ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2011 жылғы 11 ақпандағы № 55 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 16 ақпандағы № 37 Бiрлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде № 6803 болып тiркелдi
Бiлiм беру жүйесiне тексеру жүргiзу бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi мен тексеру парағының нысанын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 15–баптарын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) бiлiм беру жүйесiне тексеру жүргiзу бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi (1-қосымша);
2) бiлiм беру жүйесiне тексеру жүргiзу бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тексеру парағының нысаны (2-қосымша) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi (М.К. Орынханов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бiрлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi М.Н. Сарыбековке жүктелсiн.
4. Осы бiрлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрiнiң Экономикалық даму және
мiндетiн атқарушы сауда министрi
__________С. Ырсалиев __________ Ж. Айтжанова
2011 жылғы 11 ақпан 2011 жылғы 16 ақпан

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2011 жылғы 11 ақпандағы № 55
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң
2011 жылғы 16 ақпандағы № 37
бiрлескен бұйрығына
1-қосымша

Бiлiм беру жүйесiне тексеру жүргiзу бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi

1. Бiлiм беру жүйесiне тексеру жүргiзу бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерi (бұдан әрi - Критерийлер) бiлiм беру ұйымдарында жоспарлы тексеру жүргiзу үшiн әзiрлендi.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тәуекел – азаматтардың бiлiм саласындағы конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына алып келетiн бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметi сапасының төмендеу ықтималдығы;
2) бақылау субъектiлерi – бастауыш, негiзгi орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру); орта бiлiмнен кейiнгi; жоғары; жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру деңгейлерi бойынша бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
3) өлшеу коэффициентi – тәуекел дәрежесiн бағалау үшiн критерийдiң сапалы көрсеткiшiне байланысты берiлетiн коэффициент.
3. Бiлiм беру ұйымдарын бiлiм беру саласындағы тәуекел дәрежесiне жатқызу олардың Критерийлерге кiретiн қызметiнiң мәлiметтерiне, тексеру нәтижелерiне байланысты жинаған балдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте, бiлiм беру ұйымдары тәуекел дәрежелерiне төмендегiдей түрде бөлiнедi:
1) 10-нан 40-қа дейiн балл жинаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары жоғары тәуекел дәрежесiне, 41-ден 70-ке дейiн орташа тәуекел дәрежесiне, 71-ден 100-ге дейiн төмен тәуекел дәрежесiне жатады;
2) 10-нан 20-ға дейiн балл жинаған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiм беруден кейiнгi бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары жоғары тәуекел дәрежесiне, 21-ден 40-қа дейiн орташа тәуекел дәрежесiне, 41-ден 100-ге дейiн төмен тәуекел дәрежесiне жатады;
3) 10-нан 25-ке дейiн балл жинаған бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары жоғары тәуекел дәрежесiне, 26-дан 40-қа дейiн орташа тәуекел дәрежесiне, 41-ден 100-ге дейiн төмен тәуекел дәрежесiне жатады.
4. Тәуекел дәрежесiн бағалау үшiн осы Критерийдiң 1, 2 және 3-қосымшасында көрсетiлген критерийлер қолданылады.
5. i критерийiнiң балдық мағынасы Пi формуласымен анықталады:
Пi = Дi х Кij (1)
онда Дi - олардың жалпы көрсеткiшiнен i критерийiнiң үлесi (балмен),
Кij - i критерийiне арналған өлшеу коэффициентi, онда Кij = 0,1; 0,5; 1,0 (j = 1; 2; 3 болғандағы)
k бiлiм беру ұйымының тәуекелдiлiк деңгейiн бағалауға арналған Pk жиынтық көрсеткiшi мына формула бойынша анықталады:

(2)

Ең жоғарғы балл 100 балды құрайды, ең төменгi — 10 балл.
Pk жиынтық көрсеткiшi бойынша k ұйымы үшiн тәуекелдiк аймағы анықталады.
6. Әр бiлiм беру деңгейi үшiн тәуекел дәрежесiнiң аймағы осы Критерийдiң 4-қосымшасына сәйкес анықталады.

Бiлiм беру жүйесiне тексеру
жүргiзу бойынша жеке
кәсiпкерлiк саласындағы
тәуекел дәрежесiн бағалау
критерийлерiне
1-қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн

Тәуекел дәрежесiн бағалау критерийiнiң атауы (Пi)

Көрсеткiштiң жалпы жиынтығының критерий үлесi (балмен), Дi

Өлшеу коэффициентiн анықтаудың сапалы көрсеткiштерi

Салмақ коэффициентi, Кij

1

Бiлiм беру ұйымында аккредиттеудiң болуы (П1)

16

Ұлттық институционалдық және халықаралық аккредиттеу

1

Мамандандырылған ұлттық аккредиттеу

0,5

Қатыспау

0,1

2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын сақтау (П2)

14

Талаптарды сақтау

1

Болмашы бұзушылық (30%-дан төмен)

0,5

Едәуiр бұзушылық (30%-дан жоғары)

0,1

3

Штаттағы оқытушылардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесi, олардың дәрежеленуi (П3)

10

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес

1

1-көрсеткiштiң болмашы сәйкессiздiгi

0,5

Екi көрсеткiш бойынша сәйкессiздiк

0,1

4

Оқу процесiнiң оқу-зертханалық жабдықтармен жарақтандырылуы (П4)

9

Талаптарға сәйкес келедi

1

Моральдық тұрғыдан ескiрген жабдық

0,5

Жоқ немесе талаптарға сәйкес емес

0,1

5

Кiтапхана қоры (П5)

9

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келедi

1

Әдебиеттердi жаңартуға қойылатын талаптар орындалмайды

0,5

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес

0,1

6

Мемлекеттiк аралық бақылау нәтижелерi (өтпеген мамандықтар пайызы) (П6)

8

9 % және төмен

1

Шегiнде (10-24 %)

0,5

25 % және жоғары

0,1

7

Жоғары оқу орнына қабылдау кезiндегi студенттердiң сапалық құрамы (Ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен комплекстi тестiлеудiң орташа балы) (П7)

7

Орташа балл 80-100

1

Орташа балл 51-79

0,5

Орташа балл 45-50

0,1

8

Жоғары оқу орнының бiр студенттi оқытуға жұмсайтын шығыны (П8)

6

Оқуға жұмсалатын шығыс 100% сәйкес келедi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленген нормадан жоғары

1

Оқуға жұмсалатын шығыс Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленген норманың 91-99%-ы шегiнде

0,5

Шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленген норманың 90%-ынан кем

0,1

9

Бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңдары мен қаулыларын сақтау (П9)

6

Талаптарды сақтау

1

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларының талаптарын сақтамау

0,5

Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтамау

0,1

10

Мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алушы студенттердiң үлесi (П10)

6

61-100 %

1

31-60 %

0,5

0-30 %

0,1

11

Күндiзгi нысанда бiлiм алушы студенттердiң үлесi (күндiзгi/(күндiзгi+сырттай+кешкi) (П11)

5

75 % және жоғары

1

51-74 % шегiнде

0,5

50 % және төмен

0,1

12

Жоғары оқу орнының қызмет ету мерзiмi (П12)

4

25 жыл және жоғары

1

16-24 жыл

0,5

1-15 жыл

0,1

Бiлiм беру жүйесiне тексеру
жүргiзу бойынша жеке
кәсiпкерлiк саласындағы
тәуекел дәрежесiн бағалау
критерийлерiне
2-қосымша

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiм беруден кейiнгi бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн

Тәуекел дәрежесiн бағалау критерийiнiң атауы (Пi)

Көрсеткiштiң жалпы жиынтығының критерий үлесi (балмен), Дi

Өлшеу коэффициентiн анықтаудың сапалы көрсеткiштерi

Салмақ коэффициентi, Кij

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын сақтау (П2)

16

Талаптарды сақтау

1

Болмашы бұзушылық (30%-дан төмен)

0,5

Едәуiр бұзушылық (30%-дан жоғары

0,1

2

Штаттағы оқытушылардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесi, олардың дәрежеленуi (П3)

14

Бiлiктiлiк талаптарын сақтау

1

1-көрсеткiштiң болмашы сәйкессiздiгi

0,5

Екi көрсеткiш бойынша сәйкессiздiк

0,1

3

Оқу процесiнiң оқу-зертханалық жабдықтармен жарақтандырылуы (П3)

13

Талаптарға сәйкес келедi

1

Жарым жартылай моральдық тұрғыдан ескiрген жабдықтың болуы

0,5

Болмауы немесе талаптарға сәйкес емес

0,1

4

Кiтапхана қоры (П4)

12

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келедi

1

Әдебиеттердi жаңартуға қойылатын талаптар орындалмайды

0,5

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес

0,1

5

Бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңдары мен қаулыларын сақтау (П5)

11

Бұзушылықтың болмауы

1

Талаптардың 30 %-дан кем сақталмауы

0,5

Талаптардың 30%-дан аса сақталмауы

0,1

6

Бiр бiлiм алушыны оқытуға жұмсалатын шығын (П6)

10

Оқуға жұмсалатын шығыс 100% сәйкес келедi және белгiленген нормадан жоғары

1

Оқуға жұмсалатын шығыс белгiленген норманың 91-99%-ы шегiнде

0,5

Шығыстар белгiленген норманың 90%-ынан кем

0,1

7

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың үлесi(П7)

9

61-100 %

1

31-60 %

0,5

0-30 %

0,1

8

Күндiзгi нысанда бiлiм алушы студенттердiң үлесi(күндiзгi/(күндiзгi+сырттай+кешкi) (П8)

8

75 % және жоғары

1

51-74 % шегiнде

0,5

50 % және төмен

0,1

9

Бiлiм беру ұйымының қызмет ету мерзiмi (П9)

7

25 жыл және жоғары

1

16-24 жыл

0,5

1-15 жыл

0,1

Бiлiм беру жүйесiне тексеру
жүргiзу бойынша жеке
кәсiпкерлiк саласындағы
тәуекел дәрежесiн бағалау
критерийлерiне
3-қосымша

Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн

Тәуекел дәрежесiн бағалау критерийiнiң атауы (Пi)

Көрсеткiштiң жалпы жиынтығының критерий үлесi (балмен), Дi

Өлшеу коэффициентiн анықтаудың сапалы көрсеткiштерi

Салмақ коэффициентi, Кij

1

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын және бiлiктiлiк талаптарын сақтау (П1)

20

Бұзушылықтың болмауы

1

Талаптардың 30 %-дан кем сақталмауы

0,5

Талаптардың 30 %-дан аса сақталмауы

0,1

2

Жоғары және бiрiншi санаттағы мұғалiмдердiң үлесi (П2)

17

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келедi

1

Бiр санат бойынша сәйкес емес

0,5

Екi санат бойынша сәйкес емес

0,1

3

Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң орташа балы (П3)

15

Орташа балл 80-100

1

Орташа балл 51-79

0,5

Орташа балл 45-50

0,1

4

Республикалық, халықаралық конкурстардың, олимпиадалардың жүлдегер-қатысушыларының, «Алтын белгi» белгi иегерлерiнiң болуы (П4)

14

Халықаралық конкурстардың, олимпиадалардың жүлдегерлерi, «Алтын белгi» белгiсiнiң иегерлерi

1

Республикалық конкурстардың, олимпиадалардың жүлдегерлерi

0,5

Болмауы

0,1

5

Кiтапхана қоры (П5)

13

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келедi

1

Әдебиеттердi жаңартуға қойылатын талаптар орындалмайды

0,5

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес

0,1

6

Мемлекеттiк аралық бақылау нәтижелерi(П6)

11

МАБ-ты 100%-ға тапсырды

1

Оқушылардың 93-99%-ы МАБ-ы тапсырды

0,5

Бастапқы деңгейден өтпедi

0,1

7

Оқушылар санының нормадан ауытқуы (П7)

10

Оқушылар санының нормадан 10%-ға дейiн ауытқуы

1

Оқушылар санының нормадан 10%-дан 50%-ға дейiн ауытқуы

0,5

Оқушылар санының нормадан 50%-дан аса ауытқуы

0,1

Бiлiм беру жүйесiне тексеру
жүргiзу бойынша жеке
кәсiпкерлiк саласындағы
тәуекел дәрежесiн бағалау
критерийлерiне
4-қосымша

Бiлiм берудiң әр деңгейi үшiн тәуекел дәрежесiнiң аймағы

Тәуекел дәрежесiнiң аймақтары

Рk, балл

ЖОО-дары

1

Жоғары дәрежелi тәуекел аймағы

10-40 балл (33,3 %)

2

Орташа дәрежелi тәуекел аймағы

41-70 балл (33,3 %)

3

Төмен дәрежелi тәуекел аймағы

71-100 балл (33,3 %)

Колледждер мен кәсiптiк лицейлер

1

Жоғары дәрежелi тәуекел аймағы

10-20 балл (11,1 %)

2

Орташа дәрежелi тәуекел аймағы

21-40 балл (22,2 %)

3

Төмен дәрежелi тәуекел аймағы

41-100 балл (66,7 %)

Мектептер

1

Жоғары дәрежелi тәуекел аймағы

ауылдық мектептер үшiн: 10-15 балл (5,6%);
қалалық мектептер үшiн: 10-25 балл (16,7%)

2

Орташа дәрежелi тәуекел аймағы

ауылдық мектептер үшiн: 16-25 балл (11,1%);
қалалық мектептер үшiн: 26-40 бал (16,7%)

3

Төмен дәрежелi тәуекел аймағы

ауылдық мектептер үшiн: 26-100 балл (83,3%);
қалалық мектептер үшiн: 41-100 бал (67,7%).

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2011 жылғы 11 ақпандағы № 55
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң
2011 жылғы 16 ақпандағы № 37
бiрлескен бұйрығына
2-қосымша

Нысан

Бiлiм беру жүйесiне тексеру жүргiзу бойынша жеке кәсiпкерлiк саласындағы тексеру парағы

1. Тексерудi тағайындаған ұйым атауы:
____________________________________________________________
2. Бақылау субъектiсiнiң атауы:
____________________________________________________________
3. Бiлiм беру ұйымының орналасқан жерi (заңды мекен-жайы, телефон, электронды адресi):
____________________________________________________________
4. СТН (БИН):
____________________________________________________________
5. Тексеру негiзi (тексеру тағайындау туралы актiнiң нөмiрi)
20 __ жылғы «__»_____№ ____

Бiлiм беру қызметiне қойылатын талаптар

Б

БЖ

IБЖ

ҚБ

ҚТЖ

1

1.1. Бiлiм беру ұйымдарына
оқуға қабылдау ережелерiнiң
сақталуы (бiлiм беру деңгейлерi
бойынша)






2

2.1. Бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртiбiнiң сақталуы (бiлiм беру деңгейлерi бойынша)






3

3.1. Штаттағы оқытушылардың олардың жалпы санынан үлесi






3.2. Штаттағы ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар ПОҚ-ның олардың жалпы санындағы үлесi, соның iшiнде МЖМБС-ның базалық және бейiндi пәндерi бойынша






3.3. Қазақстан Республикасының құрметтi атағы, әскери академия, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, өрттi сөндiру саласы бойынша университеттердi бiтiргенi туралы дипломдары бар, жедел бөлiмдерде әскери қызмет атқарған полковниктен төмен емес әскери атағы бар, «спорт шеберi» және одан жоғары атағы бар оқытушылардың штаттағы оқытушылар санынан үлесi, оның iшiнде МЖМБС-ның базалық және бейiндi пәндерi бойынша






3.4. Әрбiр ғылыми дайындық мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық өтiлi 3 жылдан кем емес штаттағы ғылым докторларының, философия докторы (PhD) және бейiнi бойынша докторлардың саны. Шетелдiк ғылыми дәрежесi бар философия докторы (PhD) және бейiнi бойынша доктордың болуы






3.5. Жоғары және бiрiншi санатты оқытушылардың және/немесе магистрлардың, ғылым кандидаттарының, докторларының, философия докторларының (PhD), бейiнi бойынша докторлардың, ғылыми атағы бар оқытушылардың олардың жалпы санынан үлесi






4

4.1. Бiлiм алушылар контингентiне қатысты оқудың толық циклiн қамтитын оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиет қорының болуы. Оқитын тiлiне сәйкес қазақ және орыс баспаларының үйлесiмдiлiгi.






4.2. Оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттердiң электрондық және магниттi таспада белгiленген көлемде болуы






4.3. Әлеуметтiк-гуманитарлық сала бойынша соңғы 5 жыл iшiндегi жаратылыстану, техникалық, ауылшаруашылық және басқа да пәндер бойынша соңғы 10 жыл iшiндегi негiзгi оқу әдебиетiнiң болуы.






5

5.1. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы жекеменшiк материалды және материалды емес активтердiң болуы






5.2. Бiр бiлiм алушыға оқу ауданының сәйкестiгi






5.3. Компьютерлiк сыныптармен, оқу-зертханалық және оқытудың техникалық жабдықтарымен, приборлармен, қорлық материалдармен қамтамасыз етiлуi






6

6.1. Бiр бiлiм алушыға ең аз шығынның осы оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiткен мамандарды даярлаудың мемлекеттiк тапсырысындағы көрсеткiшпен сәйкес келуi






7

7.1. Тәжiрибе базасы ретiндегi ұйымдармен келiсiм-шарттың болуы






8

8.1. Бiлiм алушылардың медициналық көмек алуын және тамақтануын қамтамасыз ететiн нысандардың болуы






9

9.1. Профессор, доцент, аға оқытушылардың дәрiс оқуы






9.2. Кафедраның жабдықталуы






9.3. Кафедраның ғылыми дәрежеленуi






10

10.1. Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметтi жүргiзу, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау






11

11.1. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламарының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi






12

12.1. Бiлiм алушылар контингентiнiң бiр оқытушыға шаққандағы 5.03.008-2009 жылғы «Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi. Бiлiм алушылар контингентi. Негiзгi ережелерi» МЖМБС-на сәйкестiгi






12.2. Оқу ауданы мен сыныптардың санитарлық нормалар мен ережелерге сай толықтырылуы






13

13.1. Жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi оқу бағдармаларының iске асуы: жоғары бiлiм мамандығының 1-2 топтары бойынша – институттар, жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм мамандығының 1-2 топтары бойынша - академиялар, жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм мамандығының 3 және одан көп топтары бойынша – университеттер






Ескертпе: Б - бұзушылықтар бар
БЖ – бұзушылықтар жоқ
IБЖ – iс барысында жойылды
ҚБ – қайта бұзушылық
ҚТЖ – қайта тексеру барысында жойылды
ПОҚ – профессорлық-оқытушылық құрам
МЖМБС – мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты
PhD – философия докторы

Лауазымды тұлға:
___________________________ ___________ 20__ жылғы «__» _________
(Т.А.Ә.) (қолы)

Тексерiлу субъектiсiнiң өкiлi:
___________________________ ___________ 20__ жылғы «__» _________
(Т.А.Ә.) (қолы)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina