Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 472 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 30 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4438 болып енгізілді.
Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының»"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" және»"Жарнама туралы" Заңдарына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасы және олардың жарнамасына рұқсат беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (Г.Н.Јбішева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Јділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ўйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр
|