ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасының Қаржы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2011 жылғы 25 ақпандағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 16 наурызда № 6816 тiркелдi
"Уақытша әкелiнген тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейiннен әкету туралы мiндеттеменi табыс ету және оны орындаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 16 шiлдедегi № 353 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

РҚАО-ның ескертуi!
Бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз.

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уақытша әкелiнген тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейiннен әкету туралы мiндеттеменi табыс ету және оны орындаудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 16 шiлдедегi № 353 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6368 болып тiркелген, 2010 жылғы 28 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетiнде № 351-352 (26195) жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Уақытша әкелiнген тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейiннен әкету туралы мiндеттеменi табыс ету және оны орындау ережелерiнде:
4-тармақта «сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауарларды классификациялау құжаттары (СЭҚ ТН)» деген сөздер «келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының кеден органдары беретiн Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытынды.
Бұл ретте, егер келiсiмшартта мұндай тауарды бiрнеше рет жеткiзу көзделсе, онда Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бiрiншi жеткiзу бойынша берiледi, ал кейiнгi жеткiзулер бойынша осындай қорытындының көшiрмесi берiледi.» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мiндеттемеде көрсетiлген уақытша әкелiнген тауарларды әкету мерзiмi бiткенге дейiн қосымша келiсiммен шартқа (келiсiмшартқа) өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, онда салық төлеушi бұрын табыс еткен мiндеттеменi қайтарып алу жолымен бiр мезгiлде жаңа мiндеттеменi табыс етедi.»;
көрсетiлген Ережелерге 2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркелуiн және оны кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Министр Б. Жәмiшев

2011 жылғы 25 ақпандағы
"Уақытша әкелiнген тауарларды,
көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасының аумағынан
кейiннен әкету туралы
мiндеттеменi табыс ету және
оны орындаудың ережесiн бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң 2010 жылғы
16 шiлдедегi № 353 бұйрығына
өзгерiстер мен толықтыру енгiзу
туралы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң бұйрығына
қосымша

Уақытша әкелiнген тауарларды,
көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасының аумағынан
кейiннен әкету туралы
мiндеттеменi табыс ету және
оны орындаудың ережесiне
2-қосымша

Кеден одағына уақытша әкелiнген тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейiннен әкету туралы мiндеттеменi орындау жөнiндегi есеп

Қолданушылардың назарына!
Салық есептiлiгiн жасау ережесiнiң графикалық нысандары базаға енгiзiлмейдi, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығышта алуға болады.

Ескертпе:
Салық төлеушi келесi мәлiметтердi көрсетедi.
1. «Есеп табыс етiлетiн Мiндеттеме туралы ақпарат» бөлiмiнде салық төлеушi:
1) 1-жолда Есеп табыс етiлетiн Мiндеттеменiң кiрiс нөмiрi;
2) 2-жолда Есеп табыс етiлетiн Мiндеттеменi қабылдаған күн.
2. «Жалпы ақпарат» бөлiмiнде салық төлеушi мiндеттi түрде мынадай деректердi көрсетедi:
«Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат» бөлiмiнде салық төлеушi мiндеттi түрде мынадай деректердi көрсетедi:
1) СТН – салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
2) ЖСН (БСН) – салық төлеушiнiң жеке сәйкестендiру (бизнес сәйкестендiру) нөмiрi.
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мiндеттеменi табыс ету кезiнде мiндеттi түрде толтырылуы тиiс;
3) тауарларды, көлiк құралдарын уақытша әкелудi жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе аты-жөнi. Жол мiндеттi түрде толтырылуы тиiс;
Заңды тұлға үшiн жарғылық құжаттарына сәйкес атауы, жеке тұлға үшiн жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке кәсiпкер үшiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке сәйкес атауы көрсетiледi;
4) салық төлеушiнiң санаты. Салық төлеушi қандай санатқа жататындығына қарай А, В, С, D, E, F, G торкөздердiң бiрi мiндеттi түрде белгiленедi;
4 А жолында торкөздердiң бiрi мiндеттi түрде белгiленуi тиiс. I торкөз резиденттiң тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгiленедi. II торкөз қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместiң тауарларды уақытша әкелген жағдайда белгiленедi;
4 В жолы егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын, тауарларды уақытша әкелудi жүзеге асыратын тұлға Салық кодексiнiң 276-2-бабы 2) тармақшасының үшiншi және төртiншi абзацтарына белгiленген шартарды сақтаған кезде толтырады. Егер құрылымдық бөлiмше шарттың (келiсiмшарттың) тарабы болып табылса, 4 ВI торкөз белгiленедi. Егер құрылымдық бөлiмше шарт (келiсiмшарт) бойынша тауарларды алушы болып табылса, 8 ВII торкөз белгiленедi;
4 С торкөздi тауарларды уақытша әкелген кезде жеке тұлға белгiлейдi;
4 D торкөздi тауарларды уақытша әкелген кезде жеке нотариус белгiлейдi;
4 Е торкөздi тауарларды уақытша әкелген кезде адвокат белгiлейдi;
4 F торкөз шетелдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн тауарларды уақытша әкелген кезде белгiлейдi;
5) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, көлiк құралдарын әкелу жүргiзiлген кеден одағына мүше мемлекет, аумағынан тауарларды, көлiк құралдарын әкелу жүргiзiлген iлеспе жүкқұжаттар бойынша кеден одағына мүше мемлекет көрсетiледi;
6) валюта коды
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес валюта коды мiндеттi түрде көрсетiледi;
3. «Уақытша әкелiнген тауарлар, көлiк құралдары туралы мәлiметтер» бөлiмiнде:
1) 9-жолда iлеспе келiсiмге (шартқа), iлеспе жүкқұжаттарға, техникалық паспортқа, шот-фактураға, жүкқұжатқа сәйкес тауарлардың, көлiк құралдарын атауы көрсетiледi;
2) 9-жолда тауарлардың СЭҚ БТН коды көрсетiледi, ол сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасының коды бойынша уақытша әкелiнген тауарлардың жiктемесiн растайтын құжаттардың негiзiнде айқындалады;
3) 11-жолда тауарлардың, көлiк құралдарының әкелiнген растайтын құжаттардың атауы, нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
4) 12-жолда тауарлардың айрықшылық белгiлерi, оның ерекшiлiгi, ал көлiк құралдары үшiн: түрi мен маркасы, қозғалтқыштың нөмiрi, шассиi, шанақтың, тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
5) 13-жолда Әкетiлген тауарлардың, көлiк құралдарының саны Мiндеттемеде көрсетiлгеннен артық емес өлшем бiрлiгi көрсетiледi;
6) 14-жолда бұрын алдын Мiндеттемеде көрсетiлген құнын ескерумен әкетiлген тауарлардың, көлiк құралдарының құны көрсетiледi;
7) 15-жолда Салық кодексiнiң 276-15-бабының 3-тармағы орындалған жағдайда кемiтуге жататын ҚҚС көрсетiледi.
4. «Уақытша әкелiнген тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейiннен әкету туралы мiндеттеменi орындау туралы Есеп» бөлiмiнде:
1) 16-жолда Уақытша әкелiнген мерзiмiнде Мiндеттемеде мәлiмделген уақытша әкелiнген мерзiмi күнтiзбелiк айларда көрсетiледi;
2) 17-жолда Уақытша әкелiнген нақты мерзiмiнде уақытша әкелiнген нақты мерзiмi күнтiзбелiк айларда, уақытша әкелiнген тауарлардың, көлiк құралдарының мақсаты мен жағдайы келiсiмшарттар мен iлеспе жүкқұжаттарға сәйкес әкелудiң және әкетудiң күнiн нақтылаумен көрсетiледi.
5. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлiмiнде:
1) «Салық төлеушiнiң (басшының) аты-жөнi» жолында жарғылық құжаттарына сәйкес басшының аты-жөнi (болған жағдайда) көрсетiледi. Егер Мiндеттеменi жеке тұлға тапсыратын болса, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттарға, жеке кәсiпкер үшiн жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке сәйкес атауы көрсетiледi;
2) Есептi тапсыру күнi жолында Есептi салық органына тапсыру күнi көрсетiледi;
3) салық органының коды жолында салық төлеушi орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетiледi;
4) «Есептi қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөнi» жолында Есептi қабылдаған салық органы қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) көрсетiледi;
5) Есептi қабылдаған күн жолында осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес Есептiң берiлген күнi көрсетiледi;
6) құжаттың кiрiс нөмiрi жолында Есептiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi.
Осы тармақтың 4)-6) тармақшаларында көрсетiлген, Мiндеттеменi табыс еткен мәлiметтердi салық органының лауазымды тұлғасы толтырады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina