ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Распоряжения  »  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Распоряжения

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 70-ө Өкімі
Қазақстан Республикасында А (Н1 N1) тұмауының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының аумағында А (Н1N1) тұмауының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында А (Н1N1) тұмауының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.

Премьер-Министр К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
N 70-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасында А (Н1N1) тұмауының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с N

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Болжамды шығыстар*

1

2

3

4

5

6

А (Н1N1) тұмауымен науқастанған кездегі санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу, ахуалды бағалау, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

1

А (Н1N1) тұмауының таралуы және Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында науқастану жағдайлары бойынша ахуалды санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

Ай сайын

Талап етілмейді

2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы санитариялық-карантиндік пункттердің А (Н1N1) тұмауымен науқастанғанына күдік туған адамдарды уақтылы анықтау жөніндегі тиімді жұмысын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы

ДСМ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

3

А (Н1N1) тұмауымен науқастанғанына күдік туған адамдарды шұғыл диагностикалауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жылғы мамыр

-

4

Медициналық ұйымдардың А (Н1N1) тұмауымен науқастанғандарға, оның ішінде халықтың жаппай науқастануы кезеңінде медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

5

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің медициналық қызметкерлерін, қызметкерлерін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жеке қорғану құралдарымен (респираторлармен) қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жыл

-

6

Мемлекеттік медицина ұйымдарын А (Н1N1) тұмауының ошақтарын жою үшін дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жыл

-

7

А (Н1N1) тұмауымен жаппай науқастану жағдайына халықтың 70%-ы үшін жеке қорғану құралдарының (медициналық 4 қабатты бетперде) қорын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ

2009 жыл

-

8

Ахуалды талдау және А (Н1N1) тұмауымен науқастану ошақтарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау бойынша ведомствоаралық, оның ішінде халықаралық ұйымдардың және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қатысуымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, АШМ, ТЖМ, ІІМ, ККМ, Қаржымині, СІМ, ЎҚК (келісім бойынша)

2009 жыл

Талап етілмейді

2. Эпизоотиялық мониторинг, ахуалды бағалау, ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру

9

Олар мекендейтін жерлердегі түрлі жабайы фаунаны (жабайы қабандар) қоса алғанда, жеке ауладағы және шаруашылық жүргізуші субъектілердегі шошқа малының эпизоотиялық мониторингін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ

Ай сайын

Талап етілмейді

10

Шошқа малын ұстауды және оның қозғалысын шошқа шаруашылығының өнімдері мен шикізатын сатуды және сақтауды ветеринариялық бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

11

Жоғары патогенді құс тұмауының алдын алу және оған қарсы күрес шаралары бойынша іс-қимылды үйлестіретін облыстық және аудандық (қалалық) штабтарға Қазақстан Республикасының аумағына А (Н1N1) тұмауының әкелінуіне және таралуына жол бермеу жөніндегі ұқсас міндеттерді беру жолымен олардың жұмысын жандандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

12

А (Н1N1) тұмауының диагнозын қою бойынша ветеринариялық зертханалардың мамандарын даярлау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

13

Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін шошқа малынан және шошқа шаруашылығы өнімдерінен биоматериалдар алуды және оны зерттеу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорнына жеткізуді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, БҒМ

2009 жыл

-

14

Зертханалық зерттеулер үшін арнайы диагностикалық жиынтықтар сатып алу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, АШМ, ДСМ

2009 жыл

-

15

Тұмаудың Қазақстан Республикасының аумағында айналып жүретін вирустарының геномды дәйектілігінің банкін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ

2009 жыл

-

3. Шектеу іс-шаралары

16

Қазақстан Республикасының аумағына А (Н1N1) тұмауы бойынша қолайсыз елдерден етті және ет өнімдерін импорттауға байланысты шектеу енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ

2009 жыл

Талап етілмейді

17

"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

АШМ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

18

Ел аумағына А (Н1N1) тұмауы вирусының әкелінуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жолаушылар мен жүктерді санитариялық-карантиндік және ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, АШМ, ККМ, Қаржымині, ЎҚК

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

19

Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін жерлерде (халықаралық әуежайларда, темір жол және автомобиль өткелдерінде) шет елдерден келгендердің арасынан науқастанғандар анықталған жағдайда обсервациялық лагерьлерді орналастыруға арналған орындарды белгілеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, ТЖМ, АШМ, ККМ, Қаржымині, жергілікті атқарушы органдар

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

20

Туристік фирмаларға халықтың А (Н1N1) тұмауымен науқастануы тіркелген елдерге туристердің сапарларын шектеуге өтінішпен үндеу тарату

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ТСМ

2009 жылғы мамыр

Талап етілмейді

4. Халық арасындағы санитариялық-ағарту жұмысы

21

Тұрғындар, мемлекеттік органдар үшін адамдардың науқастануы және жануарлардың ауруы анықталған жағдайда әрекет ету жөніндегі жадынама әзірлеу. Оларды көбейтуді және таратуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, АШМ

2009 жыл

-

22

Көліктік бақылау органдарының қызметкерлеріне А (Н1N1) тұмауының алдын алу және оның таралуын болдырмау шаралары жөнінде нұсқау беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ДСМ, АШМ, ККМ

Ай сайын

Талап етілмейді

23

Көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының аумағында А (Н1N1) тұмауы індетінің алдын алу және таралу қаупін болдырмау бойынша тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ

Ай сайын

Талап етілмейді

24

А (Н1N1) тұмауының таралуын болдырмау жөніндегі көрнекі үгіттеулерді орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ жолаушыларға дауыс зорайтқыш байланыспен А (Н1N1) тұмауының алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, жергілікті атқарушы органдар

Ай сайын

Талап етілмейді

25

Халық арасында А (Н1N1) тұмауының пайда болуының алдын алу және оған жол бермеу мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

Ай сайын

Талап етілмейді

Ескертпе:
1) *қаржыландыру адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайлар туындаған кезде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен жүзеге асырылатын болады.
2) аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ЎҚК - Қазақстан Республикасы Ўлттық қауіпсіздік комитеті


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina