ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы N 51 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi N 80 Бiрлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 26 сәуiрдегi N 6915 тiркелдi
Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрi А.И. Бөрiбаевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мәдениет-министрi Экономикалық даму және
___________М. Құл-Мұхаммед сауда министрi
____________Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрiнiң
2011 жылғы 29 наурыздағы
№ 51 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму сауда
министрiнiң
2011 жылғы 1 сәуiрдегi
№ 80 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлдi

Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi

1. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалануға арналған тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi (бұдан әрi - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабын және «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн (бұдан әрi - тарих және мәдениет ескерткiштерi) пайдалануды және күтiп ұстау тәртiбiне тексеру жүргiзу үшiн әзiрлендi.
2. Осы критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
1) тәуекел - салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерiне жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiру ықтималдығы;
2) тарих және мәдениет ескерткiштерi - тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiлген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттiң дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бiрлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрiктi жерлер.
3) Бақылау субъектiлерi - жеке кәсiпкерлiк саласындағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар.
3. Тәуекел дәрежесiне байланысты бақылау субъектiлерi жоғары, орташа немесе төменгi тәуекел топтарына жатқызылады.
4. Бастапқыда барлық бақылау субъектiлерi төменгi тәуекел дәрежесiндегi топқа жатқызылады.
5. Бұдан әрi критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектiлерi тексерулер нәтижелерi бойынша тиiстi тәуекел топтарына қайта бөлiнедi:
1) тәуекел дәрежесiнiң төменгi тобына тексеру нәтижесi бойынша 1-ден 4-ке дейiн балл жинаған бақылау субъектiлерi жатады;
2) тәуекел дәрежесiнiң орташа тобына тексеру нәтижесi бойынша 5-тен 20-ға дейiн балл жинаған бақылау субъектiлерi жатады;
3) тәуекел дәрежесiнiң жоғарғы тобына тексеру нәтижесi бойынша 20 және одан да жоғары балл жинаған бақылау субъектiлерi жатады.
6. Тәуекел деңгейлерiн бағалау критерийлерi мыналар болып табылады:
тарих және мәдениет ескерткiшiнде қорғау тақтасының болмауы - 1 балл;
мемлекеттiк органның тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру туралы шешiмiнiң болмауы - 1 балл;
тарих және мәдениет ескерткiштерiне қорғау мiндеттемесiнiң болмауы - 1 балл;
тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң паспортының болмауы - 1 балл;
тарих және мәдениет объектiлерiнiң қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болмауы - 5 балл;
тарих және мәдениет ескерткiшiнiң айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгiлерiмен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгiлердiң болмауы - 5 балл;
тарих және мәдениет ескерткiштерде ғылыми-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсуiнiң болмауы - 5 балл;
тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң қорғау аймақтарында ескерткiштiң сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына терiс әсерiн тигiзетiн жұмыстар жүргiзiлмеуi - 5 балл;
тарих және мәдениет ескерткiшiнiң құрылыс салуды реттеу аумағындағы құрылыс сипатын реттеу шараларының қабылданбауы (құрылыс салудың ауқымдылығы, қабаты, тығыздығы және функционалдық қызметi) - 20 балл;
тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қауiп төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндiрiстiк, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзуге жол бермеу шараларының қабылданбауы - 20 балл;
тарих және мәдениет ескерткiшiнiң тарихи, сәулеттiк-көркемдiк келбетiн жоюға болатын өзгеруден, бұрмалаудан, тағылық актiлерiнен, зақым келуден, өңiн айналдырудан, орынсыз өзгерiстер енгiзуден, тарихи түпмәтiннен үзiп тастаудан, зақымдаудан, жалған дәрiптеуден, бұрмалаудан, ескеркiштiң өзiн немесе оның бөлшектерiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуден қорғау қамтамасыз етiлмеуi - 20 балл;
Жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiшiнде тиiстi лицензиясыз ғылыми-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу - 20 балл.
7. Жиналған баллдардың неғұрлым көп сомасы төмендегi тәуекел тобының iшiндегi бақылау субъектiлерiн басымды iрiктеудiң негiзi болып табылады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina