ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2011 жылғы 31 қазандағы № 355 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдiң м.а. 2011 жылғы 21 қазандағы N 341 Бiрлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 16 қарашада № 7300 тiркелдi

Бағалау қызметi аясында жеке кәсiпкерлiк саласында Тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 1-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған Бағалау қызметiнiң тексерiлетiн субъектiлерiнiң бағалау қызметi аясында жеке кәсiпкерлiк саласында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде № 6271 тiркелген және 24.11.2010 жылғы № 319 (26380) «Казахстанская правда» газетiнде жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2010 жыл, № 15 (Тиражға шыққан уақыты 25.11.2010 ж.) «Мүлiктi бағалау қызметi саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 23 сәуiрдегi № 138 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 29 сәуiрдегi № 17 бiрлескен бұйрығының күшi жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасарына жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрi Экономикалық даму және
____________Р. Түсiпбеков сауда министрдiң м.а.
___________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
2011 жылғы 31 қазандағы № 355 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрдiң м.а.
2011 жылғы 21 қазандағы № 341 бiрлескен
бұйрығымен бекiтiлген
Бағалау қызметi аясында жеке кәсiпкерлiк саласында тәуекел
дәрежесiн бағалау өлшемдерi
1. Осы Бағалау қызметi аясында жеке кәсiпкерлiк саласында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдер (бұдан әрi – Өлшем) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметiнiң тексерiлетiн субъектiлерiн тәуекел дәрежесiне жатқызуда тәуекел көрсеткiштерiн айқындау үшiн әзiрленген.
2. Осы Өлшемдерде келесiдей ұғымдар пайдаланылған:
1) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi тәуекелдiң түрлi дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштер жиынтығы;
2) тәуекел – жоқ объектiге немесе бағалау қызметi саласындағы заңнама, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын бұрыс мәлiметтердi пайдалана отырып, ол экономикалық қылмыстар үшiн алғышарттар болып табылатын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне қарама-қайшы келетiн бұрыс бағалау;
3) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бағалау қызметiнiң лицензиаттарын тексерудi жоспарлау мақсатында бақылау қызметтерiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органмен жүргiзiлетiн iс-шаралар кешенi;
4) тексерiлетiн субъект – бағалау қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негiзiнде не Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негiзiнде жеке кәсiпкер ретiнде бағалау қызметiмен айналысуға құқылы жеке немесе заңды тұлға.
3. Тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi екi түрге бөлiнедi:
1) объективтi – тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын тәуекелдердiң маңыздылығына негiзделген;
2) субъективтi – тексерiлетiн субъектiлердiң бекiтiлген талаптарды бұзуға жол беруiне байланысты айқындалады.
Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежесi бойынша бiрiншiге жатқызу бағалау қызметi аясында жұмыс өтiлiне байланысты тек тәуекел дәрежесiн бағалаудың объективтi өлшемдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежесi бойынша келесiге жатқызу алынған балдар санына байланысты тек тәуекелдiң дәрежесiн бағалаудың объективтi өлшемдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Бiрiншi бөлу кезiнде тексерiлетiн субъектiлер жатқызылады:
1) тәуекелдiң жоғары дәрежесiндегi субъектiлерге - бағалау қызметi аясында жұмыс өтiлi 5 жылға дейiнгi тексерiлетiн субъектiлер;
2) тәуекелдiң орта дәрежесiндегi субъектiлерге - бағалау қызметi аясында жұмыс өтiлi 5 жылдан 10 жылға дейiнгi тексерiлетiн субъектiлер;
3) тәуекелдiң мардымсыз дәрежесiндегi субъектiлерге - бағалау қызметi аясында жұмыс өтiлi 10 жыл және одан да жоғары тексерiлетiн субъектiлер.
5. Тәуекел дәрежесi бойынша тексерiлетiн субъектiлердi келесiге жатқызу кезiнде субъектiлер бағалау қызметi аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалаудың субъектiлiк өлшемдерiне байланысты бөлiнедi.
Тәуекелдi бағалау қолда бар ақпаратты жүйелi түрде пайдалану жолымен жүргiзiледi.
Әдiлет органдары өткен жоспарлы және жоспардан тыс тексерiстердiң мәлiметтерiн талдауымен жүзеге асырылады.
6. Келесi өлшемдерге сәйкес балдар берiледi:
1) Тексерiлетiн субъектiде бағалау жүргiзу шарттары бойынша бұзушылықтардың болуы:
шарттың мазмұны мен нысаны бойынша бұзушылықтар – 2 балл;
бағалау қызметi аясында заңмен тыйым салынған шарттарды жасау –
3 балл;
2) бағалау туралы есептерде бұзушылықтардың болуы:
бағалау нәтижесiне әсер етпейтiн, есептердiң мазмұны мен нысаны бойынша талаптарды бұзу – 2 балл;
бағалау нәтижесiне әсер ететiн, бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын қолданудағы бұзушылықтар – 3 балл;
3) бұзушылықтардың қайталануы:
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл және одан кейiн де қайта жасалған бұзушылықтар – 2 балл;
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайта жасалған бұзушылықтар – 20 балл;
4) тексерiлетiн субъектiлердiң бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерi хронологиялық тәртiпте көрсетiлген бағалау жүргiзу есептерi кiтабы жүргiзу бойынша мiндеттерiн орындамау – 1 балл;
5) жасалған есептердi сақтау жөнiндегi талаптарды орындамау (5 жыл iшiнде) – 2 балл;
6) бағалаушылармен объектiнi тiкелей зерттеудi жүзеге асырмауы – 3 балл;
7) азаматтық-құқықтық жауаптылық шартының болмауы – 3 балл;
8) кәсiби талаптарға сай келмеуi – 20 балл;
9) бағалаушымен тәуелсiздiк талаптарын сақтамау – 5 балл.
7. Тәуекелдiң әрбiр өлшемi бойынша шектi мөлшерi бар сәйкесiнше балдар берiледi.
8. Тәуекелдiң өлшемдерi бойынша балдар барлық өлшемдер бойынша жалпы сомалық қорытындыны анықтау үшiн сомаланады.
9. Тәуекелдiң барлық өлшемдер бойынша сомалық қорытынды нәтижелерi тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежесi бойынша бөлу үшiн пайдаланылады.
10. Тәуекелдiң дәрежесi бойынша тексерiлетiн субъектiлердi бөлу келесi түрде жүзеге асырылады:
1) тәуекелдiң жоғары дәрежесi – 21 балдан жоғары;
2) тәуекелдiң орта дәрежесi – 12-ден 20 балға дейiн (қоса алғанда);
3) тәуекелдiң мардымсыз дәрежесi – 11 балға дейiн (қоса алғанда).
11. Тәуекелдiң бiр тобы iшiнде жоспарлы тексерiс жүргiзуге тексерiлетiн субъектiлердi iрiктеу келесi қағидасы бойынша жүзеге асырылады:
1) жиналған балдардың ең көп саны;
2) ең көп тексерiлмеген кезең.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina