ГЛАВНАЯ »  Страхование  »  Страховое законодательство  »  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Страховое законодательство

  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 153 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3725
Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сақтандыру рыногында актуарийлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1532 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 18 маусымда - 1 шiлдеде жарияланған, Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2753 тiркелген), Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3306 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

атауында және 1-тармақта "актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздер "актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:
1) тармақшадағы "және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшада "және Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң" деген сөздер алып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ережеде:
атауында "актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздер "актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

барлық мәтiн бойынша "кандидаттың", "кандидат", "кандидатқа" деген сөздер "өтiнiш берушiнiң", "өтiнiш берушi", "өтiнiш берушiге" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:
"жүргiзуге" деген сөз "жүзеге асыруға" деген сөзбен ауыстырылсын;
", сондай-ақ сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерiн" деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақта "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта "жүргiзуге" деген сөз "жүзеге асыруға" деген сөзбен ауыстырылсын;

19-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысының 6-қосымшасына сай нысан бойынша өтiнiш;
2) осы Ереженiң 4-қосымшасына сай нысан бойынша лицензия алуға өтiнiш берушi (бұдан әрi - өтiнiш берушi) туралы мәлiметтер;";

23-тармақта "он күннiң" деген сөздер "бiр айдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 23-1-23-12-тармақтармен толықтырылсын:
"23-1. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бiлуiне тестiлеуден өткеннен кейiн оған сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия берiледi.
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бiлуiне тестiлеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган 30 сұрақ бойынша 30 минут iшiнде компьютерлiк тестiлеу нысанында жүзеге асырады. Тест сұрақтарында жауаптардың кемiнде үш нұсқасы болуы және олардың бiреуi дұрыс болуы тиiс.
Тестiлеу сұрақтарын уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам бекiтедi.

23-2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның бөлiмшесi өтiнiш берушiнi (актуарийдi) тестiлеудiң өткiзiлетiн күнi туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Өтiнiш берушi (актуарий) дәлелдi себептермен белгiленген мерзiмде тестiлеуден өту үшiн келмеген жағдайда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органға келмей қалған себептерiн және тестiлеуден өту күнiн көрсете отырып бұл жөнiнде хабардар етедi.

23-3. Тестiлеу кезiнде тестiленетiн адаммен бiрге бiр бөлмеде тек уәкiлеттi мемлекеттiк органның жауапты бөлiмшесi қызметкерлерiнiң және қажет болса, аудармашының қатысуына ғана рұқсат етiледi.
Өтiнiш берушi (актуарий) тестiлеуден өткен кезде қандай да бiр жазбаша, электрондық немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Осы тармақта аталған талаптарды бұзу тестiлеудiң терiс қорытындыларына теңестiрiледi.

23-4. Өтiнiш берушi дұрыс жауаптардың кемiнде 70 процентiн алған жағдайда тестiлеу қорытындылары оң деп саналады.
Өтiнiш берушi тестiлеуден өткеннен кейiн дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.

23-5. Өтiнiш берушi тестiлеу қорытындыларымен келiспеген жағдайда ол тестiлеу рәсiмi аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға жазбаша түрде шағымдана алады.

23-6. Аппеляциялық комиссияның құрамы уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

23-7. Аппеляциялық комиссия шағымды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оны қарайды.

23-8. Аппеляциялық комиссияның мәжiлiсiн өткiзу үшiн кворум Аппеляциялық комиссияның Төрағасын (Төрағаның орынбасарын) қоса алғанда, Аппеляциялық комиссия мүшелерi санының кемiнде үштен екiсi құрайды.
Аппеляциялық комиссияның әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие. Аппеляциялық комиссияның шешiмдерi Аппеляциялық комиссияның мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелерi санының жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасының дауысы не ол болмаған жағдайда Аппеляциялық комиссия Төрағасы орынбасарының дауысы шешушi болып табылады.

23-9. Аппеляциялық комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ол екi дана етiп жасалып, оған осы мәжiлiске қатысқан Аппеляциялық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.

23-10. Аппеляциялық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын Аппеляциялық комиссия мүшелерiнiң арасынан тағайындалатын хатшы жүргiзедi.

23-11. Аппеляциялық комиссия шағымды қарау нәтижелерi бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
тест қорытындыларын өзгерiссiз қалдыруға, ал шағымды қанағаттандырмауға;
өтiнiш берушiнiң (актуарийдiң) шағымын қанағаттандыруға және оны қайта тестiлеуге жiберуге.

23-12. Компьютерлiк тестiлеу қорытындылары терiс болған жағдайда өтiнiш берушi бұрын өткен тестiлеу күнiнен бастап бiр айдан бұрын емес, бiрақ соңғы он екi ай iшiнде үш реттен артық емес тестiлеуден өтуге арналған құжаттарды қайталап тапсырады.";

25-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензияны қайтарып алу туралы деректер болса;
"4) тестiлеудiң терiс қорытындысы болса.";

26-тармақ алып тасталсын;

29-тармақ алып тасталсын;

30-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар актуарийлер растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженiң 19-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардағы өзгерiстер жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органды он күндiк мерзiмде хабардар етедi.";

36 және 41-тармақтардағы "екi республикалық газетте" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тарау алып тасталсын;

45-1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Бiлiктiлiк емтиханы 40 сұрақ бойынша 60 минут iшiнде өтедi.
Тест сұрақтарында жауаптардың кемiнде бес нұсқасы болуы және олардың бiреуi дұрыс болуы тиiс.
Тестiлеуден өту рәсiмi осы Ереженiң 23-2, 23-3-тармақтарына сәйкес өтедi.
Тестiлеу сұрақтарын уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам бекiтедi.";

45-4-тармақ алып тасталсын;

45-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың кемiнде 60 процентiн алған жағдайда бiлiктiлiк емтиханының қорытындылары оң деп саналады.
Актуарий тестiлеуден өткеннен кейiн дереу қол қоя отырып тест қорытындыларымен танысады.
Уәкiлеттi орган актуарий мәртебесi бар және Актуарийлердiң Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесi деген мәртебесiне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бiрлестiктiң) мүшесi (толық мүшесi) болып табылатын актуарийдiң бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешiмдi олар осы Ереженiң 45-2-тармағында көрсетiлген барлық құжаттарды тапсырған жағдайда компьютерлiк тестiлеудi өткiзбестен қабылдай алады.";

45-8-тармақта:
"үш айдан" деген сөздер "30 күнтiзбелiк күннен, бiрақ 45 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бiр күнтiзбелiк жыл" деген сөздер "соңғы он екi ай" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Актуарий көрсетiлген мерзiм iшiнде хабарласпаған жағдайда, ол бiлiктiлiк емтиханын қайталап тапсырмаған деп танылады.";

мынадай мазмұндағы 45-10-тармақпен толықтырылсын:
"Актуарий бiлiктiлiк емтиханының қорытындысымен келiспеген жағдайда ол тестiлеу рәсiмi аяқталғаннан кейiн уәкiлеттi органға шағыммен хабарласады. Аппеляциялық комиссияның жұмыс тәртiбi мен талаптары осы Ереженiң 23-6-23-11-тармақтарына сәйкес айқындалады.";

46-тармақта:
"немесе оның бiлiктiлiк комиссиясының" деген сөздер алып тасталсын;

1, 2, 5-қосымшалардың жоғарғы оң бұрышындағы "актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздер "актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

3 және 7-қосымшалар алып тасталсын;

4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Сақтандыру рыногында актуарлық
қызметтi жүзеге асыру, актуарлық
қызметтi жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
қайтарып алу, актуарийлердiң
бiлiктiлiк емтиханын тапсыру
тәртiбi туралы ереженiң
4-қосымшасы

________
| |
| Өтiнiш |
| иесiнiң|
| суретi |
|________|

Актуарийлiк қызметтi жүргiзу үшiн лицензия алуға өтiнiш иесi туралы мәлiметтер
1. Жалпы мәлiметтер:

Тегi, аты,
әкесiнiң аты

______________________________________________
______________________________________________
(жеке куәлiгiмен (төлқұжатымен) толық
сәйкестiгi, тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген
жағдайда, көрсетiлсiн: қашан және қандай
себеппен олар өзгертiлдi)

Туған күнi
мен жерi

Тұрғылықты
мекен-жайы,
телефон
нөмiрлерi

______________________________________________
______________________________________________
(елдi мекеннiң кодын қоса отырып, толық
мекен-жайы, қызмет, үй, байланыс
телефондарының нөмiрлерi көрсетiлсiн)

Азаматтығы

Жеке басын
куәландыратын
құжаттың толық
деректемелерi

Сақтандыру ұйымдарында немесе олармен аффилиирленген
ұйымдарда жұмыс iстейтiн жақын туысқандары, туыстары туралы
мәлiметтер:

N

Тегi, аты,
әкесiнiң аты

Туған
жылы

Туыстық немесе
жақындық түрi
көрсетiлсiн

Жұмыс орны
және
лауазымы

1

2

3

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тiкелей немесе жанама
қатысуы:

N

Атауы және
тұратын жерi

Заңды тұлға қызметiнiң
жарғылық түрлерi

Сiздiң қатысу
сомаңыз бен үлесiңiз

1

2

3

2. Кәсiби деректерi:

Бiлiмi

__________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
(оқу орнының, факультеттiң немесе бөлiмнiң
атауы мен тұратын жерi, оқыған кезеңi,
берiлген бiлiктiлiгi, бiлiмi туралы
дипломның деректемелерi (күнi, нөмiрi)
көрсетiлсiн)

Актуарийдiң бiлiк-
тiлiк емтихандарын
тапсырғандығы
туралы мәлiметтер

Емтихан тапсырған күнi, емтихан
тапсырғандығын растайтын құжат

Қосымша бiлiмi,
оның iшiнде жұмыс
iстейтiн саласында
бiлiктiлiгiн көтеру
курстары, ғылыми
дәрежелерi

__________________________________________
__________________________________________
(оқу орнының атауы мен тұратын жерi,
оқыған кезеңi, бiлiмi туралы дипломның,
сертификаттың, куәлiктiң деректемелерi)

Қаржылық қызмет көр-
сету саласындағы,
оның iшiнде жұмыс
iстеуге ниеттi
саласындағы жұмыс
тәжiрибесi

__________________________________________
__________________________________________
(қаржы ұйымдарында iстеген, аудитор,
қызмет түрi бойынша бухгалтер қызметiн
атқарған жылдардың саны көрсетiлсiн)

Жетiстiктерi

__________________________________________
__________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы,
ғылыми жарияланымдарының атауы, ғылыми
әзiрлемелерге, заң жобаларына қатысуы
көрсетiлсiн)

Кәсiби ұйымдарға
мүшелiгi

__________________________________________
__________________________________________
(Осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы,
Актуарийлер қоғамы, Аудиторлар палатасы
көрсетiлсiн)

Осы мәселеге қатысы
бар басқа ақпарат

__________________________________________
__________________________________________
(Өтiнiш берушiнiң кәсiби құзыреттiлiгiн
сипаттайтын ақпарат көрсетiледi)

Еңбек жолы туралы мәлiметтер:

N

Жұмыс iстеген
кезеңi

Ұйымның, атқарған қызметiнiң және
лауазымдық мiндеттерiнiң атауы,
ұйымның координаттары

1

2

3

Мен (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты), ____________,
осы ақпаратты мұқият тексергенiмдi және дұрыс әрi толық болып
табылатындығын растаймын, және мен берген күмәндi мәлiметтердiң
болуы актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны
қайтарып алу үшiн негiз болып табылатындығын мойындаймын.

__________________(қолы, күнi).";

6-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Сақтандыру рыногында актуарлық
қызметтi жүзеге асыру, актуарлық
қызметтi жүзеге асыруға лицензия
беру, қолданылуын тоқтату және
қайтарып алу, актуарийлердiң
бiлiктiлiк емтиханын тапсыру
тәртiбi туралы ереженiң
6-қосымшасы

(Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
елтаңбасы бейнеленген бланкқа жазылады)

Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға
Лицензия

Лицензияның N ______________________

___________________________________________________________ берiлдi
(актуарийдiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

Актуарийдiң тұрғылықты мекен-жайы
____________________________________________

Лицензияның берiлген күнi - 200___ жылғы "___" _________

Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

Лицензияның қолданылу мерзiмi - мерзiмсiз

Лицензияны берген орган: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi

Лицензияның берiлген күнi - 200___ жылғы "___" ___________

Төраға (Төрағаның орынбасары)

Мөр орны
Алматы қаласы".

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.

Төраға


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina