Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 157-ө Өкімі
IV Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу мәселелері 2011 жылғы 3-4 мамыр кезеңінде IV Астана экономикалық форумын тиімді ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында: 1. Қоса беріліп отырған: 1) IV Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы; 2) IV Астана экономикалық форумын өткізу бағдарламасы; 3) IV Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі - ғылыми бағыт бойынша; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі - инновациялық бағыт бойынша жұмыс топтарын құрсын және бекітсін. 4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 157-ө өкімімен бекітілген
IV Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің Бақыт Тұрлыханұлы көмекшісі (келісім бойынша)
Исекешев - Қазақстан Республикасы Јсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы Болат Бидахметұлы министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және Сауат Мұхаметбайұлы газ министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет Мұхтар Абрарұлы министрі
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және Асқар Қуанышұлы байланыс министрі
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және Јбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрі
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Серік Нұртайұлы министрі
Јшімов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі
Бахмутова - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын Елена Леонидовна және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы (келісім бойынша)
Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика Јлихан Асханұлы агенттігінің төрағасы
Арыстанов - Қазақстан Республикасы Алматы Јркен Кеңесбекұлы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Рәпіл Сейітханұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономикалық Тимур Мұратұлы даму және сауда вице-министрі
Қалмырзаев - Қазақстан Республикасы Президентінің Сарыбай Сұлтанұлы Іс басқарушысы (келісім бойынша)
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлы
Нөгербеков - Қазақстан Республикасы Президентінің Серік Нөгербекұлы Јкімшілігі Јлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Келімбетов - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Ақышев - Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкі Данияр Талғатұлы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Мұқышев - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Болат Тельманұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Перуашев - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Тілебалдинов - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік Қайрат Рахатұлы әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Құлсейітов - «Ўлттық инновациялық қоры» акционерлік Айдын Жеңісұлы қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Бектұрғанов - «Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық Нұралы Сұлтанұлы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Бопиева - «Экономикалық зерттеулер институты» Жәмила Қадырқызы акционерлік қоғамы президентінің міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 157-ө өкімімен бекітілген
IV Астана экономикалық форумын өткізу бағдарламасы
IV Астана экономикалық форумы 2011 жылғы 3-4 мамырда «Жаћандық қыр көрсетулер және даму перспективалары: өзара өрлеу жолы» тақырыбында өткізіледі. Форумның негізгі ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі. Форум миссиясы - әлемдік экономика мен мемлекеттердің ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жағдайларды талқылау, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы рөлін айқындауға және нығайтуға жәрдемдесу. Форумның мақсаты - жаћандық экономикалық және валюта-қаржы жүйесінің, халықаралық валюта қатынастарының дамуын, бизнесті, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестицияларды тартуға ықпал ету, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістіктегі ұстанымын нығайтуды қамтамасыз ететін шарттарды қалыптастыру тетіктерін әзірлеу. Негізгі міндеттер: 1) қаржы нарықтарын реттеу және қадағалау жаћандық жүйесін қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау; 2) әлемдік валюта жүйесінің ақаулы бұрмалануын, «ауа» ресурстарының алыпсатарлық ағымдарын және дамушы елдердің дамыған елдер тұтынуын кредиттеуді болдырмау үшін жаңа жаћандык валюта жасау және институцияландыру жолдарын іздеу; 3) интеграциялық процестердің одан әрі дамуы және елдердің тұрақты экономикалық дамуы мәселелерін талқылау; 4) әр түрлі елдердің ғылыми мектептерінің арасында тәжірибе және ғылыми әзірлемелер алмасу. Негізгі ұйымдастырушы IV Астана экономикалық форумына әлемге әйгілі ғалымдарды, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, трансұлттық компаниялар, қаржы институттары, қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, жетекші ғылыми ұйымдар басшылары мен өкілдерін шақырады. IV Астана экономикалық форумы іс-шараларының негізгі бағдарламасы ғылыми және практикалық бағыттағы іс-шараларды қамтитын 2 күннен тұрады. Форумның негізгі іс-шаралары мынадай тақырыптарға бөлінген үш негізгі бағыттан тұрады: 1) жаћандық экономика және қаржы; 2) бизнес және инвестициялар; 3) қоғам және тұрақты даму. Форумның бірінші бағыты (Жаћандық экономика және қаржы) жаңа валюта-қаржы архитектурасын құру, исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттары, жаћандық және өңірлік интеграцияның өзекті мәселелеріне, трансұлттық компаниялардың экономикалардың дамуындағы рөлін талқылауға, жасыл өсу болашағын талқылауға арналады, сонымен қатар Нобель сыйлығы лауреаттарымен сұхбат жүргізуге, G20 қатысушы елдер үшін ұсынымдар әзірлеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Форум іс-шаралары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ј. Назарбаевтың, шақырылған Нобель сыйлығы лауреаттарының және басқа жоғары қызметтегі қонақтардың қатысуымен өтетін Жалпы отырыстан (салтанатты ашылу) басталады. IV Астана экономикалық форумы түйінді тақырыптарының бірі «Дағдарыстан кейінгі әлем: жаңа валюта-қаржы сәулетін құру» тақырыбы. Осы тақырыпта іс-шаралар өткізу бойынша ұсынысты аталған іс-шаралардың ғылыми жетекшісі болатын Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл (Евроның идеялық негізін салушылардың бірі) берді. Осы тақырыптағы жұмысқа Халықаралық Валюта Қорын тарту жоспарланады. «Исламдық қаржыландыру» бойынша конференция ұйымдастырудың жыл сайынғы дәстүрін есепке алып, зерттеулерге ғана емес, қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлерді исламдық қаржыландыру қағидаттары мен негіздеріне оқытуға және кеңес беруге бағытталған осы іс-шараны Ислам Даму Банкімен бірге өткізу жоспарланады (Ислам Даму Банкі мен «Іstisna"а Соrроrаtiоn» компаниясы). Форум шеңберінде бірлестіктер мен одақтардың интеграциялық үдерістердің түйінді мәселелері мен мүмкіндіктері бойынша сұхбатын ұсынатын «Жаћандық және өңірлік интеграция - экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктері» сессиясын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазақстанның төрағалығына және алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫЎ) мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасы бойынша осы сессия шеңберінде Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері арасында өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру және одан әрі тереңдету мәселелері талқыланатын «ШЫЎ күні» конференциясын өткізу жоспарланып отыр. Форум іс-шаралары бағдарламасына трансұлттық компаниялар мен мемлекеттер арасындағы әлеуметтік-экономикалық сипаттағы өзекті мәселелерді шешудегі диалог болып табылатын «Трансұлттық компаниялардың экономикалардың дамуындағы рөлі - Корпорациялар және біз: доспыз ба, әлде қаспыз ба?», тақырыбындағы сессияны енгізу ұсынылады. Экономиканы дағдарыстан кейінгі кезеңде реттеу бойынша жаңа тәсілдерді анықтау және дамудың ұнамды векторларын белгілеу мақсатында Нобель сыйлығының лауреаттары мен Үкіметтер диалог: білімпаздар кеңесін өткізу жоспарлануда. Форумның басты нәтижелерінің бірі - форумның барлық материалдарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын G20 қатысушы елдерінің көшбасшыларына арналған ұсынымдарды әзірлеу. Осыған байланысты, ұсынымдар жобасын бір жыл ішінде әзірлейтін «Астана консенсусы: G20-ға арналған ұсыныстар» жұмыс тобы жұмыс істейді. Форумның екінші бағыты (Бизнес және инвестициялар) Еуразия іскерлік конгресі, дәстүрлі Инновациялық конгресс шеңберінде өзара ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеріне, әлемнің мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталықтары конференциясын өткізуге, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне, туризмнің қазіргі әлемдегі экономикалық ерекшеліктерін, мемлекеттің экономикалық әлеуетін дамытудағы рөлін талқылауға арналады, сонымен қатар «Ақиқат сәті» ток-шоу ұйымдастырылады. Форумның қатарлас іс-шараларының бірі ретінде III Астана экономикалық форумы шеңберінде құрылған, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және Еуразия кеңістігінде инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталатын Еуразия іскерлік конгресін (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасымен бірге) өткізу жоспарлануда. «Ўлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамымен бірге дәстүрлі іс-шараға айналған, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметін жандандыруға және экономикасының нақты секторының инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған Инновациялық конгресс өткізіледі. Бұл іс-шараның шеңберінде технологиялық дамудың жалпы ішкі өнім деңгейіне ықпалын және шетелдік тікелей инвестициялардың экономикалық өсуге әсер етуін қарастыру жоспарлануда. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ірі кәсіпорындарды да, шағын және орта бизнесті (ШОБ) де дамыту қажет. Ўлттық корпорациялар, ірі компаниялар өкілдері мен шағын және орта бизнес арасында сұхбат жүргізу мақсатымен «ШОБ экономика қозғалтқышы ретінде» тақырыбында сессия өткізіледі. Јлемдегі мемлекеттік-жеке әріптестік орталықтары саласындағы тәжірибелік мәселелерді талқылау және шешу мақсатымен және бірыңғай көз (халықаралық орталық) шеңберінде дамудың перспективалық міндеттерін қарастыру үшін Јлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салаларында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолданудың халықаралық тәжіребесі» дөңгелек үстелін («Қазақстан МЖЈ орталығы» акционерлік қоғамы мен БЎЎ ЕЭК-пен бірге) өткізу жоспарлануда. Шетел инвесторларының туризм саласына және оның дамуына инвестициялар салу мүмкіндіктерін жариялау және талқылау үшін Туризм және спорт министрлігі «Қазіргі әлемдегі туризмнің экономикалық ерекшеліктері» тақырыбында сессия өткізуді жоспарлап отыр. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп, «Квази-мемлекеттік сектор: дағдарыстан кейінгі дамудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі, онда экономика секторындағы мемлекеттік реттеу және елдің экономикалық әлеуетін дамыту үшін мемлекеттік қаржы инвестицияларын салу ауқымы мәселелері талқыланады. Форум іс-шараларын ұйымдастырудағы жаңалықтардың бірі халықаралық арналарда (ТV5, ТҒ1, НТВ, ВВС, Deutsche Wеllе және басқалар сияқты) және жергілікті арналарда тікелей эфирде бес тілде көрсетілетін «Ақиқат сәті» телешоуының өткізілуі, оның модераторы ретінде «Ақиқат сәті» бағдарламасының (ТV Ғrаnсе) әйгілі француз тележүргізушісі Кристина Окрентті шақыру жоспарлануда. Телешоу тұжырымдамасы ірі корпорациялар басшыларының компаниялар қызметі туралы 2010 жылғы есептерін 6 жергілікті экономист-журналисттен тұратын пікірталас панелінің алдында беруін көздеп отыр. Пікірталас панелі компаниялар қызмет нәтижелерін талқылап және түсініктеме беріп, басшыларға сұрақ қоя алады. Телешоуды ұйымдастыру және өткізу үйлестірушісі әйгілі халықаралық баспа «Іntеrnаtіоnаl Неrаld Тrіbunе» болып табылады. Форумның үшінші бағыты (Қоғам және тұрақты даму) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне, болашақта назарға алу үшін тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық және халықаралық саясат мәселелерін талқылауға, жасыл даму перспективаларын, өңірлік даму мәселелерін, жастардың озат қоғамның дамуындағы рөлін талқылауға арналады. «Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының іргетасы» тақырыбындағы сессия тәуелсіздік қалыптастыру жолындағы қиындықтарды, экономикалық саясаттың бастапқы қадамдарын, ұлттық валютаның енгізілуін, Қазақстанның мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық кепілдіктеріне қол жеткізуге бағытталған табысты халықаралық саясатын, өз аумағында ядролық қаруды қолданудан ерікті бас тартуды және өзін ядролық қарудан азат ел ретінде жариялауды, XX ғасыр аяғындағы қаржы дағдарысын жеңуді, жаңа мыңжылдық талаптарын, жаћандық қаржы-экономикалық дағдарыспен күресуді, сонымен қатар елдің дағдарыстан кейінгі әлемдегі рөлін көрсетеді. Форумның қызықты әрі өзекті іс-шарасы ауыл шаруашылығының дамуы, су дағдарысы, елдердің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, тағам кластерлерін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сонымен қатар кедейлік пен аштық деңгейін (жекелеген өңірлерде де, бүкіл әлемде де) төмендету, экологиялық таза өнімдерді өндіру технологиялары мәселелерін шешуге бағытталатын «Орталық Азия аумағындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы панельдік сессия (Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен бірге). Қоршаған ортаны жақсарту және экожүйелерді қалпына келтірудің жаңа экономикалық тетіктерін әзірлеу мақсатында «Жасыл даму - Киотодан кейінгі болашақ» сессиясын өткізу жоспарлануда, онда сумен қамту саласында болатын шиеленіс, жайылым мен егістік жерлердің азаюы, көші-қон және басқа да өзекті мәселелері қарастырылады. Аумақтық-кеңістіктік дамудың қазіргі жай-күйін, болашағын және тетіктерін талқылау мақсатында «Өңірлік даму мәселелері: орталық пен өңірлер арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында сессия өткізу жоспарлануда (Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы, Астана қаласының әкімдігі). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтаса отырып «Іскерлік көпір - жастардың инновациялық болашағы» тақырыбында жастар сессиясын өткізу жоспарлануда. Өткізу мақсаты - жас ғалымдарды елдердің экономикалық дамуы мәселелерін шешуге тарту және білім, бизнес және ғылым салаларының өзара байланысы мәселелерін талқылау. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ј. Назарбаевтың Санкт-Петербургтегі XI Экономикалық форумда айтылған Еуразия ғалымдары клубын құру туралы бастамасын іске асыру мақсатында 2008 жылдың маусым айында құрылған «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы» ЗТБ форумның негізгі ұйымдастырушыларының бірі болып табылады. Жоғарыда баяндалғаннан басқа, форум шеңберінде экономика саласындағы үздік зерттеу конкурстары, «Біреудегі үшеу» жобасы, Интернет-конкурстар дәстүр бойынша ұйымдастырылады. IV Астана экономикалық форумында табыс етілетін Қазақстан Республикасы Президентінің экономика саласындағы терең ғылыми зерттеулер үшін сыйлығын тағайындау ұсынылады. Үздік баяндамалар «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының «Экономика. Қаржы. Зерттеулер» журналының арнайы шығарылымында жарияланады. Сонымен қатар, Қазақстанның инновациялық әлеуетінің, оның дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуы, экономиканың нақты саласы, ШОБ субъектілері дамуына жаңа шабыт беру көрмесі ұйымдастырылады. Форумның www.аеf.kz интернет-сайтын жүргізу, сүйемелдеу және ақпаратпен толықтыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Осы сайтта қатысушыларды электронды тіркеу ұйымдастырылады және ұйымдастырушылармен кері байланыс орнату үшін қатысушылардың жеке кабинеттері құрылады. Форум жұмысының нәтижелері бойынша Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарды, келісімдерді және т.б. жасасу жоспарланып отыр. Астана экономикалық форумының негізгі нәтижелерінің бірі 2011 жылы екі рет отырысы өткізілетін G20 қатысушы елдер көшбасшыларына арналған барлық елдердің ұсынымдарын әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 157-ө өкімімен бекітілген
IV Астана экономикалық форумына (бұдан әрі - АЭФ) дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с №
Іс-шара
Аяқталу нысаны
Орындалу мерзімі
Жауапты орындаушы
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
Ўйымдастырушылық іс-шаралар
1.
Жұмыс топтарының жоспарларын дайындау және ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасарына ұсыну
Жұмыс жоспары
2010 жылғы желтоқсан
ЭДСМ, ИЖТМ
Талап етілмейді
2.
Шетелдік қатысушылардың (оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары) тізімін қалыптастыру және келісу
Шетел қатысушылары тізімі
2010 жылғы желтоқсан
ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері
Талап етілмейді
3.
АЭФ шетелдік қатысушыларына (оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары) шақырулар жіберу
Шетелдіктердің қатысуы
2010 жылғы желтоқсан 2011 жылғы қаңтар -мамыр
ЭДСМ, СІМ
ЭДСМ-нің 033 «Астаналық экономикалық форумды қамтамасыз етуге және өткізуге арналған қызметтер» 2011 жылға республикалық бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі - 033 бағдарлама) қаражаты
4.
Шақырулар жіберу және АЭФ-ға қазақстандық қатысушылардың қатысуын қамтамасыз ету
Қазақстандық қатысушылардың қатысуы
2010 жылғы желтоқсан - 2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, БҒМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері
«Самұрык-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
5.
Қазақстандық және шетелдік қатысушылардың (оның ішінде БАҚ өкілдері) электрондық тіркеуден өтулерін қамтамасыз ету
АЭФ сайтын сүйемелдеу және жаңғырту
2011 жылғы каңтар - наурыз
ЭДСМ, БАМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
6.
Алдағы АЭФ туралы шетелдік БАҚ-тарда РК-іс-шараларын өткізу (баспасөз- конференциялар, роликтерді, жарнама өнімдерін және т.б. орналастыру)
Медиа-жоспар
2010 жылғы желтоқсан
2011 жылғы қаңтар - сәуір
ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
7.
АЭФ жария ету бойынша медиа-жоспарды (имидждік сипаттағы материалдарды: деректі фильмдерді, бейнероликтерді, мақалаларды, баспасөз- конференцияларды қоса алғанда) әзірлеу және іске асыру
Медиа-жоспар
2010 жылғы желтоқсан
2011 жылғы қаңтар - мамыр
БАМ, ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), «ТРК» БАҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
8.
Үлестірме материалдар құрамы мен дизайнын бекіту
Дизайндарды бекіту бойынша хаттама
2011 жылғы қаңтар - ақпан
ЭДСМ
033 бағдарлама
9.
АЭФ залдарының дизайнын, безендіру нобайларын бекіту
Дизайндарды бекіту бойынша хаттама
2011 жылғы қаңтар - ақпан
ЭДСМ
033 бағдарлама
10.
Қаланың АЭФ қатысушылары өтетін жолдарын және АЭФ орнын сыртқы безендіру нобайларын бекіту
Дизайнды бекіту бойынша хаттама
2011 жылғы қаңтар - ақпан
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі
033 бағдарлама
11.
Шетелдік журналистерді шақыруды және аккредиттеуді ұйымдастыру
Аккредиттеуден өткен журналистердің тізімі
2011 жылғы ақпан - сәуір
СІМ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
12.
Нобель сыйлығы лауреаттарымен (бұдан әрі - НСЛ) келісімшарттар дайындау және жасасу
НСЛ-мен келісімшарттар
2011 жылғы ақпан - сәуір
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
13.
АЭФ өткізу үшін ғимараттарды жалдау мен безендіру бойынша шарттар жасасу
Жалдау бойынша шарт, үй-жайларды безендіру бойынша берушілермен шарттар
2011 жылғы ақпан - наурыз
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
14.
Жоғары оку орындарының шет тілдерін білетін студенттері арасынан еріктілердің қатысуын қамтамасыз ету
Еріктілер тізімі
2011 жылғы ақпан - наурыз
БҒМ, ЭДСМ
«Самұрык-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
15.
Аудармашылармен (ілеспе, тізбекті) қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру
Шарттар
2011 жылғы ақпан - сәуір
ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
16.
Қонак үй нөмірлерін броньдауды ұйымдастыру
Нөмірлерді броньдау
2011 жылғы ақпан - сәуір
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
17.
Јуе билеттерін броньдауды ұйымдастыру
Јуе билеттерін броньдау
2011 жылғы ақпан - сәуір
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
18.
АЭФ қатысушыларына үлестірме материалдарын дайындау (жасау, көбейту)
Үлестірме құжаттар пакеті
2011 жылғы наурыз - сәуір
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
19.
АЭФ ресми делегацияларын мемлекеттік органдарға бекіту (қарсы алу/шығарып салу, бірге жүру)
Қарсы алу/шығарып салу кестелері
2011 жылғы наурыз - сәуір
ЭДСМ, СІМ, БҒМ, ұйымдастыру комитетінің мүшелері
033 бағдарлама
20.
Қазақстандық журналистерді шақыру мен аккредиттеуді ұйымдастыру
Аккредиттелген журналистердің қатысуы
2011 жылғы наурыз - сәуір
БАМ
Талап етілмейді
21.
АЭФ шетелдік қатысушылары мен қонақтарын визалық қолдауды қамтамасыз ету
Шетелдік қатысушылар визалары
2011 жылғы наурыз - сәуір
МИД, ЎҚК ШҚ (келісім бойынша), ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
22.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан АЭФ делегациялары басшылары мен мүшелері үшін концерттік бағдарлама өткізумен ресми қабылдау ұйымдастыру
Ресми қабылдау бағдарламасы
2011 жылғы наурыз - мамыр
ЭДСМ, ММ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама «Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
23.
АЭФ қатысушыларын тамақтандыруды (кофе-брейктер) ұйымдастыру
Кофе-брейктер кестесі
2011 жылғы наурыз - мамыр
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама «Самұрык-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
24.
АЭФ өтетін жерде, әуежайда және қатысушылар мен қонақтар өтетін бағыттар бойынша қаланы безендіру
Қаланы безендіру нобайы, ұрандар, билбордтар, пилондар
2011 жылғы наурыз - мамыр
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
25.
Үй-жайларды ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен және ілеспе аударма жабдығымен қамтамасыз етуді қоса алғанда, безендіру және техникалық жабдықтау
Қызметтер көрсету бойынша шарттар
2011 жылғы сәуір - мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ (келісім бойынша), «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
26.
Отандық және шетелдік БАҚ-тар үшін баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, БАМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша),
033 бағдарлама
27.
Ел басшылығының АЭФ VІР-қонақтарымен/ қатысушыларымен екіжақты кездесулер ұйымдастыру
Екіжақты кездесулердің кестелері
2011 жылғы сәуір - мамыр
СІМ, ұйымдастыру комитетінің мүшелері
Талап етілмейді
28.
АЭФ іс-шараларын фото, бейне таспаларға түсіруді ұйымдастыру
АЭФ мұрағаты үшін фото және бейне материалдар
2011 жылғы сәуір - мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрык-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
29.
Қатысушыларды тіркеу және электронды бақылау жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету. Жабдықты монтаждау, баптау
Қатысушылардың электрондық дерекқоры. Тіркеу жүйесін бақылау
2011 жылғы сәуір - мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрык-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
30.
Қатысушылар мен қонақтарға көлік қызметін көрсетуді ұйымдастыру
Көлік қызметін көрсету графигі
2011 жылғы сәуір - мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
31.
АЭФ өтетін кезеңде қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етү
Іс-қимыл жоспары
2011 жылғы сәуір - мамыр
ІІМ, ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі
Талап етілмейді
32.
АЭФ өтетін жерлерде медициналық көмек пункттерін ұйымдастыру
Іс-қимыл жоспары
2011 жылғы сәуір - мамыр
Астана қаласының әкімдігі
Талап етілмейді
33.
АЭФ қатысушыларын жедел кедендік және шекаралық бақылауды/ресімдеуді қамтамасыз ету
Іс-қимыл жоспары
2011 жылғы сәуір - мамыр
Қаржыминің КБК, СІМ, ЎҚК ШҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар
34.
АЭФ қорытындысы бойынша G20 қатысушы елдер көшбасшыларына ұсынымдар әзірлеу
Ўсынымдар мен қарарлар
2010 жылғы желтоқсан - 2011 жылғы маусым
ЭДСМ, Қаржымині, жұмыс тобы мүшелері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша). ЎБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
35.
АЭФ Жалпы отырысын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, ПЈ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
36.
«Дағдарыстан кейінгі әлем: әлемдік валюта-қаржы сәулетін құру» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
37.
«Исламдык қаржыландыру: жүзеге асыру мүмкіндіктері» мәжілісін ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
АҚӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҚМ, ЭДСМ
033 бағдарлама
38.
«Жаћандық және аймақтық интеграция - экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктері» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, СІМ
033 бағдарлама
39.
«Трансұлттық компаниялардың экономика дамуындағы рөлі - Бірлестік және қоғам: достар ма, қастар ма?» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, МГМ, ИЖТМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
40.
«Нобель сыйлығы лауреаттарының және Үкіметтер сұхбаты: майтармандар кеңесі» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, ЎБ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
41.
«Еуразия іскерлік конгресс» отырысын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ИЖТМ, «Атамекен» одағы» ҚЎЭП (келісім бойынша), ЭДСМ
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
42.
VI Инновациялық конгресті ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ИЖТМ, «ЎИҚ» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
43.
«ШОБ экономика қозғалтқышы ретінде» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, «Даму» КДҚ (келісім бойынша), КАSЕ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
44.
Јлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салаларында МЖЈ қолданудың халықаралық тәжіребесі» дөңгелек үстелін ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
«Қазақстандық МЖЈ орталығы» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ
«Қазақстандық МЖЈ орталығы» АҚ-ның демеушілік қаражаты
45.
«Қазіргі әлемдегі туризмнің экономикалық ерекшеліктері» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ТСМ, ЭДСМ
033 бағдарлама
46.
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ «Квази-мемлекеттік сектор: дағдарыстан кейінгі дамудағы рөлі» дөңгелек үстелін ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
47.
«Ақиқат сәті» ток-шоуын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, БАМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
48.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы - елдің әлеуметтік- экономикалық дамуының іргетасы» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
49.
«Орталық Азия аумағындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
АШМ, «ҚазАгро» ЎБХ» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ
033 бағдарлама
50.
«Жасыл өсу - Киотодан кейінгі болашақ» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
Қоршағанортамині, АШМ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), «Нұр-Отан» ХДП (келісім бойынша)
033 бағдарлама
51.
«Өңірлік даму мәселелері: орталық пен өңір арасындағы өзара ынтымақтастық» сессиясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі
033 бағдарлама
52.
«Іскерлік көпір - жастардың инновациялық болашағы» секциясын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
БҒМ, ЭДСМ, «Нұр-Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
53.
Басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
54.
Ғылыми және инновациялық жобалар және әзірлеулер көрмесін ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ЎЈҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты
55.
Шарттар мен келісімдерге қол қою салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
Талап етілмейді
56.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ј. Назарбаевтың АЭФ ашу рәсімінде сөйлейтін сөзінің жобасын дайындау
Сөйлейтін сөздің жобасы
2011 жылғы наурыз
ЭДСМ, СІМ, ПЈ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
Талап етілмейді
57.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сөйлейтін сөзінің жобасын дайындау
Сөйлейтін сөздің жобасы
2011 жылғы сәуір
ЭДСМ, СІМ, ПМК, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
Талап етілмейді
58.
АЭФ салтанатты жабылуын өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, ұйымдастыру комитетінің мүшелері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
59.
Қазақстан Республикасы Үкіметіне АЭФ өткізу қорытындысы бойынша есеп дайындау
Есеп
2011 жылғы мамыр
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
Талап етілмейді
60.
АЭФ қорытындысы бойынша жинақ шығару
Жинақ
2011 жылғы маусым-тамыз
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)
033 бағдарлама
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПЈ - Қазақстан Республикасы Президентінің Јкімшілігі ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ЎҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ўлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ЎБ - Ўлттық Банк ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі АҚӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Қаржыминің КБК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті «Самұрық-Қазына» - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ЎЈҚ» АҚ акционерлік қоғамы «ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы «ҚазАгро» ЎБХ АҚ - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қазақстандық - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік МЖЈ орталығы» АҚ орталығы» акционерлік қоғамы «Қазақтелеком» АҚ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «ЎИҚ» АҚ - «Ўлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы «ТРК» БАҚ - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» халықтық - демократиялық партиясының «Жас Отан» ЖҚ «Жас Отан» жас қанаты «Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» халықтық - демократиялық партиясы «Даму» КДҚ - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы КАSЕ - Қазақстан қор биржасы «Атамекен» - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық одағы» ҚЎЭП палатасы БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары ШОБ - шағын және орта бизнес
|