Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 227-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4979 болып енгізілді.
Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз. "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Јкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін: 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазақстан темір жолы" Ўлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға
|