған талаптардың орындалуы

2

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттардың бар болуы, рұқсатта көрсетiлген шарттардың сақталуы

3

заңды тұлғаның теңгерiмiндегi объектiлер тiзбесiнiң, салынып жатқан немесе қайта құрылып жатқан объектiлер тiзбесiнiң бар болуы, олар бойынша жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларының бар болуы

4

қоршаған ортаға эмиссиялар көздерiнiң тiзбесi (оның iшiнде ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған)

5

шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының бар болуы

6

бұрын өткiзiлген тексерулер нәтижелерi бойынша берiлген нұсқамасының орындалуы

7

қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға бағытталған табиғат қорғау iс-шаралар жоспарының (техникалық параметрлер бойынша нақтылаумен: аз қалдықты технологияларды ендiру, жабдықты ауыстыру, торапты, цехтi және тағы басқаларын қайта құру, тексерiс барысында технологиялық көрсеткiштермен расталған нәтижелердiң тиiмдiлiгi, толықтығы және дұрыстығы), экологиялық бағдарламалардың бар болуы, олардың орындалуы

8

өндiрiстiк экологиялық бақылаудың бар болуы

9

мiндеттi немесе бастамашылық экологиялық аудит өткiзген кезде оның қорытындысы бойынша экологиялық аудит есебi

10

Салынған әкiмшiлiк айыппұлдар мен талаптардың аударылған сомалары жөнiндегi мәлiметтердi, табиғат қорғау iс-шараларына аударылған қаражатты көрсететiн құжаттар

11

қоршаған ортаны қорғау саласындағы зертханалық-талдау қызметiнiң бар болуы және олардың қызметiнiң нәтижелерi немесе басқа мамандырылған аккредиттелген зертханалармен шарттардың бар болуы, олардың жұмыстарын талдау және нәтижелерi

12

өндiрiстiк қызмет пайдаланылатын шикiзат пен материалдардың көлемi және атауы, бухгалтерлiк есеп құжаттары бойынша

13

«Атмосфералық ауаны қорғау туралы (2-ТП ауа)», «Суды пайдалану туралы (2-ТП су шаруашылығы)», «Улы қалдықтардың түзiлуi және жойылуы туралы (3-қауiптi қалдықтар)» статистикалық есептердiң бар болуы

14

табиғат пайдаланушылармен экологиялық талаптардың сақталуын растайтын материалдар

Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасының экологиялық талаптарын сақтау, оның iшiнде:

15

қоршаған ортаның ластану салдарларын жою бойынша шаралар жүргiзу

16

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптарды сақтау, оның iшiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану саласында

17

табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптарды сақтау

18

жердi жақсарту, жердiң тозуын туындататын процестер салдарларының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау бойынша iс-шаралар кешенiн жүргiзу

19

Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауды қамтамасыз ететiн кәсiпорындарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салу және қайта құру кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

20

кәсiпорындарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалануға енгiзу және пайдалану кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

21

жердiң бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргiзу барысында топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

22

пайдалы қазбалардың өнеркәсiптiк қорларын өндiрiп алу шамасына қарай немесе басқа да бұзылған процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердiң нысаналы мақсатына сай одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiру

23

қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келiсiм-шарттық талаптарды сақтау

24

жер қойнауын ластанудан, су басудан және кен орны мен басқа да қоршаған орта объектiлерiнiң бүлiнуiне әкеп соғатын техногендiк процестерден сақтауды жүзеге асыру

25

жер қойнауын пайдалану объектiлерiн консервациялау мен жою кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

26

жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

27

минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердi сақтау

28

жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды орындау

29

мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

30

iлеспе және (немесе) табиғи газды өртеу кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

31

мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарды барлау және бұрғылау кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

32

зиян заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және сарқынды сулардың жер қойнауына төгiлуi кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

33

Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму, ұңғымаларды және жабдықтарды консервациялау мен бөлшектеу ережелерiн сақтау

34

су сапасының нормативтерiн сақтау

35

жер үстi және жер асты суларын пайдалану кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

36

су қорғау аймағы мен жолағында экологиялық талаптарды сақтау

37

атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ, климатты және жердiң озон қабатын қорғау мәселелерi бойынша техникалық регламенттердiң, нормативтердi, ережелердi және өзге де талаптарды сақтау

38

кәсiпорындарды пайдалануға беру, қалдықтарды қоймалау және өртеу барысында шаруашылық және өзге де қызмет кезiнде атмосфералық ауаны қорғау бойынша талаптарды сақтау

39

елдi мекендердi, кәсiпорындар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, химиялық және өзге де заттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн сақтау

40

қоршаған ортаның ластануының алдын алу бойынша экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу ережелерiн сақтау

41

химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгiленген нормалар мен ережелердi сақтау

42

экологиялық рұқсаттармен белгiленген шарттарды орындау

43

өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен ережелерiн сақтау

44

ластаушы заттарды шығарудың, тастаудың стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлердiң санитарлық-қорғаныс аймақтарына қойылатын экологиялық талаптарды сақтау

45

Қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтi заттармен ластануының алдын алу жөнiндегi жобалық шешiмдердi орындау

46

тазарту ғимараттары жұмысының технологиялық регламенттерiн сақтау

47

өндiрiстiк экологиялық бақылау нормаларын және ережелерiн сақтау

48

қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен ережелерiн сақтау

49

мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi және оның шарттарын орындау туралы талаптарды сақтау

50

мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптарды сақтау

51

Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында теңiздiк ғылыми зерттеулердi жүргiзу кезiнде экологиялық талаптарды сақтау

52

қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерiн сақтау

Лауазымды тұлға (лар) _____________ _______ _______________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөнi)
Ұйым басшысы ___________________________________________ ___________
(аты-жөнi, лауазымы) (қолы)

Ескерту: осы Тексерiс парағы негiзгi болып табылады және келтiрiлген талаптар табиғат пайдаланушыларға олар жүзеге асырып жатқан қызмет түрлерiне сәйкес қолданылады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina