Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 409 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4941 болып енгізілді.
Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз. Кандидаттық емтихандарды ұйымдастыру және өткізудің бөлігінде ғылыми кадрларды аттестаттаудың талаптарын арттыру және одан әрі жетілдіру мақсатында БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне (Т.О.Балықбаев): осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін; осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасына (Т.О.Балықбаев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр
|