Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 31 желтоқсанда № 6718 тіркелді
"Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Јділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережесiнiң 9-тармағын iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нормативтiк құқықтық актiге негiздеме-анықтама нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2006 жылғы 4 қыркүйектегi № 240 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4376 болып тiркелген) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген нормативтiк құқықтық актiге негiздеме-анықтама нысаны мындай мазмұндағы 8 және 9-бағандармен толықтырылсын: 8. | жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтердi |
| 9. | сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн).»; |
| 2. Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу департаментi осы бұйрықты аумақтық әдiлет органдарының, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың назарына жеткiзсiн. 3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлдi. Қазақстан Республиканың Әдiлет Министрi Р. Түсiпбеков
|