Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 256 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 28 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4949 болып енгізілді.
Ўйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесін бекіту туралы
Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ўйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік тіркеу үшін Ережені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Б. Баталовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр
|