Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiнiң 2005 жылғы 24 наурыздағы N 120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 15 сәуiрде тiркелдi. Тiркеу N 3563
Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбi Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбi мен шарттары туралы ережелерi бекiтiлсiн. 2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсiн. 3. Бұйрық ресми түрде жарияланған күннен қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi
|