ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі N 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6220 болып енгізілді
"Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5292 тiркелген, «Заң газетiнде» 2008 жылдың 10 қазанында № 155 (1555) жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Аталған бұйрықпен бекiтiлген, Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiнде:
кiрiспедегi «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет), оның аумақтық бөлiмшелерiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi – Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтiн бойынша «Комитет, оның аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздер «Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
бiрiншi абзацта:
«сырттай байқау әкiмшiлерiн тағайындау тiзiлiмiн,» деген сөздерден кейiн «оңалтушы басқарушыларды тағайындау тiзiлiмiн,» деген сөздермен толықтырылсын;
«3 және 4» сандары «3, 4 және 8» сандарымен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
«сырттай байқау әкiмшiсiн, конкурстық басқарушыны және лицензиатты» деген сөздер алып тасталсын;
«шеттетудiң» деген сөзден кейiн «, тағайындауды тоқтатудың және сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы, конкурстық басқарушының және лицензиаттың тағайындаудан жазбаша түрде бас тартуы туралы құжат ұсынғанның» деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Осы Ереженiң 9, 10-тармақтарында көзделген жағдайлар лицензиатты және сырттай байқау әкiмшiсiн Тiзiлiмнен шығарудың негiздемелерi болып табылады.
Лицензиат пен сырттай байқау әкiмшiсiнiң Тiзiлiм бойынша тағайындалуы, осы тармақта белгiленген жағдайларды қоспағанда, олардың жазбаша өтiнiшiмен 3 айдан аспайтын белгiлi бiр мерзiмге тоқтатылады. Тiзiлiм бойынша тағайындалуды тоқтату туралы өтiнiште лицензиат пен сырттай байқау әкiмшiсiмен тағайындауды қайта жаңарту күнi көрсетiледi.
Лицензиат пен сырттай байқау әкiмшiсi оны сырттай байқау әкiмшiсi ретiнде тағайындау туралы хабарлама алған сәттен бастап, сырттай байқау әкiмшiсi ретiнде тағайындауға жазбаша келiсiм немесе бас тарту бергенше тағайындауды тоқтату жүргiзiлмейдi.
Тiзiлiм бойынша тағайындау тоқтатылған жағдайда, лицензиат пен сырттай байқау әкiмшiсiнiң деректерi, өтiнiште көрсетiлген мерзiмге Тiзiлiмнен алынып тасталады, ол туралы Тiзiлiмге тиiстi жазба енгiзiледi.
Өтiнiште көрсетiлген тағайындауды тоқтату мерзiмi өткеннен кейiн, лицензиат пен сырттай байқау әкiмшiсiнiң деректерi Тiзiлiмнiң тиiстi тiзiмiнiң соңына енгiзiледi.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, соттың сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы анықтамасы күшiне енген күннен бастап бес күн мерзiмде, Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң немесе оның филиалының бұйрығымен жүргiзiледi, оған тиiстi өкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды және мөрмен расталады. Бұйрық екi данада шығарылады, оның бiреуi – сырттай байқау әкiмшiсiне тапсырылады, екiншiсi - Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнде немесе оның филиалында сақталады.»;
20 және 21-тармақтар алып тасталсын;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Оңалтушы басқарушыны тағайындау тәртiбi

22. Оңалтушы басқарушы ретiнде тағайындау тиiстi Тiзiлiмге сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тiзiлiм, Кiтапта оңалтушы басқарушы ретiнде тiркелген, дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару бойынша немесе сырттай байқау әкiмшiсi немесе заңды тұлғаның басшысы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар санынан құралады.
Бұл ретте оңалтушы басқарушы екi немесе одан да көп оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыруға тағайындалмайды.
23. Оңалтушы басқарушы ретiнде тағайындалған күнi оңалтушы басқарушының деректерi Тiзiлiмнiң соңына көшiрiледi.
24. Оңалтушы басқарушы ретiнде тағайындаудан бас тартқан жағдайда, лицензиат есепке қою туралы өтiнiште көрсетiлген тұрғылықты жерi бойынша хабарлама алған сәттен бастап бiр күннiң iшiнде бас тартуы туралы жазбаша нысанда құжат ұсынады. Бұл жағдайда оның деректерi Тiзiлiмнiң соңына көшiрiледi.
Лицензиаттың оңалтушы басқарушы ретiнде тағайындаудан қатарынан үш рет бас тартуы болған кезде ол алты ай мерзiмiне Тiзiлiмнен шығарылады. Осы мерзiм өткеннен кейiн лицензиаттың деректерi Тiзiлiмнiң соңына енгiзiледi.
25. Лицензиатты Заңның 9-бабы 4-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша тағайындау мүмкiн болмайтын жағдайда, Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi немесе олардың филиалдары тағайындау туралы ұсынысы бар хабарламаны олардың мекен-жайына жiбермейдi, Тiзiлiмге тиiстi өзгерiстер енгiзiлмейдi.
26. Осы Ереженiң 9, 10-тармақтарында көзделген жағдайлар лицензиатты және оңалтушы басқарушысын Тiзiлiмнен шығарудың негiздемелерi болып табылады.
Лицензиаттың Тiзiлiм бойынша тағайындалуы, осы тармақта белгiленген жағдайларды қоспағанда, олардың жазбаша өтiнiшiмен 3 айдан аспайтын белгiлi бiр мерзiмге тоқтатылады. Тiзiлiм бойынша тағайындалуды тоқтату туралы өтiнiште лицензиатпен тағайындауды қайта жаңарту күнi көрсетiледi.
Лицензиат, оны оңалтушы басқарушы ретiнде тағайындау туралы хабарлама алған сәттен бастап, оңалтушы басқарушы ретiнде тағайындауға жазбаша келiсiм немесе бас тарту бергенше тағайындауды тоқтату жүргiзiлмейдi.
Тiзiлiм бойынша тағайындау тоқтатылған жағдайда, лицензиаттың деректерi, өтiнiште көрсетiлген мерзiмге Тiзiлiмнен алынып тасталады, ол туралы Тiзiлiмге тиiстi жазба енгiзiледi.
Өтiнiште көрсетiлген тағайындауды тоқтату мерзiмi өткеннен кейiн, лицензиаттың деректерi Тiзiлiмнiң соңына енгiзiледi.
27. Оңалтушы басқарушысын тағайындау осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, соттың оңалту рәсiмiн енгiзу туралы анықтамасы күшiне енген күннен бастап бес күн мерзiмде, Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң немесе оның филиалының бұйрығымен жүргiзiледi, оған тиiстi өкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды және мөрмен расталады.
Бұйрық екi данада шығарылады, оның бiреуi – оңалтушы басқарушыға тапсырылады, екiншiсi - Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнде немесе оның филиалында сақталады.
28. Осы тараудың ережелерi оңалтушы басқарушыны Заңның 9-бабының 1-1-тармағына сәйкес тағайындау жағдайларына қолданылмайды.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Осы Ереженiң 9, 10-тармақтарында көзделген жағдайлар лицензиатты және конкурстық басқарушысын Тiзiлiмнен шығарудың негiздемелерi болып табылады.
Лицензиат пен конкурстық басқарушының Тiзiлiм бойынша тағайындалуы, осы тармақта белгiленген жағдайларды қоспағанда, олардың жазбаша өтiнiшiмен 3 айдан аспайтын белгiлi бiр мерзiмге тоқтатылады. Тiзiлiм бойынша тағайындалуды тоқтату туралы өтiнiште лицензиат пен конкурстық басқарушымен тағайындауды қайта жаңарту күнi көрсетiледi.
Лицензиат пен конкурстық басқарушы оны конкурстық басқарушы ретiнде тағайындау туралы хабарлама алған сәттен бастап, конкурстық басқарушы ретiнде тағайындауға жазбаша келiсiм немесе бас тарту бергенше тағайындауды тоқтату жүргiзiлмейдi.
Тiзiлiм бойынша тағайындау тоқтатылған жағдайда, лицензиат пен конкурстық басқарушының деректерi, өтiнiште көрсетiлген мерзiмге Тiзiлiмнен алынып тасталады, ол туралы Тiзiлiмге тиiстi жазба енгiзiледi.
Өтiнiште көрсетiлген тағайындауды тоқтату мерзiмi өткеннен кейiн, лицензиат пен конкурстық басқарушының деректерi Тiзiлiмнiң тиiстi тiзiмiнiң соңына енгiзiледi.»;
35-тармақ келесi редакцияда баяндалсын:
«35. Конкурстық басқарушысын тағайындау осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, борышкердi банкрот деп тану туралы соттың шешiмi күшiне енген күннен бастап бес күн мерзiмде, Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң немесе оның филиалының бұйрығымен жүргiзiледi, оған тиiстi өкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды және мөрмен расталады. Бұйрық екi данада шығарылады, оның бiреуi – конкурстық басқарушыға тапсырылады, екiншiсi - Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнде немесе оның филиалында сақталады.»;
36 және 37-тармақтар алып тасталсын;
Аталған бұйрықпен бекiтiлген, Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiне қосымшаларына:
5, 6, 7-қосымшалардағы «Төраға» сөзi алып тасталсын;
8 қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (Н.Д. Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр Б. Жәмiшев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 167 бұйрығына қосымша

Сырттай байқау әкiмшiсiн,
оңалтушы басқарушыны
тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық
басқарушыны тағайындау
және шеттету, есепке алу
және тiркеу ережесiне
8-қосымша

Оңалтушы басқарушыны тағайындау тiзiлiмi


п/п

Оңалтушы басқарушының немесе лицензиаттың Т.А.Ә.

Есепке қойылған күнi немесе бiрiншi тағайындау күнi

Борышкердiң атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5
















Тiзiлiмдi жасаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina