Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6218 болып енгізілді
"Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 16)-тармақшасына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесi бекiтiлсiн. 2. Мынадай: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Төрағасының 2004 жылғы 8 қарашадағы «Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерiн пайдалануға биологиялық негiздеме әзiрлеу ережесiн бекiту туралы» № 106-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3245 болып тіркелген, жариялануы: Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж. № 1 нөмірімен жарияланған); 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi Төрағасының 2004 жылғы 18 қарашадағы «Жануарлар дүниесiн (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негiздеме әзiрлеу ережесiн бекiту туралы» № 245 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3256 болып тіркелген, «Құқықтық газетте» 2005 ж. 7 қазанында № 185-186 (919-920) нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Јділет министрілігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
|