Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 353 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6368 болып енгізілді
Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс ету және оны орындаудың ережесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Уақытша әкелiнген тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейiннен әкету туралы мiндеттеменi табыс ету және оны орындаудың ережесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оны кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық оның бiрiншi ресми жарияланған күннен қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылғы 1 шiлдеден бастап туындаған қатынастарға таралады. Министр Б. Жәмiшев
|