Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 14 қаңтарда N 6734 тіркелді
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кәмілетке толмағандарды күтіп бағу ережесін бекіту туралы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтiп бағу ережесiн бекiту туралы (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 2. «Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 708 бұйрығы (№ 3360 нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) күшi жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi (Р.П. Шер): 1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының қызметiн үйлестiрудi және оған бақылау жасауды жүзеге асырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi М.Н. Сарыбековке жүктелсiн. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Б. Жұмағұлов
|