Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 22 ақпандағы № 26-ө Өкiмi
Қазақстан Республикасында жеке детективтiк қызмет институтын енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының 5-тармағының 10) тармақшасын iске асыру үшiн: 1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын: Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Дулат Рашидұлы вице-министрi, жетекшi Есқараев - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Азамат Несiпбайұлы Заңнама департаментiнiң директоры, жетекшiнiң орынбасары Есжанов - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Мадияр Сауырбайұлы Заңнама департаментiнiң бас сарапшысы, хатшы Жақаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк Талғат Оразбекұлы комитетiнiң Департамент бастығы (келiсiм бойынша) Тихонов - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Виктор Сергеевич аға көмекшiсi (келiсiм бойынша) Исаев - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Ырысбек Мейрамбекұлы министрлiгiнiң Заң департаментi бастығының орынбасары Байқуатов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Шамшадин Насырадинұлы министрлiгiнiң Криминалдық полиция комитетi қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау бөлiмiнiң бастығы Аралбаева - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әсел Айдарбекқызы жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құқықтық қамтамасыз ету бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi (келiсiм бойынша) 2. Жұмыс тобы 2011 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасында жеке детективтiк қызмет институтын енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн. 3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн. Премьер-Министр К. Мәсiмов
|