Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6289 болып енгізілді
Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 13-тармағына сәйкес, БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесi бекітілсін. 2. Күші жойылған деп танылсын: «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2009 жылғы 1 сәуiрдегi № 72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5650 болып тіркелген); «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2009 жылғы 22 мамырдағы № 113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5706 болып тіркелген); «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 199 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5821 болып тіркелген). 3. Бюджет процесінің әдіснамасы департаменті (А. Калиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Јдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.