ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

Страницы 1 2

  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 13 шілдедегі N 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6399 болып енгізілді
Экологиялық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

«Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшiн төлем туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1411104, индексi 4-ҚО, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшiн төлем туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 1411104, индексi 4-ҚО, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1431104, индексi 1-қалдықтар, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 1431104, индексi 1-қалдықтар, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Қалдықтарды iрiктеу және сақтау туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1441104, индексi 2-қалдықтар, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Қалдықтарды iрiктеу және сақтау туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 1441104, индексi 2-қалдықтар, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1421103, индексi 2-ТП (ауа), кезеңдiлiгi жартыжылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 1421103, индексi 2-ТП (ауа), кезеңдiлiгi жартыжылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаментi Стратегиялық даму департаментiмен бiрге заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң жауапты хатшысына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Төраға Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгi
төрағасының
2010 жылғы 13 шiлдедегi
№ 180 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттiк статистика Қазақстан Республикасы Статистика
органдары құпиялылығына агенттiгi төрағасының 2010 жылғы
кепiлдiк бередi 13 шiлдедегi № 180 бұйрығына
Конфиденциальность 1-қосымша
гарантируется органами
государственной статистики

Жалпымемлекеттiк Приложение 1 к приказу Председателя
статистикалық байқау Агентства Республики Казахстан
бойынша статистикалық по статистике
нысан от 13 июля 2010 года № 180
Статистическая форма по
общегосударственному
статистическому наблюдению

Аумақтық органға тапсырылады
Представляется территориальному органу

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz
сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте
www.stat.gov.kz

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн
до 1

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық
более 40

Мемлекеттiк статистиканың тиiстi органдарына алғашқы статистикалық деректердi уақытылы тапсырмау, дәйектi емес деректердi беру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылады және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями и влекут за собой ответственность в соответствии с действующим законодательством РК.

Статистикалық нысан
коды 1411104 Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы
Код статистической шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи
формы 1411104 ресурстар үшiн төлем туралы есеп
Отчет о текущих затратах на охрану окружающей
4-ҚО среды, экологических платежах и плате за
4-ОС природные ресурсы

Жылдық Есептi кезең __ __ __ __ жыл
Годовая Отчетный период |__|__|__|__| год

Табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластағыш заттар мен өндiрiстiк қалдықтардың шығарындылары мен төгiндiлерi бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлiмшелерi тапсырады.
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, использующие природные ресурсы, имеющие выбросы и сбросы загрязняющих веществ, отходы производства.

Тапсыру мерзiмi – 23 ақпан.
Срок представления – 23 февраля.

КҰЖЖ коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код БИН |_| | | | | | | | | | | | |

БСН коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код БИН |_| | | | | | | | | | | |

СТН коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код РНН | | | | | | | | | | | | |

1. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар көлемiн
бiр ондық белгiмен, мың теңгемен көрсетiңiз
Укажите общий объем затрат на охрану окружающей среды в тысячах
тенге, с одним десятичным знаком

Шығындардың бағытталуы
Направление затрат

Анықтама бойынша коды
Код по справочнику

Есептi кезеңге
За отчетный период

Атмосфералық ауаны қорғау және ауарайының өзгеру мәселелерi
Охрана атмосферного воздуха и проблемы изменения климата

1


Ағынды суларды тазалау
Очистка сточных вод

2


Қалдықтармен жұмыс iстеу
Обращение с отходами

3


Топырақ, жер асты және жер үстi суларды қорғау және оңалту
Защита и реабилитация почвы, подземных и поверхностных вод

4


Шу және вибрациялық ықпалды төмендету
Снижение шумового и вибрационного воздействия

5


Биоәралуандық пен мекендеу ортасын сақтау
Сохранение биоразнообразия и среды обитания

6


Радиациялық қауiпсiздiк
Радиационная безопасность

7


Ғылыми-зертеу жұмыстар
Научно-исследовательские работы

8


Табиғат қорғау қызметiнiң өзге де бағыттары
Прочие направления природоохранной деятельности

9


2. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар көлемiн
бiр ондық белгiмен, мың теңгемен көрсетiңiз
Укажите объем текущих затрат на охрану окружающей среды в тысячах
тенге, с одним десятичным знаком

Шығындардың бағытталуы
Направление затрат

Анықтама бойынша коды
Код по справочнику

Есептi кезеңге
За отчетный период

Су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалану
Охрана и рациональное использование водных ресурсов

1


Атмосфералық ауаны қорғау
Охрана атмосферного воздуха

2


Жердi өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен ластанудан қорғау
Охрана земли от загрязнения отходами производства и потребления

3.1


Жердi қайта құнарландыру
Рекультивация земли

3.2


2.1 Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың
жалпы көлемiнен, кәсiпорындарға (ұйымдарға) төленген
көлемiн бiр ондық белгiмен, мың теңгемен көрсетiңiз
Из общего объема текущих затрат на охрану окружающей среды
выплачено предприятиям (организациям) в тысячах тенге, с одним
десятичным знаком

Жол коды
Код строки

Шығындардың бағытталуы
Направление затрат

Есептi кезеңге
За отчетный период

1

Ақаба суды қабылдағаны және тазалағаны үшiн
За прием и очистку сточных вод


2

Қауiптi қалдықтарды қабылдағаны, сақтағаны және жойғаны үшiн
За прием, хранение и уничтожение опасных отходов


3. Есептi кезеңге экологиялық төлемдер және табиғи ресурстар
үшiн төлемақы көлемiн бiр ондық белгiмен, мың теңгемен
көрсетiңiз
Укажите объем экологических платежей и платы за природные ресурсы
за отчетный период в тысячах тенге, с одним десятичным знаком

Төлемдердiң бағытталуы
Направление платежей

Анықтама бойынша коды
Код по справочнику

Бөлiнген төлемдер
Платежи начисленные

Нақты төленген төлемдер
Платежи фактически выплаченные


1

2

Ластағыш заттардың нормативтi шығарындылары (төгiндiлерi) үшiн төлемақы (қалдықтарды орналастыру) – барлығы
Плата за нормативные выбросы (сбросы) загрязняющих веществ (размещение отходов) - всего

1



су объектiлерiне
в водные объекты

1.1



атмосфералық ауаға
в атмосферный воздух

1.2



қалдықтарды орналастыру үшiн
за размещение отходов

1.3



Ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарындылары (төгiндiлерi) үшiн төлемақы (қалдықтарды орналастыру) – барлығы
Плата за сверхнормативные выбросы (сбросы) загрязняющих веществ (размещение отходов) - всего

2



су объектiлерiне
в водные объекты

2.1



атмосфералық ауаға
в атмосферный воздух

2.2



қалдықтарды орналастыру үшiн
за размещение отходов

2.3



Табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудан болған зияндарды өтеуге өндiрiлген қаражаттар
Средства, взысканные в возмещение ущерба, причиненного нарушением экологического законодательства

3



Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төлемақы – барлығы
Плата за использование природных ресурсов – всего

4



жер үстi су ресурстары үшiн
за водные ресурсы поверхностных источников

4.1



жер учаскелерi үшiн
за земельные участки

4.2



жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн
за пользование животным миром

4.3



орманды пайдаланғаны үшiн
за лесные пользования

4.4



ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшiн за использование особо охраняемых природных территорий

4.5



Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi
Специальные платежи недропользователей

5



4. Қоршаған ортаны қорғау бойынша негiзгi құралдарды күрделi
жөндеуге жұмсалған шығындардың көлемiн бiр ондық белгiмен,
мың теңгемен көрсетiңiз
Укажите объем затрат на капитальный ремонт основных средств по
охране окружающей среды в тысячах тенге, с одним десятичным знаком

Шығындардың бағытталуы
Направление затрат

Анықтама бойынша коды
Код по справочнику

Есептi кезеңге
За отчетный период

Атмосфералық ауаны ластағыш зиянды заттарды ұстайтын және зиянсыздандыратын құрылыстар, қондырғылар және құрал-жабдықтар
Сооружения, установки и оборудования для улавливания и обезвреживания вредных веществ, загрязняющих атмосферный воздух

1


Ақаба суларды тазартуға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға арналған құрылыстар мен қондырғылар
Сооружения и установки для очистки сточных вод и рационального использования водных ресурсов

2


Өзге де негiзгi құралдар
Прочие основные средства

9


5. Қоршаған ортаны қорғау бойынша негiзгi қорлардың орташа
жылдық құнын мың теңгемен, бiр ондық белгiмен көрсетiңiз
Укажите среднегодовую стоимость основных фондов по охране
окружающей среды в тысячах тенге, с одним десятичным знаком

Көрсеткiш атауы
Наименование показателя

Анықтама бойынша коды
Код по справочнику

Есептi кезеңге
За отчетный период

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
Охрана и рациональное использование водных ресурсов

1


Атмосфералық ауаны қорғау
Охрана атмосферного воздуха

2


Жер қорғау
Охрана земли

3


6. Қоршаған ортаны қорғау бойынша негiзгi ____________
қорларға есептелген амортизацияны мың | |
теңгемен, бiр ондық белгiмен көрсетiңiз | |
Укажите начисленную амортизацию на основные | |
фонды по охране окружающей среды в тысячах | |
тенге, с одним десятичным знаком |____________|

Атауы Мекен-жайы
Наименование _____________________ Адрес ________________________
_____________________ Тел.: _________________________
___________________ E-mail _________________________

Орындаушының аты-жөнi және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя _____________________ Тел. __________

Басшы (Аты-жөнi,тегi, қолы)
Руководитель ________________________ (Ф.И.О., подпись)_____________

Бас бухгалтер (Аты-жөнi,тегi, қолы)
Главный бухгалтер __________________ (Ф.И.О., подпись)______________

М.О.

М.П.

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгi
төрағасының
2010 жылғы 13 шiлдедегi
№ 180 бұйрығына
2-қосымша

«Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар,
экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшiн төлем туралы
есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық
(коды 1411104, индексi 4-ҚО, кезеңдiлiгi жылдық)

1. Осы нұсқаулық «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшiн төлем туралы есеп» (коды 1411104, индексi 4-ҚО, кезеңдiлiгi жылдық) статистикалық нысанын толтырудың тәртiбiн жан-жақты көрсетедi.
2. Келесi анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) табиғатты қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар – кәсiпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға арналған негiзгi құралдарды ұстау және пайдалану бойынша шығыстары. Мұнда бүлiнген жерлердi қалпына келтiру, кiшi өзендердiң арналарын тазалау, суды қорғау аймақтарын Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес ұстау, су көздерiнiң, атмосфералық ауаның сапасын бақылау бойынша табиғатты қорғаумен байланысты ағымдағы iс-шаралар жүргiзуге жұмсалған шығыстар жатады. Есеп беру объектiлерi басқа ұйымдарға ақаба сулар мен қалдықтарды тазалауға (залалсыздандыруға) және ағызуға тапсыру кезiнде бұл қабылдаудың ақы төлеу мөлшерi де ағымдағы табиғатты қорғау шығыстары көлемiне қосылады;
2) экологиялық төлемдер – қоршаған ортаға белгiленген лимиттер шегiнде эмиссиялар үшiн және табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарылуы үшiн есептелген және нақты төленген төлемдер;
3) экологиялық заңнаманың бұзылуы салдарынан орын алған зиянды өтеуге өндiрiлген қаражат – экологиялық заңнаманың бұзылуы салдарынан орын алған зиянды өтеуге заңды тұлғадан талап етiлген және өндiрiлген нақты қаражат. Оларға қоршаған ортаны апаттық ластағаны үшiн, табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланғаны және бұзғаны үшiн белгiленген төлемдер жатады;
4) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төлемдер – жер үстi су ресурстарын, жер учаскелерiн, қоршаған ортаға эмиссиялар, жануарлар дүниесiн, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн есептелген және нақты төленген төлемдер;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi – Қазақстан Республикасы Салық заңнамасына сәйкес анықталады;
6) негiзгi құрал-жабдықтар – субъектiнiң тауарларды (қызметтердi) өндiруде немесе жеткiзуде бiр кезеңнен астам пайдалану үшiн ұстайтын материалдық активтерi;
7) ағымдағы құн – белгiлi бiр күнге қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша негiзгi құрал-жабдықтардың құны немесе негiзгi құрал жабдықтардың қайта бағалаудан (индексациялаудан) кейiнгi құны.
3. Есеп бухгалтерлiк және бастапқы есепке алу, қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға нақты шығынның мәлiметтерi негiзiнде жасалады.
1-бөлiмнiң 1-жолында атмосфералық ауаны қорғау, ауа-райын сақтау және озон қабатын қорғау мақсатында түтiн газдарын және вентиляциялық шығарындыларды тазалау, өндiрiстiк үдерiске өзгерiстердi енгiзу арқылы ластанудың құрылуын алдын алу, талдамалы өлшеулер, бақылау, зертханалық зерттеулер, атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған шаралар және ауа-райының өзгеру мәселелерi (жалпы басқару және басшылық ету, ағарту, оқыту және ақпараттандыру) бойынша шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 2-жолында өндiрiстiк үдерiске өзгерiстердi енгiзу арқылы ластанудың құрылуын алдын алу, кәрiз жүйелерi, ағынды суларды тазалау, суытатын суларды тазалау, талдамалы өлшеулер, бақылау, зертханалық зерттеулер, ағынды суларды тазалауға бағытталған шаралар (жалпы басқару және басшылық ету, ағарту, оқыту және ақпараттандыру) бойынша шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 3-жолында өндiрiстiк үдерiске өзгерiстердi енгiзу арқылы қалдықтардың құрылуын алдын алу, қалдықтарды жинау және тасымалдау, қауiптi қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыру (термиялық қайта өңдеу, полигонда орналастыру, басқа әдiстер), қауiптi емес қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыру (өртеу, полигонда орналастыру, басқа әдiстер), талдамалы өлшеулер, бақылау, зертханалық зерттеулер, қалдықтармен жұмыс iстеуге бағытталған шаралар (жалпы басқару және басшылық ету, ағарту, оқыту және ақпараттандыру) бойынша шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 4-жолында ластаушылардың инфильтрациясын алдын алу, топырақ пен су объектiлерiн тазалау, топырақтың эрозиясын және табиғи деградацияның басқа да түрлерiнiң, сортаңдануының, тұщылануының алдын алу, талдамалы өлшеулер, бақылау, зертханалық зерттеулер, топырақты, жер асты және жер үстi суларды қорғауға және оңалтуға бағытталған шаралар (жалпы басқару және басшылық ету, ағарту, оқыту және ақпараттандыру) бойынша шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 5-жолында шу және дiрiл ықпалының көзiнде (автомобильдiк және темiр жол көлiгi, әуе көлiгi, өнеркәсiптiк өндiрiс, басқасы) алдын алу шаралары, шуға және дiрiлге қарсы құрылыстарды қолдану, талдамалы өлшеулер, бақылау, зертханалық зерттеулер, шу және дiрiл ықпалын төмендетуге бағытталған шаралар (жалпы басқару және басшылық ету, ағарту, оқыту және ақпараттандыру) бойынша шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 6-жолында түрлер санын қорғау және қайта қалпына келтiру, мекендеу ортасын сақтау, табиғи және ланшафтты объектiлердi сақтау, талдамалы өлшеулер, бақылау, зертханалық зерттеулер, биоәралуандық пен мекендеу ортасын сақтауға бағытталған шаралар (жалпы басқару және басшылық ету, ағарту, оқыту және ақпараттандыру) бойынша шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 7-жолында қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, радиоактивтiлiгi жоғары қалдықтарды тасымалдау және қайта өңдеу, талдамалы өлшеулер, бақылау, зертханалық зерттеулер, радиациялық қауiпсiздiкке бағытталған шаралар (жалпы басқару және басшылық ету, ағарту, оқыту және ақпараттандыру) бойынша шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 8-жолында атмосфералық ауаны қорғау, ағынды суларды тазалау, қалдықтармен жұмыс iстеу, топырақты, жер асты және жер үстi суларды қорғау және оңалту, шу және дiрiл ықпалын төмендету, биоәралуандық пен мекендеу ортасын сақтау, радиациялық қауiпсiздiк және т.б. салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындар көрсетiледi.
1-бөлiмнiң 9-жолында табиғатты қорғау қызметiмен байланысты шығындар, яғни табиғатты қорғау қызметiн жүргiзу барысындағы жалпы басқару шығындары, әкiмшiлiк шығындарды қоса, басқаруды ұйымдастыру (табиғатты қорғау менеджментi), бiлiм беру, оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, жоғарыда көрсетiлген бағыттарға сәйкес бөлiнбейтiн шығындар бойынша қызмет түрлерi көрсетiледi.
2-бөлiмнiң 1-жолында су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалануға, күтiп ұстау және пайдалану жөнiндегi ағымдағы шығындар енгiзiледi:
1) өндiрiстiк және коммуналдық ақаба суды биологиялық, физикалық-химиялық және механикалық тазарту станциялары; ақаба суды, сонымен қоса суармалы егiншiлiк алқабында пайдаланылған суды қосымша тазартатын құрылыстар мен қондырғылар; ақаба суды тазарту әдiстерiн әзiрлеуге байланысты кәсiпорындардағы тәжiрибелiк қондырғылар мен цехтар; су айдынын немесе жер астындағы суды ластайтын сұйық өндiрiстiк қалдықтарды жинайтын, тасымалдайтын, қайта өңдейтiн және жоятын қондырғылар мен құрылыстар; кемелерден алынған шаруашылық-тұрмыстық ақаба сулар мен қоқыстарды кәдеге жарату, жинау және тазарту үшiн арналған жағалық құрылыстар; ақаба суды бастапқы сатысында тазартатын жеке құрылыстар (мұнай торлары, май сүзгiлер, флотациялық қондырғылардың және қоқырларды залалсыздандыратын қондырғылардың бейтараптайтын станциялары); ақаба суды тазартатын құрылысқа жеткiзетiн және ақаба суды алқап сүзгiсiне, суландыру алқабына, арнайы салынған жинауышқа, буландырғышқа арналған кәрiз желiлерi; коммуналдық ақаба суды тазартатын құрылыстар; өнеркәсiптiк ақаба суды (сонымен қоса жаңбыр суын) бұратын алаңнан тыс кәрiз желiлерi және сондағы қайта айдайтын станциялар, ақаба суды бақылайтын, әзiрлейтiн, ақаба суды орташалайтын станциялар және апатты жағдайда лас сулар ағылғанда және олардың концентрациясы шектеулi нормадан асып кеткенде уақытша жинайтын сыйымдылықтар, кейiннен осы суды тазарту станциясына айдау.
Негiзгi коммуникацияға өнеркәсiп кәсiпорындарының алаң iшiндегi желiсi енгiзiлмейдi. Егер кәрiз желiлерi тазарту құрылысына жеткiзiлмесе және ластанған ақаба суды табиғи су объектiлерiне ағызатын болса, онда осы желiлердi күтiп ұстаудың және пайдаланудың шығындары осы жол бойынша көрсетiлмейдi;
2) лай сулар мен мұхиттың лас суларды тазартатын жағалық және жүзбе станциялар;
3) сумен қамтудың тұйық циклдi жүйесi (ақаба суды тиiстi тазартудан және өңдеуден өткiзгеннен кейiн техникалық сумен қамту қажетiне қайтару), сонымен қоса, әр түрлi қоқыстағы су мен күлдi, басқа кәсiпорындардан келетiн суды тазартатын айналым жүйелерi, ұдайы және қайталап пайдаланатын айналым жүйелерi;
4) су айдынынан, су қоймасынан, кемежайдан және iшкi теңiзден мұнайды, қоқысты және басқа да сұйық қалдықтарды жинайтын қондырғылар, құрал-жабдықтар мен техникалық флоттар, сондай-ақ теңiздер мен кемелердi қосымша жабдықтау бойынша шараларды жүргiзу;
5) Экологиялық кодексi талаптарына сәйкес суды қорғайтын аймақты жан-жақты технологиялық, орман-мелиоративтiк, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық шаралармен қолдау, су ресурстарының ластануы мен сарқылуы;
6) Экологиялық кодексi талаптарына сәйкес судың зиянды әсерiмен күресу бойынша, сондай-ақ санитарлық-сауықтыру (экологиялық) жiберулердi қамтамасыз ету үшiн арнайы су қоймаларын ұстау.
Гидроэнергетикалық, ирригациялық және өндiрiстiк қажеттiлiк үшiн арналған су қоймаларын күтiп ұстау мен пайдалану шығындары мұнда енгiзiлмейдi;
7) салааралық маңызы бар арналық ауаландыру станциялары мен суды қорғайтын объектiлер;
8) шығарылғандардың шашырауы;
9) жер бетiндегi және жер астындағы су ресурстарын ластамайтын сүзiлу алаңы, суармалау танабы, арнайы құрылған жинауыштар, буландырғыштар мен тұндырғыштар, ластанған ақаба суды бұру (қашыртқы);
10) шағын өзендердiң ағынын реттеу, олардың арнасын тазарту және шағын өзендердiң қолайлы гидрологиялық режимi мен санитарлық жай-күйiн қалпына келтiру, әрi қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
11) қашыртқы су мен кәрiздеу суын (сонымен қоса күрiш танабындағы қашыртқы суды) қайтадан пайдалану және олардың сапасын жақсарту (жинақтайтын сыйымдылықтар, тұндырғыштар, құрылыстар, суды ауаландырғыш құрылғылар, биологиялық каналдар, пестицидтердi ұстайтын экрандар) шараларын өткiзу.
12) анағұрлым маңызды өзен бассейндерiндегi су шаруашылығы кешендерiнiң автоматтандырылған басқару жүйесi (бұдан әрi – АБЖ). Суды қорғау кешендерiмен қоса АБЖ, теңiздiң, табиғи және ақаба сулардың (арнайы кемелердi, зертханаларды қоса алғанда) сапасын бақылау жүйесi, су үлестiрудi басқару жүйесi (суармалы егiншiлiктi қоса алғанда), мемлекеттiк су кадастры жүйесi, судың бастапқы есебiн қамтамасыз ету және алынатын, әрi шығарылатын сулардың есебi бойынша, есеп деректерiн өңдеу бойынша есептеу орталықтарының суды пайдаланудың мемлекеттiк есебiн жүргiзудiң жиынтық деректерiн әзiрлеу (автоматтандырылған станцияларды, өлшеу қондырғыларын күтiп ұстау және пайдалану);
13) қондырғылар, цехтар және пайдаланылған судан бағалы заттарды алу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру. Бұған жататын қондырғылар мен цехтар: су ерiтiндiлерiнен органикалық ерiткiштердi, гальваникалық және өңдейтiн ерiтiндiлерден, қара және түстi металлургияда, ақаба судан бағалы компоненттерiң алатын, кинопленкаларды өндiрген және өңдеген кезде пайдаланылған судан және қайта өңделген кальций, магний, натрий, фторлы қосылыстар тұздарынан негiзгi химия зауыттарынан алынғаны, целлюлоза - қағаз, химия, мұнай химиясы және өнеркәсiп салаларының пайдаланылған титан-магний ерiтiндiлерi, пайдаланылған судан мұнай өнiмдерi мен майды бөлу және iске жарату, тазарту құрылыстарындағы артық лайды қайта өңдеу, тамақ өнеркәсiбiндегi қалдықтарды алу және қайта өңдеу, кәсiпорындарда пайда болған улы қосылыстарды қайта өңдеу және зарарсыздандыру, сондай-ақ өнеркәсiптiң, көлiктiң, ауыл шаруашылығының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының әр түрлi саласындағы басқа да сондай қондырғылар, цехтар, шаралар.
1-жолда өнеркәсiптiк және коммуналдық су құбырларын күтiп ұстаудың және пайдаланудың шығындары, сонымен қоса су шаруашылығы жүйесiнен өнеркәсiп кәсiпорындары алатын судың төлемдерi, сондай-ақ Суға қатысты заңнаманы бұзғаны үшiн айыппұлдарды көрсетiлмейдi.
2-жолда атмосфералық ауаны қорғау, күтiп ұстау және пайдалану жөнiндегi шығындар енгiзiледi:
технологиялық агрегаттардан және ауаны желдеткiштен шығатын газдағы зиянды заттарды тұтатын және залалсыздандыратын қондырғы, олардың атмосфераға тiкелей шығар алдындағы осы шығындарды ауаны қорғау санатына жатқызу, тек осы қондырғы өзiнiң тiкелей мақсаты бойынша санитарлық болған жағдайда ғана, яғни зиянды заттарды атмосфера ауасына шығаруды қамтамасыз еткенде ғана жатқызылады. Бұл көрсеткiшке атмосфераға шығатын газдардың зиянды заттарын тазарту әдiсiн әзiрлеу бойынша тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк кондырғылар мен цехтарды күтiп ұстаудың және пайдаланудың, сондай-ақ атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын автоматтандырылған жүйенiң, атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын зертхананы күтiп ұстаудың шығындары енгiзiледi;
газдан шығатын заттарды iске жарататын қондырғы (өндiрiс);
автомобильдердiң пайдаланылған газдардың улылығын тексеру жөнiндегi бақылау-реттеу орындары.
Ерекшелiк ретiнде атмосфералық ауаны қорғаудың ағымдағы құрамына, қалдық газдар тiкелей ауаға шығар алдында қосымша жағатын және басқадай әдiспен қосымша тазалайтын қондырғылар мен құрылғыларды күтiп ұстау мен пайдалану шығындары енгiзiледi.
Бұдан басқа, ерекше жағдайда, газ үрлейтiн машиналар газ тұтқыш аппаратқа тiкелей байланысты болған кезде, осы машинаны пайдалану шығындары да атмосфера ауасын қорғауға жатады. Технологиялық тәсiм элементтерi болып саналатын газ тұтқыш қондырғылар мен құрылғылар және шамалы шиказаттардан жоспарланған өнiмдi алу үшiн қызмет ететiн (зауыттарда техникалық көмiртектi өндiрген кезде реактордан шығатын газдағы қаракүйенi тазарту; фосфор зауыттарында сары фосфорды өндiрген кезде кендi қыздыратын пештен шығатын газды тазарту; химия зауыттарында күкiрт қышқылын өндiрген кезде пештiң «қайнаған қабатынан» шығатын газды тазарту) ауаны қорғауға жатпайды. Сонымен қоса, атмосфералық ауаны қорғаудың ағымдағы шығындар құрамына қосылмайтын шығыстар:
газ қалдықтарын (ауа үрлегiштi);
түтiн тартқыштарды (желдеткiштердi);
түтiн құбырларын пайдалану;
жұмыс орындарында, санитарлық-қорғаныш аймақтарында қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасауға қызмет ететiн желдету мен кондиционерлеу жүйесi;
жасыл екпе ағаштарды күту, өйткенi олар технологиялық тәсiмнiң, өнеркәсiптiк санитарияның, көркейтудiң құрамдас элементтерi болып саналады.
3.1-жолға полигондарды, қатты қалдықтарды сақтауды арнайы ұйымдастырылған орындарды, сондай-ақ өндiрiс қалдықтарының қатты қауiптi және басқа да улы заттарын зарарсыздандыратын қондырғыларды күтiп ұстау мен пайдалану шығындары енгiзiледi. Бұған өндiрiстiң қатты қалдықтарын жоюдың (сонымен қоса лас ақаба суды тазарту процесiнде тұтылған және шығарылған технологиялық газдар мен желдетiлген ауа), қалдықтарды жинайтын орынға тасымалдаудың немесе жоюдың ағымдағы шығындары жатады.
3.2-жолда арнайы техникаларды пайдаланудың, ағымдағы шығындарың қоса жердi қайта құнарландыруға, топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға шығындары көрсетiледi. Күрделi қаржы есебiнен жердi қайта құнарландыруды жүзеге асыру шығындары осы жолда көрсетiлмейдi.
2.1 - бөлiмнiң 1-жолында ақаба суды қабылдағаны және тазартқаны үшiн қызметтiң кәсiпорындар мен ұйымдарға жалпы төлемдерi көрсетiледi.
2-жолда өндiрiстiң қатты қауiптi қалдықтарын арнайы орынға тасудың, сақтаудың, жоюдың (залалсыздандырудың) немесе iске асырудың көрсетiлген қызметi үшiн кәсiпорындар мен ұйымдарға жалпы төлемi көрсетiледi.
3-бөлiмде қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн есептелген және нақты төленген төлемдер, табиғат ресурстары үшiн төлемдер, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың экологиялық заңнаманы бұзғандары үшiн келтiрiлген зиянды өтеу бойынша төлемдер көрсетiледi.
1-жол бойынша ластағыш заттардың шығарындылары мен төгiндiлерi және белгiленген лимиттер шегiнде өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн төленуге ұсынылған және нақты төленген төлемдер көлемi көрсетiледi.
1.1-жол бойынша нормативтер (лимиттер) шегiнде ластағыш заттарды табиғи су қоймасына, сүзiлу алаңына, жинауыш тоғанға төккенi үшiн төленуге ұсынылған және есептi жылы төленген төлемдер көрсетiледi.
1.2-жол бойынша тұрақты көздер (жылжымалы ластау қайнар көздерiн қоспағанда) үшiн белгiленген шектелiмде ластайтын заттарды атмосфераға шығарған және нақты жұмсалған отын үшiн төленуге ұсынылған және есептi жылы төленген төлемдер көрсетiледi.
1.3-жолда полигондарда, үйiндiлерде қалдықтарды орналастырғаны (үйгенi, көмгенi) және өндiрiс қалдықтарын белгiленген шектелiмде орналастырғаны (пайдаланбағаны) үшiн төленуге ұсынылған және есептi жылы төленген төлемдер көрсетiледi.
2-жолда қоршаған ортаны нормативтен тыс (шектелiмнен тыс) ластағаны, яғни кәсiпорынның ластайтын заттарды (қалдықтарды) белгiленген нормативтен тыс шығарғаны (төккенi, орналастырғаны) үшiн есептелген және төленген қаражаттар көрсетiледi. Бұдан басқа, кәсiпорынның зиянды заттарды шығарғаны (төккенi) және қалдықтарды орналастырғаны үшiн рұқсатты ресiмдемеуi бойынша ластайтын заттар (қалдықтар) түрлерi бойынша төлемдерi көрсетiледi.
2.1-жолда табиғи су объектiлерiне, сүзiлу объектiлерiне, жинауыш тоғанға және басқа да жасанды су қоймасына ластайтын заттарды нормативтен тыс төккенi үшiн төленуге ұсынылған және есептi жылы төленген төлемдер көрсетiледi.
2.2-жолда ластайтын заттарды атмосфераға нормативтен тыс шығарғаны үшiн төленуге ұсынылған және есептi жылы төленген төлемдер көрсетiледi.
2.3-жолда полигондарда, үйiндiлерде қалдықтарды (үйгенi, көмгенi) және өндiрiс қалдықтарын нормативтен тыс орналастырғаны (пайдаланбағаны) үшiн төленуге ұсынылған және есептi жылы төленген төлемдер көрсетiледi.
3-жолда кәсiпорындардың экологиялық заңнамаларын бұзудан болған залалды өтеуге ұсынылған және нақты өндiрiп алынған барлық қаражаттар ескерiледi. Бұған қоршаған ортаны апатты жағдайда ластағаны, табиғат ресурстарын тиiмсiз пайдаланғаны немесе бүлдiргенi үшiн төлемдер жатады. Бұған сонымен қоса нақты лауазымдық тұлғалардың жазалары енгiзiледi.
4-жолға табиғат ресурстарын пайдаланғаны, табиғат ресурстарын тиiмсiз және жан-жақты пайдаланбағаны үшiн есептелген және нақты белгiленген төлемдер енгiзiледi.
5-жолда Қазақстан Республикасы Салық заңнамасына сәйкес анықталатын жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi көрсетiледi.
4-бөлiм бойынша қорғау жөнiндегi қондырғылар мен құрылыстардың күрделi жөндеуiне арналған шығын көлемiн атай отырып, табиғатты қорғауға арналған негiзгi құрал-жабдықтардың күрделi жөндеу шығындары көрсетiледi: атмосфералық ауаны (1-жол); су ресурстарын ұтымды пайдалану (2-жол). Су ресурстары мен ауа бассейнiн қорғау және ұтымды пайдалану жөнiндегi құрал-жабдықтардың құрамы, осы нұсқаулықтың 1-бөлiмiнде (3.2-жолдан басқа) аталған қондырғылар мен құрылыстар тiзбесiне сәйкес келуi тиiс.
9-жолда өндiрiстiк қалдықтарды тасуға, сақтауға және жоюға, сондай-ақ жердi қайта құнарландыруға байланысты негiзгi қорларды күрделi жөндеу шығындары көрсетiледi.
5-бөлiмнiң 1-3-жолдарында қоршаған ортаны қорғау бойынша негiзгi құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны ағымдағы құнымен көрсетiледi.
3-жолға жердi өндiрiстiк қалдықтармен ластанудан қорғауға, сондай-ақ жердi құнарландыруға ғана байланысты пайдаланылатын негiзгi қорлардың құны кiредi.
4. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 3 Бөлiм «Экологиялық төлемдер және табиғи ресурстар үшiн төлемақы көлемi»:
1-жол = 2-4 жолдарының қосындысына (әр баған үшiн)
5-жол = 6-8 жолдарының қосындысына (әр баған үшiн)
10-жол > 11-15 жолдарының қосындысына (әр баған үшiн).
2) Бөлiмдер арасындағы бақылау:
1-бөлiмнiң 1-жолы > 2-бөлiмнiң 2-жолы + 4-бөлiмнiң 1-жолы
2.1-бөлiмнiң 1-жолы <= 2-бөлiмнiң 1-жолы
2.1-бөлiмнiң 2-жолы <= 2-бөлiмнiң 3.1-жолы

Қазақстан Республикасы Статистика
агенттiгi төрағасының
2010 жылғы 13 шiлдедегi
№ 180 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекеттiк статистика Қазақстан Республикасы Статистика
органдары құпиялылығына агенттiгi төрағасының 2010 жылғы
кепiлдiк бередi 13 шiлдедегi № 180 бұйрығына
Конфиденциальность 3-қосымша
гарантируется органами
государственной статистики

Жалпымемлекеттiк Приложение 3 к приказу Председателя
статистикалық байқау Агентства Республики Казахстан
бойынша статистикалық по статистике
нысан от 13 июля 2010 года № 180
Статистическая форма по
общегосударственному
статистическому наблюдению

Аумақтық органға тапсырылады
Представляется территориальному органу

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz
сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте
www.stat.gov.kz

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн
до 1

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық
более 40

Мемлекеттiк статистиканың тиiстi органдарына алғашқы статистикалық деректердi уақытылы тапсырмау, дәйектi емес деректердi беру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылады және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями и влекут за собой ответственность в соответствии с действующим законодательством РК.

Статистикалық нысан
коды 1431104 Коммуналдық қалдықтарды жинау
Код статистической және шығару туралы есеп
формы 1431104

1-қалдықтар Отчет о сборе и вывозе коммунальных
1-отходы отходов

Жылдық Есептi кезең __ __ __ __ жыл
Годовая Отчетный период |__|__|__|__| год

Жұртшылық шаруашылықтарының коммуналдық қалдықтарын, сондай-ақ кәсiпорындар мен ұйымдардың ұқсас қалдықтарын жинау мен шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлiмшелерi тапсырады.
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, осуществляющие сбор и вывоз коммунальных отходов домашних хозяйств, а также похожих отходов предприятий и организаций.

Тапсыру мерзiмi мамырдың 17-сi.
Срок представления 17 мая.

КҰЖЖ коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код БИН |_| | | | | | | | | | | | |

БСН коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код БИН |_| | | | | | | | | | | |

СТН коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код РНН | | | | | | | | | | | | |

1. Аралас коммуналдық қалдықтардың санын ________
көрсетiңiз, тоннамен |________|
Укажите количество смешанных коммунальных
отходов, в тоннах

2. Бөлек жиналатын коммуналдық қалдықтардың санын көрсетiңiз,
тоннамен
Укажите количество раздельно собираемых коммунальных отходов, в
тоннах

Көрсеткiштер аталуы
Наименование показателя

КҚТА бойынша коды
Код по СВКО*

Саны
Количество

А

В

1

Көшедегi қоқыс
Уличный мусор

1


Нарықтардан шығарылған қалдықтар
Отходы с рынков

2


Бау-бақша және саябақ қалдықтары (зираттардан шыққан қалдықтарды қоса)
Садово-огородные и парковые отходы (включая отходы с кладбищ)

3


Iрi габариттi қалдықтар
Крупногабаритные отходы

4


Өзге де бөлек жиналатын коммуналдық қалдықтар
Прочие раздельно собираемые коммунальные отходы

9


3. Ұйымның өзi қызмет көрсететiн аудандар ________
мен кәсiпорындар санын көрсетiңiз, бiрлiк |________|
Укажите количество предприятий, обслуживаемых
организацией, единиц

Атауы Мекен-жайы
Наименование _________________________ Адрес ______________________
_________________________ Тел.: ______________________
_________________________ E-mail ______________________

Орындаушының аты-жөнi және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя ____________________ Тел.______________

Басшы (Аты-жөнi, тегi, қолы)
Руководитель _______________________ (Ф.И.О., подпись) ______________

Бас бухгалтер (Аты-жөнi,тегi, қолы)
Главный бухгалтер _________________ (Ф.И.О., подпись) ______________

М.О.

М.П.

___________________________
* коммуналдық қалдықтардың түрлерiнiң анықтамалығы
справочник видов коммунальных отходов

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгi
төрағасының
2010 жылғы 13 шiлдедегi
№ 180 бұйрығына
4-қосымша

«Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп»
жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық
(коды 1431104, индексi 1-қалдықтар, кезеңдiлiгi жылдық)

1. Осы нұсқаулық «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың «Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 1431104, индексi 1-қалдықтар, кезеңдiлiгi жылдық) толтырудың тәртiбiн жан-жақты көрсетедi.
2. Келесi анықтама осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары.
3. Статистикалық нысан қалдықтарды жинау бойынша бухгалтерлiк және бастапқы есеп деректерi негiзiнде толтырылады.
1-бөлiмде жиналуы мен шығарылуы қалдықтардың түрлерiне бөлiнбей жүргiзiлетiн барлық аралас коммуналдық қалдықтар, шығарындылар көрсетiледi, яғни бұл қалдықтар қоқыс жинауға арналған жерлерге тасталады, содан кейiн бөлiнусiз қоқыс шығаратын ұйыммен шығарылады.
2-бөлiмде бөлек жиналатын коммуналдық қалдықтардың барлық түрлерi көрсетiледi - бұл шығарындылары және шығарылуы қалдықтардың түрлерi бойынша бөлек жүргiзiлетiн қалдықтың кез келген түрi (мысалы: қағаз және қатырма қағаз, пластмасса, металл, шыны, тағам қалдығы және тағы басқасы) бола алады. Әдетте бұл қалдықтар қайтадан пайдалануға қолданылады.
1-жол бойынша көшедегi қоқыс (рұқсат етiлмеген қоқыс тастайтын жерлердегi қоқысты қоса) көшелерден жиналатын қоқыс көрсетiледi. Бұған жолдарды, жер асты өтпе жолдарын, қоғамдық көлiк тұрақтарын, митингiлер, шерулер, ойын-сауық көрiнiстерiн өткiзгеннен кейiн алаңдарды тазалау бойынша көрсеткiштер енгiзiледi.
2-жол бойынша нарықтардан шығарылған қалдықтар, яғни нарықтардан жиналып шығарылған тұрмыстық қалдықтардың көлемдерi.
«Бау-бақша және саябақ қалдықтары (зираттардан шыққан қалдықтарды қоса)» 3-жолы бойынша бау-бақшалар мен саябақтардан, гүл бақтарынан, жасыл екпе ағаштары аймақтарынан, азаматтардың жер учаскелерiнен, зираттардан жиналған қалдықтары көрсетiледi. Бұларға микроорганизмдерге ыдырайтын (жапырақ, бұтақ, пәлек, шөп және тағы басқасы), топырақ, тастар және ыдырамайтын организмдердiң қалдықтары жатады.
«Iрi габариттi қалдықтар» 4-жолы бойынша өздерiнiң көлемдерiнiң әсерiнен кәдiмгi контейнерлерге немесе қоқыстарға арналған бақтарға сыймайтын қатты коммуналдық қалдықтар (мысалы: жиһаз, iрi тұрмыстық техника және тағы басқасы) көрсетiледi.
5-жол бойынша бөлiмнiң басқа жолдарында ескерiлмеген бөлек жиналатын қалдықтар көрсетiледi.
3-бөлiмде қоқыс шығаратын ұйым өзi қызмет көрсететiн кәсiпорындардың санын көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгi
төрағасының
2010 жылғы 13 шiлдедегi
№ 180 бұйрығына
5-қосымша

Мемлекеттiк статистика Қазақстан Республикасы Статистика
органдары құпиялылығына агенттiгi төрағасының 2010 жылғы
кепiлдiк бередi 13 шiлдедегi № 180 бұйрығына
Конфиденциальность 5-қосымша
гарантируется органами
государственной статистики

Жалпымемлекеттiк Приложение 5 к приказу Председателя
статистикалық байқау Агентства Республики Казахстан
бойынша статистикалық по статистике
нысан от 13 июля 2010 года № 180
Статистическая форма по
общегосударственному
статистическому наблюдению

Аумақтық органға тапсырылады
Представляется территориальному органу

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz
сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте
www.stat.gov.kz

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн
до 1

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық
более 40

Мемлекеттiк статистиканың тиiстi органдарына алғашқы статистикалық деректердi уақытылы тапсырмау, дәйектi емес деректердi беру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылады және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями и влекут за собой ответственность в соответствии с действующим законодательством РК.

Статистикалық нысан коды Қалдықтарды iрiктеу және сақтау
Код статистической формы туралы есеп
Отчет о сортировке и депонировнии
2-қалдықтар 1441104 отходов
2-отходы 1441104

Жылдық Есептi кезең __ __ __ __ жыл
Годовая Отчетный период |__|__|__|__| год

Қалдықтарды iрiктеудi және сақтауды (жинақтауды, көмудi) жүзеге
асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және
оқшауланған бөлiмшелерi тапсырады.
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, осуществляющие сортировку и депонирование (складирование, захоронение) отходов.

Тапсыру мерзiмi – 17 мамыр.
Срок представления – 17 мая.

КҰЖЖ коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код БИН |_| | | | | | | | | | | | |

БСН коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код БИН |_| | | | | | | | | | | |

СТН коды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Код РНН | | | | | | | | | | | | |
-------------------------

1. Iрiктелген қалдықтар санын көрсетiңiз, тонна
Укажите количество отсортированных отходов, тонн

Көрсеткiштер аталуы
Наименование показателя

Анықтама бойынша коды
Код по справочнику

Саны
Количество

А

В

1

Шыны
Стекло

1


Пластмасса
Пластмасса

2


Металл
Металл

3


Қағаз және қатырма қағаз
Бумага и картон

4


Ағаш
Дерево

5


Текстиль
Текстиль

6


Киiм-кешек
Одежда

7


Өзге де материалдар
Прочие материалы

9


2. Iрiктеуден кейiн қалған қалдықтар санын __________
көрсетiңiз, тонна | |
Укажите количество отходов, оставшихся после |___________|
сортировки, тонн

3. Қалдықтарды сақтау туралы мәлiмет көрсетiңiз,
тонна
Укажите данные о депонировании отходов, тонн

Көрсеткiштер аталуы
Наименование показателя

Анықтама бойынша коды
Код по справочнику

Саны
Количество

А

В

1

Алғашқы iрiктеусiз түскен, аралас коммуналдық қалдықтар
Смешанные коммунальные отходы, поступившие без предварительной сортировки

1


Iрiктеуден кейiн қалған қалдықтар
Остатки отходов после сортировки

2


Құрылыс қалдықтары
Строительные отходы

3


Өнеркәсiп қалдықтар
Промышленные отходы

4


Өзге де қалдықтар
Прочие отходы

9


4. Iске жаратылған, полигонның, қалдықтар ___________
үйiндiсiнiң құрылыс шаруаларына бағытталған | |
қалдықтар санын көрсетiңiз, тонна |__________|
Укажите количество утилизированных отходов,
направленных на строительные мероприятия полигона,
свалки, тонн

5. Есептi жылдың соңына жинақталған сақтауға __________
берiлген қалдықтардың көлемiн көрсетiңiз, | |
тонна |__________|
Укажите объем накопленных депонированных отходов
на конец отчетного года, тонн

6. Iрiктеу құрылыстың қуатын көрсетiңiз, жылына ________
тонна |________|
Укажите мощность сортировочного сооружения,
тонн в год

7. Полигонның, қалдықтар үйiндiсiнiң жобалық ________
қуатын көрсетiңiз, тонна |________|
Укажите проектную мощность полигона, свалки, тонн

Атауы Мекен-жайы
Наименование_____________________________ Адрес ____________________

_____________________________ Тел.:_____________________

_____________________________ E-mail ___________________

Орындаушының аты-жөнi және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя ____________________ Тел. _____________

Басшы (Аты-жөнi, тегi, қолы)
Руководитель _______________________ (Ф.И.О., подпись) ______________

Бас бухгалтер (Аты-жөнi, тегi, қолы)
Главный бухгалтер ___________________ (Ф.И.О., подпись) _____________


Страницы 1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina