Р/с № | Iс-шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды енгiзу жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобын (бұдан әрi - ВЖТ) құру | Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығы | Қаржыминi | 2012 жылғы 30 сәуiр |
2 | Электрондық шот-фактураларды пайдалану жөнiндегi әлемдiк тәжiрибенi талдау және оны Қазақстан Республикасында қолдану бойынша ұсыныстар әзiрлеу | ВЖТ қарауына ұсыныстар енгiзу | Қаржыминi, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | 2012 жылғы 31 шiлде |
3 | «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiне электрондық шот-фактураларды енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрi – ВК) қарауға енгiзу | ВАК қорытындысы | Қаржыминi | 2012 жылғы 31 тамыз |
4 | Электрондық шот-фактураларды енгiзу жөнiндегi ақпараттық жүйенiң архитектурасы мен жұмыс iстеу тәртiбiн айқындау | Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат | Қаржыминi, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келiсiм бойынша) | 2012 жылғы 31 қазан |
5 | Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесiн әзiрлеу | Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп | Қаржыминi, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келiсiм бойынша) | 2012 жылғы 31 қазан, 2013 жылғы 31 қаңтар |
6 | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына кiретiн ұйымдар арасында электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесiн пилоттық iске қосу (2013 жылғы ақпан – наурыз) | Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат | Қаржыминi, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келiсiм бойынша) | 2013 жылғы 1 сәуiр |
7 | Электрондық шот-фактураларды енгiзуге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң ведомствоаралық ақпараттық жүйесiн пысықтау, оның iшiнде жобаға қатысушылардың ERP-жүйелерiнен электрондық шот-фактураларды қабылдау бойынша функционалды iске асыру | Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп | Қаржыминi, ККМ | 2013 жылғы 31 қаңтар |
8 | Электрондық шот-фактураларды енгiзу кезiнде практикалық көмек көрсету бойынша семинарлар, тренингтер өткiзу (2013 жылдың сәуiрiнен бастап 2014 жылдың наурызын) | Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат | Қаржыминi, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келiсiм бойынша) | 2014 жылғы 31 наурыз |
9 | Электрондық шот-фактураларды енгiзу мәселелерi бойынша Call-Орталықтың жұмысын кеңейту (2013 жылдың сәуiрiнен бастап 2014 жылдың наурызы) | Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат | Қаржыминi, ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ) (келiсiм бойынша) | 2014 жылғы 31 наурыз |
10 | Электрондық шот-фактураларды енгiзу мәселелерi бойынша БАҚ-та ақпараттық-түсiндiру жұмысын қамтамасыз ету (аяқтау нысаны: жаңалықтардағы, бағдарламалардағы сюжеттер, газеттердегi және ақпараттық агенттiктердегi жарияланымдар). | телевизиялық бағдарламалар | Қаржыминi, МАМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазақтелеком» АҚ) (келiсiм бойынша) | 2014 жылғы 31 наурыз |
11 | Электрондық шот-фактураларды енгiзудi түсiндiру бойынша бейнероликтер шығаруды және республикалық телеарналарда трансляциясын ұйымдастыру (Қаржыминi – шығару, МАМ – ротация) | бейне-роликтер | Қаржыминi, МАМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазақтелеком» АҚ) (келiсiм бойынша) | 2014 жылғы 31 наурыз |