Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 тамыздағы N 282 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2007 жылғы 2 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4910 болып енгізілді
Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есептерді беру ережесін, мерзімін және нысандарын бекіту туралы Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 63-тармағын іске асыру мақсатында БЎЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есептерді беру ережесі мен мерзімі; 2) осы бұйрыққа 2-40-қосымшаларға сәйкес бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есеп нысандары бекітілсін. 2. Есептерді уақтылы беру, олардың толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М. Шәженова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр
|