Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 78-ө Өкімі
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша): 1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн; 2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық акт қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн. Премьер-Министр К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2010 жылғы 27 мамырдағы № 78-ө өкiмiмен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi Р/с № | Атауы | Актiнiң нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттiк орган | Орындау мерзiмi | 1 | Терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға байланысты зиянды өндiрiп алу туралы ереженi бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2010 жылғы маусым | 2 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 наурыздағы № 284қбпү қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2010 жылғы маусым | 3 | Террористiк қатынастарға бейiм объектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы | ҰҚК Төрағасының бұйрығы | ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2010 жылғы маусым | Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы: ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
|