ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылғы 14 наурыздағы № 6801 болып тiркелдi
Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

«Құқық қорғау қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк қызметтi кадрлық қамтамасыз ету департаментi (М.Ы. Өтешев) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелудi және ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Төраға Қ. Нұрпейiсов

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
агенттiгi Төрағасының
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ 02-01-02/32 бұйрығымен
бекiтiлген

Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары

1. Осы Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi – үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары) «Құқық қорғау қызметi туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 29-бабының 3-тармағын орындау мақсатында әзiрлендi.
2. Үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары келесi құқық қорғау органдарда лауазымдарына белгiленедi:
1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында (бұдан әрi – БП);
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнде (қаржы полициясы) (бұдан әрi – ЭСЖКА);
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнде (бұдан әрi – IIМ);
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнде (бұдан әрi – ТЖМ);
5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнде (бұдан әрi – ҚАЖК);
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiнде (бұдан әрi – КБК).
3. Құқық қорғау органдар құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына осы үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары негiзiнде олардың штат кестесiнде қарастырылған құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi.
4. Басшылық лауазымдарға жатпайтын құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына басшылық лауазымдардағы жұмыс өтiлiнiң бар болуы талап етiлмейдi.
5. Үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары жұмыс орнына байланысты лауазымдардың бес топтарына бөлiнедi және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үмiткер азаматтарға ұсынылады.
Бiрiншi топқа IIМ, ТЖМ, ҚАЖК, КБК, ЭСЖКА, БП орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдары жатады.
Екiншi топқа IIМ, ТЖМ, ҚАЖК, КБК, ЭСЖКА облыстық (республикалық маңызы бар қала) аумақтық органдары, БП облыстық органдары қызметкерлерiнiң лауазымдары жатады.
Үшiншi топқа IIМ, ТЖМ, ҚАЖК, КБК қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) аумақтық органдары, БП аудандық органдары қызметкерлерiнiң лауазымдары жатады.
Төртiншi топқа Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары, әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерi, өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерi, арнайы мақсаттағы бөлiмшелердiң iшкi iстер органдары, IIМ саптық бөлiмшелерiнiң iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң лауазымдары жатады.
Бесiншi топқа IIМ, ТЖМ, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң оқу орындары қызметкерлерi, ЭСЖКА Қаржы полициясы академиясы қызметкерлерiнiң лауазымдары жатады.
6. Лауазымдардың топтарында лауазымға қойылатын өтiлi бойынша талаптарға сәйкес топшалар бөлiп шығарады.
7. Құқық қорғау органдарындағы бiрiншi тобының лауазымдарына келесiдей үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары белгiленедi:
1) бiрiншi топшасы үшiн (комитет төрағасы – ТЖМ, IIМ, ҚАЖК, КБК (C-SV-1), аппарат басшысы – IIМ, ТЖМ (C-SV-1), ЭСЖКА (C-FP-1), департамент бастығы, Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөнiндегi аға көмекшiсi – БП (C-GP-1)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
үмiткер лауазымға орналасуға үмiттенетiн құқық қорғау органның (бұдан әрi – тиiстi құқық қорғау орган) лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң он екi жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң тоғыз жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң он бiр жылдан кем емес, оның iшiнде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң он үш жылдан кем емес, оның iшiнде жетi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
2) екiншi топшасы үшiн (Комитет төрағасының орынбасары – ТЖМ, IIМ, ҚАЖК, КБК (C-SV-2), департамент бастығы (директоры) – ТЖМ, IIМ (C-SV-2), ЭСЖКА (C-FP-2), БП департамент бастығының орынбасары, дербес басқарма бастығы – БП (C-GP-2)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң он бiр жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң он екi жылдан кем емес, оның iшiнде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
3) үшiншi топшасы үшiн (департамент бастығының (директорының) орынбасары – ТЖМ, IIМ (C-SV-3), ЭСЖКА (C-FP-3), департамент бастығының (директорының) бiрiншi орынбасары – ЭСЖКА (C-FP-3), басқарма бастығы – ТЖМ, IIМ (C-SV-3), ЭСЖКА (C-FP-3), аппарат басшысының орынбасары – ЭСЖКА (C-FP-3)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, немесе келесi төменгi топшадағы лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң тоғыз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң он бiр жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
4) төртiншi топшасы (департамент, комитет басқармасының бастығы – ТЖМ, IIМ, ҚАЖК, КБК (C-SV-4), департамент басқармасының бастығы – ЭСЖКА (C-FP-4), басқармасы бастығының орынбасары – ЭСЖКА (C-FP-4), ТЖМ, IIМ (C-SV-4), баспасөз хатшысы – ЭСЖКА (C-FP-3), орталық органның бiрiншi басшысының кеңесшiсi – IIМ, ТЖМ (C-SV-4), ЭСЖКА (C-FP-3), БП, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi – ҚСжАЕК) басқармасының бастығы, Бас прокурордың аға көмекшiсi – БП (C-GP-3)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, немесе келесi төменгi топшадағы лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
5) бесiншi топшасы үшiн (департаменттiң, комитеттiң басқарма бастығының орынбасары – IIМ, ҚАЖК, КБК, ТЖМ (C-SV-5), бөлiм бастығы – IIМ, ҚАЖК, КБК, ТЖМ (C-SV-5), департаменттiң басқарма бастығының орынбасары, департаменттiң бөлiм бастығы, басқармасының бөлiм бастығы – ЭСЖКА (C-FP-5), БП басқарма бастығының орынбасары, бөлiм бастығы, ҚСжАЕК бөлiм бастығы, Бас прокурордың кеңесшiсi, көмекшiсi – БП (C-GP-4)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде келесi төменгi топшадағы лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң тоғыз жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
6) алтыншы топшасы үшiн (департамент, комитет басқармасының бөлiм бастығы, бөлiм бастығының орынбасары – IIМ, ҚАЖК, КБК, ТЖМ (C-SV-6), департаменттiң бөлiм бастығының орынбасары, департамент басқармасының бөлiм бастығы, орталық органның бiрiншi басшысының көмекшiсi – ЭСЖКА (C-FP-6), БП басқармасының, бөлiмiнiң аға прокуроры, ҚСжАЕК басқармасының, бөлiмiнiң аға прокуроры – БП (C-GP-5)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жарым жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
7) жетiншi топшасы үшiн (департамент, комитет басқармасының бөлiм бастығының орынбасары, бөлiмше бастығы – IIМ, ҚАЖК, КБК, ТЖМ (C-SV-7), аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (инспектор) – ЭСЖКА (C-FP-7), БП басқармасының, бөлiмiнiң прокуроры, ҚСжАЕК басқармасының, бөлiмiнiң прокуроры – БП (C-GP-6)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
8) сегiзiншi топшасы үшiн (аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (жедел уәкiл), аға офицер – IIМ (C-SV-8), бас маман – IIМ, ҚАЖК, КБК, ТЖМ (C-SV-8), аға тергеушi (инспектор) – ЭСЖКА (C-FP-8);
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
9) тоғызыншы топшасы үшiн (аға маман – IIМ, ҚАЖК, КБК, ТЖМ (C-SV-9), офицер – IIМ (C-SV-9), маман – IIМ, ҚАЖК (C-SV-10), тергеушi (инспектор) – ЭСЖКА (C-FP-9)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
10) оныншы топшасы үшiн (кiшi маман – IIМ (C-SV-11), кiшi инспектор – ЭСЖКА (C-FP-10), аға маман – IIМ (C-SV-12), маман – (C-SV-13), кiшi маман – (C-SV-14)):
бiлiм – орта арнайы;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық.
8. Құқық қорғау органдарындағы екiншi тобының лауазымдарына келесiдей үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары белгiленедi:
1) бiрiншi топшасы үшiн (облыс прокуроры – БП (C-OGP-1)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң он бес жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң он екi жылдан кем емес, оның iшiнде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң он төрт жылдан кем емес, оның iшiнде жетi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
2) екiншi топшасы үшiн (басшы – IIМ, ТЖМ ҚАЖК, КБК (C-SVO-1), аумақтық органның басшысы – ЭСЖКА (C-FPO-1), облыс прокурорының бiрiншi орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы бастығы – БП (C-OGP-2)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң он екi жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң он екi жылдан кем емес, оның iшiнде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
3) үшiншi топшасы үшiн (басшының орынбасары – IIМ, ТЖМ ҚАЖК, КБК (C-SVO-2), аумақтық органы басшысының орынбасары – ЭСЖКА (C-FPO-2), облыс прокурорының орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы бастығының орынбасары – БП (C-OGP-3)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
4) төртiншi топшасы үшiн (басқарма бастығы – IIМ, ТЖМ ҚАЖК, КБК (C-SVO-3), кеден бекетiнiң бастығы – КБК (C-SVO-3), аумақтық органның басқарма бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-3), облыс прокуратураның басқарма бастығы, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшiсi – БП (C-OGP-4)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
5) бесiншi тошасы үшiн (басқарма бастығының орынбасары – IIМ, ТЖМ ҚАЖК, КБК (C-SVO-4), бөлiм бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК, КБК (C-SVO-4), кеден бекетi бастығының орынбасары – КБК (C-SVO-4), аудандық органның басқарма бастығының орынбасары, заместитель начальника управления территориального органа, аудандық органның бөлiм бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-4), облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасы бастығының орынбасары – БП (C-OGP-5)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, немесе келесi төменгi топшадағы лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң тоғыз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
6) алтыншы топшасы үшiн (басқарманың бөлiм бастығы, бөлiм бастығының орынбасары – IIМ, ТЖМ, КБК, ҚАЖК (C-SVO-5), аумақтық органның бөлiм бастығының орынбасары, аудандық органның басқарма бөлiм бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-5), облыстық прокуратураның бөлiм бастығы, ҚСжАЕК облыстық органының бөлiм бастығы, облыс прокурорының көмекшiсi – БП (C-OGP-6)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде келесi төменгi топшадағы лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
7) жетiншi топшасы үшiн (басқарманың бөлiм бастығының орынбасары, бөлiмше бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК, КБК (C-SVO-6), аумақтық органның басқармасы бөлiм бастығының орынбасары, аумақтық органның бөлiмше бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-6)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
8) сегiзiншi топшасы үшiн (бас маман – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК, КБК (C-SVO-7), аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (жедел уәкiл), аға офицер – IIМ (C-SVO-7), аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-7)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
9) тоғызыншы топшасы үшiн (аға маман – IIМ, ҚАЖК, КБК (C-SVO-8), аға тергеушi (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-8), облыстық прокуратура басқармасының, бөлiмiнiң аға прокуроры, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлiмiнiң аға прокуроры – БП (C-OGP-7), облыстық прокуратура басқармасының, бөлiмiнiң прокуроры, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлiмiнiң прокуроры – БП (C-OGP-8)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
10) оныншы топшасы үшiн (маман – IIМ, ҚАЖК, КБК (C-SVO-9), тергеушi (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-9));
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
11) он бiрiншi топшасы үшiн (кiшi маман – IIМ (C-SVO-10), кiшi-инспектор – жүргiзушi-қызметкер – ЭСЖКА (C-FPO-10)):
бiлiм – орта арнайы.
6. Құқық қорғау органдарындағы үшiншi тобының лауазымдарына келесiдей үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары белгiленедi:
1) бiрiншi топшасы (облыстық маңызы бар қаладағы (республикалық маңызы бар ауданындағы) аумақтық орган басшысы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-1), аудан прокуроры – БП (C-RGP-1)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
үмiткер лауазымға орналасуға үмiттенетiн құқық қорғау органның орталық аппарат және облыстық органдарының (бұдан әрi – тиiстi жоғары құқық қорғау орган) лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
2) екiншi топшасы үшiн (облыстық маңызы бар қаладағы (республикалық маңызы бар ауданындағы) аумақтық орган басшысының орынбасары, қалалық, аудандық аумақтық орган басшысы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-2), аудан прокурорының орынбасары – БП (C-RGP-2)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
тиiстi жоғары құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
3) үшiншi топшасы үшiн (қалалық, аудандық аумақтық орган басшысының орынбасары – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-3)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, немесе келесi төменгi топшадағы лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
4) төртiншi топшасы үшiн (бөлiм бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-4), полицияның учаскелiк инспекторы – IIМ (C-SVR-4), аудандық прокуратураның бөлiм бастығы – БП (C-RGP-3)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес, оның iшiнде келесi төменгi топшадағы лауазымдарында жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
5) бесiншi топшасы үшiн (бөлiм бастығының орынбасары, бөлiмше бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-5)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
6) алтыншы топшасы үшiн (аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (жедел уәкiл), аға офицер, бас маман – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-6), аудан прокурорының аға көмекшiсi – БП (C-RGP-4)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
7) жетiншi топшасы үшiн (офицер, аға маман – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-7), аудан прокурорының көмекшiсi – БП (C-RGP-5)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
8) сегiзiншi топшасы үшiн (маман – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVR-8), тағылымдамашы – БП (C-RGP-6)):
бiлiм – орта арнайы;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық.
7. Құқық қорғау органдарындағы төртiншi тобының лауазымдарына келесiдей үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары белгiленедi:
1) бiрiншi топшасы үшiн («Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақ командирi – IIМ (C-SN-1), полк, эскадрилья командирi – IIМ (C-SSP-1), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң мың орыннан астам лимитi бар тергеу изоляторының бастығы – ҚАЖК (C-SGU-1), мекеме бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SGU-1), «Бүркiт» арнайы ерекше мақсаттағы жеке бөлiм (жасақ) командирi, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақ командирiнiң орынбасары – IIМ (C-SN-2), полк, эскадрилья командирiнiң орынбасары, полктiң, эскадрильяның штаб бастығы – IIМ (C-SSP-2), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң мың орыннан астам лимитi бар тергеу изоляторының бастығының орынбасары – ҚАЖК (C-SGU-2), мекеме бастығының орынбасары – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SGU-2)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
2) екiншi топшасы үшiн («Бүркiт» арнайы ерекше мақсаттағы жеке бөлiм (жасақ) командирiнiң орынбасары, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлiмшенiң арнайы жедел әрекет ету жасағының командирi, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың бөлiм бастығы – IIМ (C-SN-3), батальонның эскадрилья буынының командирi – IIМ (C-SSP-3), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң бес жүзден мың орынға дейiн лимитi бар тергеу изоляторының бастығы – ҚАЖК (C-SGU-3)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
3) үшiншi топшасы үшiн («Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың бөлiм бастығының орынбасары, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың қызмет бастығы, «Бүркiт» арнайы ерекше мақсаттағы жеке бөлiмiнiң (жасақтың) топ командирi, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлiмшенiң арнайы жеде әрекет ету жасағы командирiнiң орынбасары – IIМ (C-SN-4), полктiң штаб бастығының көмекшiсi, батальон командирiнiң орынбасары, рота командирi, эскадрильяның штаб бастығының орынбасары, эскадрилья командирiнiң көмекшiсi, қызмет бастығы – IIМ (C-SSP-4), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң бес жүзден мың орынға дейiн лимитi бар тергеу изоляторының бастығының орынбасары – ҚАЖК (C-SGU-4)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
4) төртiншi топшасы үшiн («Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың шабуылшысы, «Бүркiт» арнайы ерекше мақсаттағы жеке бөлiмнiң (жасақтың) топ командирiнiң орынбасары, «Бүркiт» арнайы ерекше мақсаттағы жеке бөлiмнiң (жасақтың) бөлiм бастығы – IIМ (C-SN-5), рота командирiнiң орынбасары, тiкұшақ командирi, топ бастығы, буынның аға ұшқыш-штурманы, взвод командирi – IIМ (C-SSP-5), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң бес жүзге дейiн лимитi бар тергеу изоляторының бастығы, сотталғандарға арналған аурухана бастығы – дәрiгер – ҚАЖК (C-SGU-5)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бiр жарым жылдан кем емес, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
5) бесiншi топшасы үшiн («Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың аға маманы, кезекшi бөлiмiнiң бастығы, рота командирi, «Бүркiт» арнайы ерекше мақсаттағы жеке бөлiм (жасақ) офицерi – IIМ (C-SN-6),взвод командирiнiң орынбасары, буынның және тiкұшақтардың техника-пайдалану бөлiмiнiң бастығы, тiкұшақтың аға ұшқыш – IIМ (C-SSP-6), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң бес жүзге дейiн лимитi бар тергеу изоляторының бастығының орынбасары – ҚАЖК (C-SGU-6)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
6) алтыншы топшасы үшiн («Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың маманы, рота командирiнiң орынбасары, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлiмшесi арнайы жедел әрекет ету жасағының аға маманы, взвод командирi – IIМ (C-SN-7), саптық бөлiмшенiң аға маманы, аға борт технигi, бот техник-нұсқаушы, топ технигi – IIМ (C-SSP-7), сотталғандарға арналған аурухана бастығының орынбасары – дәрiгер – ҚАЖК (C-SGU-7), «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлiмшесi арнайы жедел әрекет ету жасағының маманы, взвод командирiнiң орынбасары – IIМ (C-SN-8), саптық бөлiмше маманы – IIМ (C-SSP-8), бөлiм бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SGU-8), медициналық бөлiм бастығы – қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң дәрiгерi – ҚАЖК (C-SGU-8)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
7) жетiншi топшасы үшiн (қылмыстық-атқару жүйесi мекемесi, тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсi, қылмыстық-атқару жүйесi мекемесi, тергеу изоляторы жанындағы ауыстыру бекетiнiң бастығы, қылмыстық-атқару жүйесi мекемесi, тергеу изоляторы бастығының көмекшiсi – ҚАЖК (C-SGU-9), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесi, тергеу изоляторының бөлiм бастығының орынбасары – ҚАЖК (C-SGU-10), бөлiмше, мекеме қызмет бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SGU-10)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
8) сегiзiншi топшасы үшiн (қылмыстық-атқару жүйесi мекемесi, тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсiнiң орынбасары, жасақ, бөлiмше, учаске бастығы, медициналық сауықтыру бекетiнiң бастығы – қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекеме дәрiгерi, тергеу изоляторының жасақ бастығы – ҚАЖК (C-SGU-11), мекеменiң бас маманы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SGU-11), аға маман – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SGU-12), дәрiгер, медициналық кабинет бастығы-қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң дәрiгерi – ҚАЖК (C-SGU-12)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
9) тоғызыншы топшасы үшiн (маман – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SGU-13), қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң фельдшерi – ҚАЖК (C-SGU-13)):
бiлiм – орта арнайы, техникалық және кәсiби, орта буынның мамандарын даярлау қамтамасыз ететiн орта оқу орнынан кейiнгi.
8. Құқық қорғау органдарындағы бесiншi тобының лауазымдарына келесiдей үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары белгiленедi:
1) бiрiншi топшасы үшiн (академия бастығы – IIМ, (C-SVU-1), ЭСЖКА (C-FPU-1)):
бiлiм – жоғары арнайы, жоғары оқу орнынан кейiнгi, ғылыми дәреже, жоғары академиялық дәреже;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң сегiз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң он жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң он екi жылдан кем емес, оның iшiнде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
2) екiншi топшасы үшiн (академия бастығының орынбасары – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-2), ЭСЖКА (C-FPU-2), институт бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-2)):
бiлiм – жоғары арнайы, жоғары оқу орнынан кейiнгi, ғылыми дәреже, жоғары академиялық дәреже;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң тоғыз жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң он бiр жылдан кем емес, оның iшiнде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
3) үшiншi топшасы үшiн (институт бастығының орынбасары, орта оқу орнының бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-3)):
бiлiм – жоғары арнайы, жоғары оқу орнынан кейiнгi;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң тоғыз бiр жылдан кем емес, оның iшiнде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
4) төртiншi топшасы үшiн (орта оқу орны бастығының орынбасары, жоғары оқу орны бастығының көмекшiсi – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-4), жоғары оқу орнының факультет бастығы, кәсiптiк даярлау училищесiнiң бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-5), академияның факультет бастығы – ЭСЖКА (C-FPU-3)):
бiлiм – жоғары арнайы, жоғары оқу орнынан кейiнгi;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң алты жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң сегiз бiр жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
5) бесiншi топшасы үшiн (жоғары оқу орнының факультет бастығының орынбасары, бөлiм, кафедра, қызмет, жоғару оқу орны орталығының бастығы, ғылыми хатшы, кәсiптiк даярлау училищесi бастығының орынбасары – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-6), бөлiм, кафедра, қызмет, жоғары оқу орны орталығы бастығының орынбасары, жоғары оқу орнының адъюнктура бастығы, жоғары оқу орнының курс бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-7), академияның факультет бастығының орынбасары – ЭСЖКА (C-FPU-4)):
бiлiм – жоғары арнайы, жоғары оқу орнынан кейiнгi;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде бiр жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң жетi жылдан кем емес, оның iшiнде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
6) алтыншы топшасы үшiн (жоғары оқу орнының профессоры, жоғары оқу орнының доцентi – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-8), профессор – ЭСЖКА (C-FPU-4), доцент – ЭСЖКА (C-FPU-5)):
бiлiм – жоғары арнайы, жоғары оқу орнынан кейiнгi;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем емес, оның iшiнде екi жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
7) жетiншi топшасы үшiн (колледждiң бөлiм, факультет, қызмет бастығы, жоғары оқу орнының бөлiмше бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-8), академияның бөлiм, кафедра бастығы – ЭСЖКА (C-FPU-4), академияның бөлiм, кафедра бастығының орынбасары – ЭСЖКА (C-FPU-5), курс бастығы – ЭСЖКА (C-FPU-7)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң төрт жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
8) сегiзiншi топшасы үшiн (бас маман, жоғары оқу орнының аға ғылыми қызметкерi, жоғары оқу орнының курс бастығының орынбасары, колледждiң кафедра бастығы, колледждiң бастығының көмекшiсi, жоғары оқу орнының аға оқытушысы, колледждiң бөлiм бастығының орынбасары – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-9), академияның аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкерi – ЭСЖКА (C-FPU-6), курс бастығының орынбасары – ЭСЖКА (C-FPU-8)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
құқық қорғау қызметiнде жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң үш жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
9) тоғызыншы топшасы үшiн (жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерi – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-10), академияның ғылыми қызметкерi, ғылыми кеңестiң хатшысы – ЭСЖКА (C-FPU-7)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
мемлекеттiк органдарда жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы, не осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
10) оныншы топшасы үшiн (орта оқу орнының курс бастығы, колледждiң аға оқытушысы, колледждiң бас маманы, колледждiң бөлiмше бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-11), академияның кiшi ғылыми қызметкерi – ЭСЖКА (C-FPU-8)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң болуы лазым;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң екi жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
11) он бiрiншi топшасы үшiн (жоғары оқу орнының оқытушысы, кәсiптiк даярлау училищесi бастығының көмекшiсi, кәсiптiк даярлау училищесiнiң курс бастығы, кәсiптiк даярлау училищесiнiң бас маманы, кәсiптiк даярлау училищесiнiң аға оқытушысы, жоғару оқу орнының аға маманы, кәсiптiк даярлау училищесiнiң бөлiм бастығының орынбасары – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-12), академияның оқытушысы – ЭСЖКА (C-FPU-7)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;
12) он екiншi топшасы үшiн (кәсiптiк даярлау училищесiнiң бөлiмше бастығы, кәсiптiк даярлау училищесiнiң оқытушысы, жоғары оқу орнының маманы, колледж оқытушысы, рота командирi – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-13), аға инспектор – ЭСЖКА (C-FPU-9), колледждiң аға маманы, кәсiптiк даярлау училищесiнiң аға маманы, жоғары оқу орнының үрмелi оркестр жетекшiсi, рота командирiнiң орынбасары, взвод командирi – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-14), инспектор – ЭСЖКА (C-FPU-10), колледждiң маманы, кәсiптiк даярлау училищесiнiң маманы, қарауыл, клуб, тир, кабинет бастығы – IIМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVU-15)):
бiлiм – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн жоғары кәсiби;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiм және дағды;
13) он үшiншi топшасы үшiн (кiшi инспектор – ЭСЖКА (C-FPU-11), қызметкер-жүргiзушi – ЭСЖКА (C-FPU-12)):
бiлiм – орта;
осы топшадағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлiнiң бiр жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina