Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 163 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6161 болып енгізілді
Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.