Қазақстан Республикасы Јділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6154 болып енгізілді
Апелляциялық кеңестің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Заңын және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңын іске асыру мақсатында, сонымен бірге «Јділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Апелляциялық кеңес туралы ережесі; 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беру және оны қарау ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Јділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Јділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Јділет Вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков
|