Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 77-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономика Тимур Мұратұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, орынбасар
Доможирская - Қазақстан Республикасының Экономика Ирина Николаевна және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаменті директорының орынбасары, хатшы
Мағауов - Қазақстан Республикасының Энергетика Әсет Маратұлы және минералдық ресурстар вице-министрі
Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы Әлихан Асханұлы вице-министрі
мына:
"Тен - Қазақстан Республикасы Экономика және Игорь Викторович бюджеттік жоспарлау министрінің штаттан тыс кеңесшісі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тен - Қазақстан Республикасы Қаржы Игорь Викторович министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары";
көрсетілген жұмыс тобының құрамынан: Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Ақшолақов Болат Оралұлы, Ерғожин Дәулет Еділұлы шығарылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
|