Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 5 қазан N 192
Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландырудың кейбір мәселелері
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 шілдедегі N 634 P980634_ қаулысын орындау үшін: Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландыру жөніндегі қажетті құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасынан қабылдап алсын және оларды 1998 жылдың 1 желтоқсанынан бастап беруге кіріссін. Премьер-Министр
|