Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 30 наурыздағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 29 сәуiрде N 6926 тiркелдi
Сауда қызметiн реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсiпкерлiк саласында сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысанын бекiту туралы «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 7-бабы 16) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Сауда қызметiн реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсiпкерлiк саласында сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi (А.Қ. Қазыбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрi Т.М. Сүлейменовке жүктелсiн. 4. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Ж. Айтжанова Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2011 жылғы 30 наурыздағы № 68 бұйрығымен бекiтiлдi Нысан Сауда қызметiн реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсiпкерлiк саласында сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағы Тексерудi тағайындаған орган_________________________________________ _____________________________________________________________________ Тексерудi тағайындау туралы актi ____________________________________ (№, дата) Бақылау субъектiсiнiң атауы__________________________________________ _____________________________________________________________________ СТН (ЖСН/БИН) _______________________________________________________ Субъектiнiң мекен-жайы_______________________________________________ Р/с № | Талаптар тiзбесi | 1. | Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына шектi жол берiлетiн бөлшек сауда бағаларының белгiленген мөлшерiн сақтау («Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес) |
|
| Мемлекеттiк бақылау субъектiсiнiң тексеру парағын алғаны туралы белгiсi: 20___жылғы "___"______ __________________________________ (А.Т.Ә., лауазымы, қолы)
|