Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 148 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5365 болып енгізілді.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы Қолданушылардың назарына!!! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесі бекітілсін. 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасының Ўлттық Банк Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2669 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 67 (24377) жарияланған); 2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4667 тіркелген). 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он терт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. 4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов): 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру коры" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін. 5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.