Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 241 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4945 болып енгізілді.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында,»"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін. 2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 637 тіркелген,»"Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің м.а.
|