Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 197 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6191 болып енгізілді
Агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлiктiк қауiпсiздiгi мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.