Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6198 болып енгізілді
Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру ережесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес, БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларының үлгі нысандары; 2) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерімен жолдама беру ережелері бекітілсін. 2. «Балық шаруашылығы ұйымдарының жолдама үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы № 16-01-07/81п (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4795 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылғы маусым-шiлдеде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Күрішбаев
|