Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 710 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5018 болып енгізілді.
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру ережесін, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) бекіту туралы "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру ережесі; 2) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысаны (үлгісі) бекітілсін. 2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр
|