Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 683 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5026 болып енгізілді.
Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымының ережесін бекіту туралы
Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымының ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ўйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Јділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Министр
|