ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Распоряжения  »  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Распоряжения

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 64-ө Өкімі
Дүниежүзілік Банктің 2010 жылға арналған "Doing Business" рейтингі индикаторларын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын бекіту туралы

1. Қоса берiлiп отырған Дүниежүзiлiк Банктiң 2010 жылға арналған «Doing Business» рейтингi индикаторларын жақсарту жөнiндегi кешендi шаралар жоспары (бұдан әрi - Кешендi жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша):
1) Кешендi жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне Кешендi жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Кешендi жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.

Премьер-Министр К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 64-ө өкiмiмен
бекiтiлген

Дүниежүзiлiк Банктiң 2010 жылға арналған «Doing Business»рейтингi индикаторларын жақсарту жөнiндегi кешендi шараларжоспары

Р/с

Шара

Ұсынылатын iс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындалу мерзiмi

1

2

3

4

5

6

1. «Кәсiпорындар ашу» индикаторы

1

Заңды тұлға мөрiнiң болуы немесе мөрдiң баламасын енгiзу мiндеттемесiн алып тастау мүмкiндiгiн қарастыру

Осы мәселенi халықаралық тәжiрибенi зерделеп талдау және зерттеу жүргiзу, осы мәселенi Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығымен, Қазақстан кәсiпкерлерiнiң бiрлестiктерiмен және басқа да мүдделi тараптармен талқылау және келiсу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, СА, Қаржыминi, ЭДСМ, ҰБ, ЖРБА, әкiмдiктер, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы I тоқсан

2

Мұндай қызметтi барлық iске қосылған мемлекеттiк органдарды ескере отырып, 5 күн iшiнде алуды көздейтiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) бойынша мемлекеттiк қызмет стандарттарына түзетулер енгiзу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысына өзгерiстер енгiзу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Әдiлетминi, Қаржыминi

2010 жылғы II тоқсан

2. «Меншiктi тiркеу» индикаторы

3

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет стандарттарына жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу мерзiмiн қысқарту бөлiгiнде түзетулер енгiзу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысына өзгерiстер енгiзу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Әдiлетминi, ҚҚА, ҚҚҚ (келiсiм бойынша)

2010 жылғы II тоқсан

3. «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

4

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзгi ережелерi бойынша өңiрлерде түсiндiру iс-шараларын жүргiзу

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-тарға мақалалар

ЭДСМ-ға ақпарат

ҚжТКIША және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы шiлде және желтоқсан

5

Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн бекiту рәсiмiн оған қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қол қойғаннан кейiн алып тастау мүмкiндiгiн қарау

Ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҚжТКIША және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылдың iшiнде

4. «Жұмыс күшiн жалдау» индикаторы

6

Индикаторды есептеу әдiснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзiлiк Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдiстемесiмен танысу қажеттiлiгiне байланысты Дүниежүзiлiк Банк сарапшыларымен және мүдделi мемлекеттiк органдармен бейнеконференциялар өткiзу

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, Әдiлетминi, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылар (келiсiм бойынша)

2010 жылдың iшiнде

7

Қызметкерлердi жалдау және жұмыстан босату практикасы мәселелерi бойынша жұмыс берушiлердiң хабардар болуын арттыру

Өңiрлерде, Астана және Алматы қалаларында семинарлар өткiзу

ЭДСМ-ге ақпарат

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, Әдiлетминi, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жыл iшiнде

8

Қазақстан Республиканың еңбек заңнамасын талдау

«Жұмыс күшiн жалдау» индикаторы бойынша рейтингтi жақсарту мақсатында қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, Әдiлетминi, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы желтоқсан

5. «Электрмен жабдықтау жүйесiне қосылу» индикаторы (Инфрақұрылым)

9

Индикаторды есептеу әдiснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзiлiк Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдiстемесiмен танысу қажеттiлiгiне байланысты Дүниежүзiлiк Банк сарапшыларымен және мүдделi мемлекеттiк органдармен бейнеконференциялар өткiзу

ИЖТМ, ҚжТКIША, ТМРА, ЭДСМ, Әдiлетминi, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жыл iшiнде

6. «Кәсiпорындарды тарату» индикаторы

10

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және тұтастай алғанда банкроттық туралы қолданыстағы жүйенi жетiлдiру

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Қаржыминi, Әдiлетминi, Қазақстан салық төлеушiлер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы қазан

11

Жеке тұлғалардың банкроттық институтын енгiзу мәселесiн қарау

Жеке тұлғалардың банкроттық институтын енгiзу жөнiндегi әлемдiк тәжiрибенi талдау және ұсыныстар әзiрлеу

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржыминi, Қазақстан салық төлеушiлер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы қазан

12

Орындалмаған салықтық мiндеттемелерi жоқ және тәуекел дәрежесi аз және орташа субъектiлердiң санатына жатқызылған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне тарату тексерулерiн жүргiзу мерзiмiн азайту (тексерулердiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2304 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында белгiленген мерзiмге сәйкес)

Тәуекел дәрежесi аз және орташа санатқа жатқызылған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне салықтық тарату тексерулерiн жүргiзудi аяқтау мерзiмiн қысқарту

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржыминi

2010 жылғы желтоқсан

13

Орындалмаған мiндеттемелерi жоқ және мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәуекел дәрежесi аз және орташа субъектiлердiң санатына жатқызған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қайта ұйымдастыру мен ерiктi түрде таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу

ҚРЗ-ның тұжырымдамасын ВАК-қа енгiзу

Тұжырымдама

Қаржыминi, Әдiлетминi, Қазақстан салық төлеушiлер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы қазан

14

Өңiрлерде бизнес-қоғамдастық өкiлдерiмен кәсiпорындарды тарату саласында жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы түсiндiру iс-шараларын өткiзу

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-тарға мақалалар

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржыминi, Қазақстан салық төлеушiлер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы шiлде және желтоқсан

7. «Келiсiм-шарттарды орындау» индикаторы

15

Индикаторды есептеу әдiснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзiлiк Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдiстемесiмен танысу қажеттiлiгiне байланысты Дүниежүзiлiк Банк сарапшыларымен және мүдделi мемлекеттiк органдармен бейнеконференциялар өткiзу

Әдiлетминi, ЖС, ЭДСМ

2010 жыл iшiнде

8. «Халықаралық сауда» индикаторы

16

Темiр жол вагондарын жүктен босату кезiнде, кеден органдарынан хабарлама болмаған кезде кеден органдарының мiндеттi белгiсi туралы норманы алып тастау

«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерiстер енгiзу

Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

ККМ, Қаржыминi, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

17

Кедендiк декларациялау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн қысқарту

Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң жобасын Үкiметке енгiзу

Кеден одағы Кеден кодексiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң жобасы

Қаржыминi, ЭДСМ, Әдiлетминi, мүдделi мемлекеттi органдар, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы сәуiр

18

Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiндегi тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану тәртiбiн регламенттеу

Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң жобасын Үкiметке енгiзу

Кеден одағы Кеден кодексiнiң жобасы

Қаржыминi, ЭДСМ, Әдiлетминi, Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң жобасы «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID пен Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы сәуiр

19

Сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша, оның iшiнде кеден одағының құрылуын ескере отырып, репатриацияны бақылау тетiгiн оңтайландыру

1) Репатриацияны бақылау тетiгiн оңтайландыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) Кеден одағы шеңберiнде репатриацияны бақылауды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҰБ (келiсiм бойынша), Қаржыминi

2010 жылғы шiлде

20

Тауарлар мен көлiк құралдарын электрондық декларациялауға көшу бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру





Бiрiншi кезең

Кеден қызметiн жаңғырту бағдарламасы шеңберiндегi iс-шаралар

Кеден одағы Кеден кодексiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң жобасы

Қаржыминi, ЭДСМ, Әдiлетминi

2010 жылғы сәуiр

Екiншi кезең

Тауарларды және көлiк құралдарын электрондық декларациялау жүйесiн енгiзу

Бiрлескен бұйрық

Қаржыминi, БАМ

2011 жылғы I жартыжылдық

Мынадай нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу:




1) «Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк декларациялау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қаржыминiнiң бұйрығы;

Бұйрық

Қаржыминi

2011 жылғы II жартыжылдық

2) «Тауарлар мен көлiк құралдарын электрондық декларациялау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қаржыминiнiң бұйрығы

Бiрлескен бұйрық

Қаржыминi, БАМ, Әдiлетминi

2011 жылғы II жартыжылдық

21

Шекарада берiлетiн құжаттардың тiзбесiн және бақылау жүргiзу мерзiмiн регламенттеу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында бақылаушы органдардың өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн жетiлдiру, сондай-ақ мемлекеттiк бақылаудан өту туралы талон бланкiсiнiң нысанын жетiлдiру

ҚР Қаржыминi Кедендiк бақылау комитетiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде бақылау жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл ережесiн әзiрлеу және бекiту

Бiрлескен бұйрық

Қаржыминi, ККМ, АШМ, ДСМ, Әдiлетминi, ҰҚК (келiсiм бойынша)

2010 жылғы II тоқсан

22

Шекарада бақылау жүргiзген кезде шекара және кеден қызметтерi функцияларының қайталануын болдырмау

Заңнамаға және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге мемлекеттiк шекара мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ҰҚК (келiсiм бойынша), Қаржыминi

2010 жылғы II тоқсан

23

Экспорттық-импорттық операциялар үшiн бiрыңғай электрондық терезенi енгiзу





Бiрiншi кезең

«Қазақстан Республикасының «электрондық үкiметтi» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қаулының жобасы

БАМ, ЭДСМ, Қаржыминi, Әдiлетминi, ҰБ (келiсiм бойынша), халықаралық сауданы мемлекеттiк реттеуге тартылған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар (СӨП)

2010 жылғы шiлде

Екiншi кезең

Рұқсат беру құжаттарын беретiн мемлекеттiк органдардың дерекқорын кiрiктiру. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудi енгiзу

Бiрлескен бұйрықтар

2010 жылғы желтоқсан

24

Бизнес-қоғамдастық өкiлдерiмен бiрлесiп, өңiрлерде заңнаманы түсiндiру жөнiнде, сондай-ақ халықаралық сауда саласында жүргiзiлетiн реформалар туралы түсiндiру iс-шараларын жүргiзу

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-тарға мақалалар

ЭДСМ-ға ақпарат

Халықаралық сауданы мемлекеттiк реттеуге тартылған мемлекеттiк органдар

Ай сайын

25

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың халықаралық сауданы мемлекеттiк реттеуге тартылған мемлекеттiк органдардың Интернет-ресурстарындағы бизнес-ақпараттарға қолжетiмдiгiн қамтамасыз ету

Ақпараттарды халықаралық сауданы мемлекеттiк реттеуге тартылған мемлекеттiк органдардың Интернет-ресурстарында орналастыру

ЭДСМ-ға ақпарат

Халықаралық сауданы мемлекеттiк реттеуге тартылған мемлекеттiк органдар

Ай сайын

9. «Салық салу» индикаторы

26

Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы заңнамасын талдау

Салық салу саласындағы заңнамаға және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

ЭДСМ-ға ақпарат

Қаржыминi, Қазақстан салық төлеушiлер қауымдастығы, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2010 жылғы қазан

10. «Инвесторларды қорғау» индикаторы

27

Қазақстан Республикасының заңнамасын «Инвесторларды қорғау» индикаторын жақсарту бөлiгiнде жетiлдiру

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтердi тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

ҚҚА, ИЖТМ, Енбекминi, Әдiлетминi, Қаржыминi, ЭДСМ, ҰБ, АӨҚОҚРА, «Атамекен одағы» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

2011 жылғы I тоқсан

11. Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру

28

Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру

Орталық деңгейдегi сияқты өңiрлiк деңгейде де рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзiлiк Банк сарапшылары (келiсiм бойынша)

Тоқсан сайын

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi
ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
ҚжТҮКIША - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
«Атамекен» ҚҰЭП - «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы
ҚҚҚ - Қазақстанның қаржыгерлерi қауымдастығы
ҚКФ - Қазақстан кәсiпкерлерi форумы


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina