Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6361 болып енгізілді
Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.