Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникацмия министрiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы N 89 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 16 наурызда N 6822 тiркелдi
Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 76-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Ә. Құсайынов
|