Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2011 жылғы 18 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 16 наурызда № 6810 тiркелдi
"Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбi Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбi Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 (Мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде 2005 жылы 15 сәуiрде № 3563 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде № 14, 2005 ж. мамыр, 56-құжат болып жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбiнiң ережелерiнде: 5-тармақтағы: «жеке» деген сөз алып тасталсын; «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «жеке» деген сөз алып тасталсын; 11-тармақтағы «жеке» деген сөз алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери полициясы бас басқармасының бастығы осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жолдасын. 3. Бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Ә. Жақсыбеков
|