Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі МАЗМЎНЫ ЖАЛПЫ БӨЛIМ 1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi; 2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi; 3) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - өсiмiн молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекше, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер; 4) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе солардың компоненттерi бар өсiмдiктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнiмдер; 5) ең озық қолжетiмдi технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық; 6) инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар; 7) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары; 8) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат; 9) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi; 10) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар; 11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою; 12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану; 13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою; 14) қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер; 15) қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, мұндай қалдықтармен жұмыс iстеу ережелерiнiң, оларды бақылау әдiстерiнiң, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат; 16) қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму; 17) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында оларды арнайы бөлiнген жерлерде жинап қою; 18) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды жiктеуге жатқызу тәртiбi; 19) қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес жалпы белгiлерi бар, қалдықтар жiктеуiшi негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы; 20) қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi; 21) қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар; 22) қауiптi емес қалдықтар - қауiптi және инерттi қалдықтарға жатпайтын қалдықтар; 23) қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта; 24) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы; 25) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатып немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу; 26) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгіндiлері, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету; 27) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бiр бөлiгi; 28) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгiлi бiр мерзiмге арнап белгiленетiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтiк көлемi; 29) қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер; 30) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi - қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне арнап нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер; 31) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi; 32) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары; 33) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластағыш заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берiлетiн деңгейден асатын электромагниттiк, температуралық әсер ету, жарықтың әсерi немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы; 34) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға ықпалы; 35) қоршаған ортаның ластану учаскелерi - жер бетiнiң және су объектiлерiнiң қауiптi химиялық заттармен белгiленген нормативтерден артық ластанған шектеулi учаскелерi; 36) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы; 37) тiршiлiк ету ортасы - қандай да бiр организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң типi немесе орны; 38) мемлекеттiк экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi; 39) мемлекеттік экологиялық бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; 40) өндiрiс пен тұтынудың тұрақты моделi - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтiру және қоршаған ортаның антропогендiк ластануын азайту кезiнде өндiрiстiң өсуiмен сипатталатын әлеуметтiк-экономикалық модель; 41) радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен шоғырлануы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшiн регламенттелген мәндерден асатын радиоактивтi заттары бар қалдықтар; 42) сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердi салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ нормативтiк-құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты жүзеге асырылуы; 43) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметi нәтижесiнде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жергiлiктi жер рельефiне ағызылатын сулар; 44) су объектiлерi - құрлық бетiнiң рельефiнде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемi мен су режимi бар сулар; 45) сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегi кез келген қалдықтар; 46) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 47) табиғи объектiлер - шекарасы, көлемi және тiршiлiк режимi бар табиғи объектiлер; 48) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi; 49) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi; 50) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы; 51) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - нәтижесiнде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкiн болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi; 52) экологиялық ағарту iсi - қоғамда экологиялық мәдениет негiздерiн қалыптастыру мақсатында экологиялық бiлiм, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйi, экологиялық қауiпсiздiк туралы ақпарат тарату; 53) экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу бағытында тәуелсiз тексеру; 54) экологиялық бiлiм беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм мен дағды жүйесiн, құндылық бағдарларды, имандылық-эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудiң, оқытудың, оның өз бiлiмiн көтеруiнiң және дамуының үздiксiз процесi; 55) экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара әрекетте болатын организмдердiң және солар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы; 56) экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй; 57) экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi; 58) экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект; 58-1) экологиялық қауіпті технологиялар - өндіріс процесінде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін шикізатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйін, қасиеттерін, нысанын өзгерту әдістерінің жиынтығы; 58-2) экологиялық қауіпті техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар; 59) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды; 60) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде байқау мен бағалау; 61) экологиялық нормалау - ережелердiң (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштердiң (нормативтердiң) жүйесi; 62) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат; 63) экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және солармен байланысты әлеуметтiк зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске қосуға жол берiлуiн айқындау; 64) экологиялық таза өнiм белгiсi - таңбаланған өнiмнiң экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi; 65) экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу; 66) экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi растаудан өткен өнiмге экологиялық таза өнiм белгiсiн беру; 67) экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы; 68) эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуы қамтамасыз етiлетiн жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi; 69) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - қоршаған ортаға эмиссиялардың уақыт бiрлiгiне немесе шығарылатын өнiм бiрлiгiне немесе басқа да көрсеткiштердегi, елiмiздiң экономикасы үшiн қолдануға болатын шығындар кезiнде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндігi негiзiнде айқындалатын шамалары. 2. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының осы бапта көрсетiлмеген арнаулы ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мәндерiнде пайдаланылады. Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. 4. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. Z040593, K030442, K030481, K030477 3-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар 1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi. 2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады. 4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi: 1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi; 2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау; 3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау; 4) қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру; 5) өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту; 6) қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi; 7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы; 8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету; 9) Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк; 10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу; 11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. 5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi: 1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; 2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас; 4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару; 5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi; 6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау; 7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; 8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi; 9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану; 10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы; 11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру; 12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету; 14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi; 15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады. 6-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудiң және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi ережелерi 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды; 2) экологиялық нормалауды; 3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы; 5) экологиялық рұқсаттар берудi; 6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды; 7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс-шараларын қаржыландыру жүйесiн; 8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi; 9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды; 10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды. 2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару: 1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк жоспарлауды; 2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттiк бақылау жасауды; 3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар берудi және шарттар (келiсiмшарттар) жасасуды; 4) табиғи ресурстарды қалпына келтiру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтiн технологияларды енгiзудi ұйымдастыруды; 5) табиғи ресурстардың мониторингi мен кадастрларын жүргiзудi; 6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгiлеу мен квоталар бөлудi; 7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтiру мен молықтыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғаларды басқаруды; 8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды. 7-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi 1. Жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиiс. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi айрықша қорғалуға тиiс. 8-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры 1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы. 2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi. 3. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi. 9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi, құру тәртiбi, қорғау режимiнiң түрi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнiң қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi. 10-бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi 1. Адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады. 2. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлiнедi. 3. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берiледi. 4. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды ақылы негiзде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметi. K030442, K030481, K030477, U962828, U952350, Z040593 5. Табиғат пайдалану түрлерiне: 1) жердi пайдалану; 2) суды пайдалану; 3) орманды пайдалану; 4) жер қойнауын пайдалану; 5) жануарлар дүниесiн пайдалану; 6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану; 7) қоршаған ортаға эмиссиялар; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады. 6. Табиғат пайдалану түрлерi бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. 7. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бiр түрiн не олардың бiрнеше түрiнiң жиынтығын қамтуы мүмкiн. 11-бап. Табиғат пайдаланушылар 1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн. 2. Табиғат пайдаланушылар: 1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген); 2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн. 3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi. 12-бап. Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негiздерi және оны жүзеге асыру шарттары 1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы: 1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар; 2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi; 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды. 2. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бiр, екi не барлық актiлер негiзiнде туындауы мүмкiн. 3. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол берiледi. 4. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес берiледi. 5. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды. 6. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкін. 2-тарау. ЖЕКЕ ТЎЛҒАЛАРДЫЅ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIЅ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫЅ ҚЎҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 1. Жеке тұлғалардың: 1) өздерiнiң өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға; 2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға; 3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бiрлестiктерi мен қорларын құруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға; 6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге; 7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға; 8) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға; 9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға; 10) қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға; 11) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге; 12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар. 2. Жеке тұлғалар: 1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға; 2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге; 3) өз кiнәсiнен экологиялық қауiпсiздiкке төнуi мүмкiн қатердi болдырмауға; 4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi. 3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады. 14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде: 1) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға; 2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiне қатысуға; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға; 4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге; 5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткiзуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға; 6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға; 7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға; 8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасауға, олар үшiн шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға; 9) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға; 10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға; 11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге; 12) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiм шығаруды талап етуге; 13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар. 2. Қоғамдық бiрлестiктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде: 1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге; 2) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi. 3. Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады. Z970093 15-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы өкiлеттiктерi Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы өкiлеттiктерiне: 1) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; 2) елдi мекендердi санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; 3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстау; 4) жергiлiктi атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да объектiлердi тарих немесе мәдениет ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныстар енгiзу жатады. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫЅ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЎЗЫРЕТI 16-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында: 1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi; 2) мемлекеттiк экологиялық бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың түрлi бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi; 3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды; 4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды; K030442, K030477, U962828 5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi; 6) табиғи ресурстардың әрбiр түрiнiң мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды; P060862, P030958, P030956, P031378, P031182, P021444, P970106, P961285, P961022 7) мыналарды: қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi; ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн; эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн; қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын; қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелердi сату тәртiбiн; ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн; қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау ережелерiн бекiтедi; 8) мыналарды: шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн; айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн; қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн; сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн; қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiнайқындайды; 9) мыналарды: қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн; кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн; парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеудiң, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртiбiн; озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн; парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн; аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерiн; жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн; Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын; қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн белгiлейдi; 10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимiнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылдайды. Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) бiртұтас мемлекеттiк экологиялық саясатты жүргiзедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады; 2) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi; 3) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады; 4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердiң озон қабатын қорғау, биоәртүрлiлiктi сақтау, жердiң шөлейттенуi мен жұтаңдауы саласындағы қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады; 5) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi; 6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi бағдарламаларын әзiрлейдi; 7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi; 8) экологиялық рұқсаттар бередi, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгiлейдi; 8-1) жергілікті атқарушы атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру жөніндегі қызметіне Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда оларды тоқтата тұру және жою құқығымен бақылауды жүзеге асырады; 9) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады; 10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар берудi жүзеге асырады; 11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келiсiмшарттарды) өз құзыретi шегiнде келiседi; 12) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi және оған әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын керi қайтарып алу және оны жою құқығымен, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу қызметiне бақылауды жүзеге асырады; 14) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекiтедi; 15) қоршаған орта жай-күйiнiң мемлекеттiк мониторингiн және мониторингтiң жекелеген арнайы түрлерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi үйлестiредi; 16) Табиғи ресурстар кадастрларының бiрыңғай жүйесiн жүргiзедi; 17) Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады; 18) Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына жiберудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және оны жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды бекiтедi; 19) қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады; 20) Парниктiк газдардың мемлекеттiк кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады; 21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бередi; 22) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және оларды есепке алу тәртiбiн белгiлейдi; 23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын жүргiзудi ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiне және белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi; 24) ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн әзiрлейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады; 24-1) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді; 25) әр түрлi дәрежедегi полигондарда орналастыру үшiн қалдықтар тiзбесiнайқындайды; 26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi; 27) мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi; 28) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi; 28-1) алып тасталды - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 29) мыналарды: қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн; қалдықтар сыныптамасын; қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын; табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелерi бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн; қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн; қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн; жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметiне бақылауды жүзеге асыру ережесiн; мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын; техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн; Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмiн; топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануын; өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларын келiсу тәртiбiн бекiтедi және өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiкке қойылатын талаптарды белгiлейдi; 30) мыналарды: қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн; парниктiк газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың шектi нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн; парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртiбiн; 31) мемлекеттiк экологиялық бақылау органдары жүйесiндегi зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiредi; 32) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (өңiрлiк және бассейндiк) бағдарламалар әзiрлеуге, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады; 33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 34) қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер, меморандумдар жасасады; 35) Ўлттық экологиялық атласты әзiрлеудi және жариялауды ұйымдастырады; 36) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмiн жүргiзедi; 37) осы Кодексте көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 38) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді. Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 18-бап. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi 1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады: 1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; 3) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 4) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 10) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган. 2. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Жер, Су және Орман кодекстерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, қауiптi өндiрiстiк oбъектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi, атом энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгiленедi. 19-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары (бұдан әрi - жергiлiктi өкiлдi органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында: 1) тиiстi аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiтедi; 2) өз құзыретi шегiнде қалдықтарды басқару жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi; 3) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн бекiтедi; 4) жергiлiктi атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды; 5) өз құзыретi шегiнде табиғат пайдалану ережелерiн қабылдайды, оны бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделедi; 6) (алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен). Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 20-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады; 2) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат бередi; 3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi; 3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады; 5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi; 6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады; 7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi; 8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi; 9) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi; 10) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi; 11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi; 12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi; 13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды; 14) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады; 15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады; 16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi. Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЎҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ 21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау 1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы жұмыстар жөнiндегi қызметi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды берудi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ 22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты 1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады. 2. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi. 23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтерi және оларды белгiлеу тәртiбi 1. Қоршаған орта сапасының нормативтерiне: 1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi; 2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi; 3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi: топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары; аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi; ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi; табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi; 4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады. 2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi. 3. Жол беруге болатын шектi шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады. 4. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбiр түрi бойынша белгiленедi. 24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi 1. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн. 2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi. 3. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi: 1) қоныстану аумағы; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 3) рекреациялық аймақтар; 4) шөл және шөлейт аудандар; 5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн. 4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары әзiрлейтiн және жергiлiктi деңгейде - жергiлiктi өкiлдi органдар, республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi тиiстi бағдарламаларда белгiленедi. 5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн белгiлеу: 1) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтерiне кезең-кезеңмен қол жеткiзiлуiн; 2) экологиялық қауiпсiздiктi және халық денсаулығы үшiн қатердi азайтуды; 3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасының және оның өңiрлерiнiң экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламалары, сондай-ақ экожүйенi, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң гендiк қорын сақтау қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиiс. 6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 25-бап. Эмиссиялар нормативтерi 1. Эмиссиялар нормативтерiне: 1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi; 2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi; 3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi; 4) жол берiлетiн физикалық әсер (жылу мөлшерiнiң, шу, тербелiс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейiнiң) нормативтерi жатады. 2. Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi. 3. Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады. 26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi 1. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi өнеркәсiптiң нақты процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар енгiзу негiзiнде белгiленедi. 2. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi техникалық регламенттерде белгiленедi және кешендi экологиялық рұқсаттардың негiзi болып табылады. 27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi 1. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi қоршаған орта сапасының нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiндей шартпен әрбiр шығарынды көзiне және тұтас кәсiпорынға есептеулер негiзiнде белгiленетiн эмиссиялардың шамалары болып табылады. 2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезiнде, нормативтердiң есептеу мәндерiн, табиғат пайдаланушылардың ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi деңгейiне жету жоспар-кестелерiн, жылжымалы және стационарлық шығарынды көздерi, технологиялық процестер мен жабдықтар үшiн эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiнiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң белгiленген жол берiлетiн шегiнiң қолданылу мерзiмi нормативтерi бар жобаларға берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларының қолданылу мерзiмiмен айқындалады. 28-бап. Эмиссиялар нормативтерiн айқындау тәртiбi 1. Эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау құрамында не жекелеген құжаттар түрiнде негiзделедi. 2. Эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не қоршаған орта сапасының нормативтерi негiзiнде есептеу арқылы айқындалады. 4. Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу кезiнде қоршаған ортаның іс жүзiндегi ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректердi Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметi жобаның тапсырыс берушiсi немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша табыс етедi. 6. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссиялар нормативтерi Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес, жылжымалы көздерге арналған техникалық регламенттерде шығарынды газдардағы атмосфералық ауаны негiзiнен ластайтын заттардың шектi шоғырлануы түрiнде белгiленедi. 29-бап. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң өзге де нормативтерi 1. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi белгiленедi. 2. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi және оларды белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында айқындалады. 5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ 30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi растау объектiлерi мен рәсiмi Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi растау объектiлерi мен рәсiмi Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалады. 31-бап. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында сәйкестiктi растауға арналған стандарттар 1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды орындау үйлестiрiлген стандарттармен қамтамасыз етiледi. Ўйымдардың стандарттары қолдану үшiн ерiктi сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс. 2. Сәйкестiгiн растаудан өтпеген, сәйкестiгiн растаудан мiндеттi түрде өтуге тиiс өнiмдердi, қызметтер көрсетудi, процестердi өткiзуге тыйым салынады. 32-бап. Экологиялық таңбалау 1. Экологиялық таңбалаудың мiндеттерi: 1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауiптi өнiмдердi сатып алудан (пайдаланудан) қорғау; 2) өнiмдердiң барлық түрлерiн өндiру, пайдалану және жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезiнде қоршаған ортаның ластануын болдырмау; 3) жабдықтардың, технологиялық процестердiң, өндiрiстердiң және өнiмдердiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 4) экологиялық қауiпсiз технологиялық процестердi, жабдықтарды және өндiрiстердi енгiзу; 5) елге экологиялық қауiптi өнiмдер мен технологиялардың әкелiнуiн болдырмау; 6) отандық өнiмнiң экспортталуына жәрдемдесу және бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады. 2. Өндiрiлу кезiнде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және биологиялық ресурстарға зиянды әсерi неғұрлым аз немесе қолайлы әсер ететiн өнiм экологиялық таңбалау объектiсi болып табылады. Экологиялық таңбалау объектiсi өнiм өндiру процесi мен қолданылатын технологияларды қамтиды. 3. Өндiрушiлер өз өнiмiн сәйкестiгi расталғаннан кейiн экологиялық таза өнiм белгiсiмен ерiктi негiзде таңбалайды. Өнiмдi экологиялық таңбалауды тиiстi саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырады. 4. Экологиялық таза өнiм стандарттарын, экологиялық таза өнiм белгiсiнiң нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгiлейдi. 33-бап. Техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның техникалық реттеу жөнiндегi сарапшылық кеңес техникалық регламенттер жобаларын әзiрлейдi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу және қолдану жөнiндегi ұсыныстарды қарайды. 34-бап. Халықаралық стандарттарды енгiзу 1. Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзуi: 1) халықаралық стандарттар туралы ақпарат тарату; 2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзген және мұндай енгiзудi растайтын құжаты бар табиғат пайдаланушыларға инспекторлық тексеру жүргiзу жиiлiгiн қысқартуы; 3) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетiктерiн пайдалану арқылы ынталандырылады. 2. Халықаралық стандарттарды енгiзудi ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ 35-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлiнуiн және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм. 36-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мiндеттiлiгi 1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады. 2. Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады. 3. Жобаланып жатқан және жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң перспективалық қызметi осы Кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерiн бағалауға жатады. 4. Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi. 37-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың кезеңдерi 1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдерi ескерiле отырып, дәйектi түрде жүзеге асырылады. 2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдердi қамтиды: 1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйiн шолу), объектiнi орналастыруға арналған учаскенi оңтайлы таңдауды негiздеу үшiн орындалады; 2-кезең. Инвестициялардың негiздемесiне (жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiне) iлесе жасалатын қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау; 3-кезең. Әсердi бағалау, ол жобаны iске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асырудың ықтимал әсерлерiн толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалады; 4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтиды; 5-кезең. Жобалаудан кейiнгi талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру басталғаннан кейiн бiр жыл өткен соң объектiнiң қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн растау және табиғат қорғау iс-шараларына түзету енгiзу үшiн жүзеге асырылады. 3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 3-кезеңiнде осы Кодекстiң 4-тарауынасәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi. 38-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi 1. Қоршаған ортаға әсердi бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi. 3. Қоршаған ортаға әсердi бағалау әзiрленiмiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуден алынған нәтижелердiң дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшiн тапсырыс берушi алдында жауапты болады. 4. Қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 39-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде есепке алынуға тиiс әсерлердiң түрлерi 1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде: 1) тiкелей әсер - объектiнi орналастыру ауданында жоспарланып отырған негiзгi және iлеспе қызмет түрлерiнiң тiкелей тигiзетiн әсерi; 2) жанама әсер - жобаны iске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейiнгi) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер; 3) кумулятивтiк әсер - жобаны iске асыруға iлесе жасалатын, өткен, қазiргi немесе негiзделiп алдын ала болжанатын iс-әрекеттерден туындайтын, үнемi ұлғаю үстiндегi өзгерiстер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиiс. 2. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде: 1) атмосфералық ауаға; 2) жер үстi және жер асты суларына; 3) сутоғандары түбiнiң беткi жағына; 4) ландшафттарға; 5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына; 6) өсiмдiктер дүниесiне; 7) жануарлар дүниесiне; 8) экологиялық жүйелердiң жай-күйiне; 9) халық денсаулығының жай-күйiне; 10) әлеуметтiк салаға (халықты жұмыспен қамту, бiлiм беру, көлiк инфрақұрылымы) әсердi бағалау жүргiзiледi. 3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу процесiнде табиғи орта мен адам денсаулығына терiс және оң әсерлер есепке алынуға тиiс. 40-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау объектiлерiн бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау 1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi. I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады. II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады. III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады. IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады. 2. Әртүрлi санаттағы объектiлерге қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта белгiленедi. 41-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау құжаттамасы 1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi құжаттама: 1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушiнiң деректемелерiн; 2) жоспарланып отырған қызметтi iске асыру қажеттiгi негiзделген өтiнiштi (арызды, ниетi туралы декларацияны), инвестициялар негiздемесiн, техникалық-экономикалық негiздеменi (жобаны), жұмыс жобасының бекiтiлген бөлiгiн, түсiндiрме жазбаны; 3) қоршаған орта компоненттерiнiң қызметтi iске асырғанға дейiнгi не қазiргi кездегi жай-күйiнiң сипаттамасын; 4) жобаның жазбасын, оған қоса: бүкiл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңiнде қойылатын талаптардың сипаттамасын; жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған орта элементтерiне ықтимал әсерлерiнiң түрлерi қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикiзаттың және алынатын ресурстардың көлемi мен оның қосындыларының құрамымен бiрге көрсетiле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтерi мен санын қоса алғанда, өндiрiстiк процестердiң негiзгi сипаттамаларын; 5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды; 6) баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негiзгi себептерiне нұсқауды; 7) қызметтiң қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерiнiң сипаттамасын; 8) жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтiң қоршаған ортаға беймәлiм әсерлерiн; 9) экологиялық тәуекелдi және халықтың денсаулығына төнетiн тәуекелдi бағалауды; 10) экологиялық мониторинг жөнiндегi ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi болдырмау, азайту үшiн көзделетiн шаралардың сипаттамасын; 11) қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерiн және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерiн; 12) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының негiздемесiн; 13) ықтимал тәуекелдердi және келтiрiлген залалдарды өтеудi ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды; 14) хаттамалармен ресiмделген және жоспарланып отырған қызметтiң экологиялық аспектiлерiн қоғамдық талқылау нәтижелерi жөнiндегi қорытындыларды қамтитын қоғамдық пiкiрдi есепке алу жөнiндегi материалдарды; 15) қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу кезiндегi кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетiспеушiлiгiн көрсетудi; 16) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi жөнiндегi негiзгi қорытындыларды қамтиды. 2. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, табыс етедi, ол осы қызметтi iске асыруға болатыны туралы шешiм әзiрлеуге негiз болады. 3. Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың әрбiр кезеңiндегi құжаттама мазмұнының толымдылығы қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен айқындалады. Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 42-бап. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзудi әдiстемелiк қамтамасыз ету 1. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде тиiстi жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсердi бағалауды әзiрлеу процесiнде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 43-бап. Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi Трансшекаралық әсерi бар объектiлердiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады. 44-бап. Қолданыстағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға әсердi бағалау ерекшелiктерi 1. Егер объектiнi жобалау процесiнде қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзiлмеген не табиғат пайдалану жағдайлары жобада көзделген жағдайлардан айтарлықтай өзгеше болған жағдайда, қолданыстағы объектiлер үшiн мұндай бағалау жүргiзiлуге тиiс. 2. Қолданыстағы объектiге бастапқы жобада көзделмеген реконструкция жүргiзiлген кезде оның қоршаған ортаға әсерiн бағалау жекелеген материалдар түрiнде немесе объект бойынша тұтас алғанда қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдарына өзгерiстер енгiзу түрiнде жүзеге асырады. 3. Қолданыстағы объектiнiң қоршаған ортаға әсерiн осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес бағалау қажет болғанда, мұндай бағалау экологиялық рұқсат алуға өтiнiм берiлгенге дейiн орындалуға тиiс. 7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА 45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады. 46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары Экологиялық сараптама: 1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу; 2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi. 47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi 1. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға мыналар жатады: 1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға iлеспе, осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары; 2) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлерi, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметi негiзгi бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттiк инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келiсiмшарттар, оның iшiнде меншiк және жекешелендiру нысандарын өзгертуге қатыстылары; 3) қолданыстағы oбъектiлер үшiн қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары; 4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары; 5) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары; 6) кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейiмдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негiздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын өндiру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер; 7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары; 8) қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметтi жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары; 9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зiлзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесiн берудi негiздейтiн, аумақтар учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары; 10) көршiлес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн көршiлес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршiлес мемлекеттердiң халықаралық шарттарда белгiленген мүдделерiн қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары; 11) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама; 12) табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) берудi негiздейтiн құжаттама. 2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi мынадай жағдайларда: 1) экологиялық сараптама объектiсi бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама ескертпелерi бойынша жетiлдiрiлген; 2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда; 3) сот шешiмiнiң негiзiнде, қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтедi. 3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi осы Кодекстiң 40-бабындакелтiрiлген объектiлердiң сыныпталуына сәйкес I, ІІ, III, IV санаттарға бөлiнедi. I санатқа орталық мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 6-9) және 11) тармақшаларында аталған объектiлер жатқызылады. II санатқа жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары, өңiрлiк жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады. Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 48-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар 1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, II, III және IV санат объектілеріне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді. 3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 49-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу тәртiбi 1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы: 1) белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор); 2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы табыс етедi. 2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi 1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмi мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап үш айдан аспауға тиiс. 2. Алдын ала сараптамадан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күнiнен бастап екi аптадан аспауға тиiс. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады. 51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы 1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi. 2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдарды қамтиды. 3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгiлеген мерзiмде барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi. 4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады. 5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды. 6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берiлген күнiнен бастап бес жыл iшiнде қолданыста болады. Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 52-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының құқықтары 1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлiмшелерi басшыларының: 1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға; 2) сарапшылық бөлiмшелерiнiң, құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға; 3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сараптама кеңестерiн басқаруға, олардың қызметiн ұйымдастыруға; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу әдiстерiн айқындауға; 5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн, мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға; 6) есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жiберiлген, оны түзету қосымша зерттеулердi, iздестiру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлудi қажет ететiн құжаттар мен материалдарды пысықтау үшiн қайтаруға; 7) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға; 8) сараптама объектiсiн iске асырудың қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын мән-жайлар анықталған не тапсырыс берушi жоғарыда аталған қорытынды талаптарын орындамаған кезден бастап бiр ай iшiнде бұрын берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын керi қайтарып алуға; 9) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi қосымша материалдарды сұратуға; 10) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектiлер туралы мәлiметтердi банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына табыс етуге; 11) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелердi шешу үшiн тиiстi материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар. 2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен). 3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды. Сараптама бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бекітетін, оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын олар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі. Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 53-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы 1. Арнаулы бiлiмi бар және экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi жеткiлiктi тәжiрибесi бар және мемлекеттiк экологиялық сараптама органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартылған адам мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады. 2. Экологиялық сараптама жасалуға тиiстi құжаттама тапсырыс берушiнiң өкiлi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырыс берушiмен немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы бола алмайды. 3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 4. Сарапшының мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге байланысты қызметiне мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады. 5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот және әкiмшiлiк тәртiппен қорғалуға тиiс, ал мұндай жолсыздықтарға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 6. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысының: 1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жасалатын объектiге жан-жақты және объективтi баға беру үшiн мәнi бар қосымша материалдар табыс етiлуiн талап етуге; 2) экологиялық сараптама жүргiзуге мамандарды қосымша тартуға; 3) сараптама жұмысын, әдiснамасын ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге асыру тәртiбi мен принциптерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы бар. 7. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы: 1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың кешендi, объективтi және сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге; 2) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға; 3) қолданылып жүрген нормалар мен ережелер негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi мен тәртiбiн сақтауға; 5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға уақтылы беруге; 6) сараптама жасалатын объектiлердi одан әрi қарауға қабылдамаған не оларды негiздейтiн материалдар пысықтауға қайтарылған кезде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын объективтi бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге; 7) материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзiнiң құпия құжаттарға қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге мiндеттi. 54-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу процесiне сырттан сарапшылар тарту Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу сырттан сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптама органдарының сараптамалық қорытындылар алу үшiн басқа мемлекеттiк органдарға, өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жекелеген мамандарға өтiнiш жасауға құқығы бар. Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 55-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмi Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады және оларға тiркеу нөмiрлерiн бередi. 56-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның жанынан консультациялық-кеңесшi органдар болып табылатын және өздерi туралы ережелерге сәйкес әрекет ететiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi құрылады. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi және олардың жеке құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi. 3. Функциялары қоршаған ортаны қорғаумен байланысты мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының ғалымдары, практик-мамандар мен жұртшылық өкiлдерi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiне мүше бола алады. 4. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерiнiң қарауына: 1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтырудың күрделi проблемаларын талқылау; 2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың экологиялық қауiптiлiгi жоғары объектiлерге қатысты қорытындыларын қарау жатады. 57-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың шешiмдер қабылдауға қол жеткiзуi 1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдердi қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдi белгiленiп отырған қызметке тапсырыс берушi бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялауға тиiс. 2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезеңiнде барлық мүдделi азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктерге өз пiкiрiн бiлдiру мүмкiндiгi берiледi. 3. Iске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тiкелей ықпал етуi мүмкiн жобалар бойынша қоғамдық тыңдау өткiзiледi. 4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi және онда: 1) мүдделi тұлғалардың анықталуы; 2) ақпарат пен консультация алуға болатын жердiң көрсетiлуi; 3) халықты хабардар ету тәсiлiнiң көрсетiлуi (белгiлi бiр жерлерге афишалар iлу, газеттерге жариялау, жоспарларды, сызбаларды, кестелердi, графиктердi, үлгiлердi көрсете отырып көрмелер ұйымдастыру); 4) халыққа консультация берудi жүзеге асыру тәсiлiнiң (жазбаша таныстыру, халыққа сұрау салу) белгiленуi; 5) қоғамдық тыңдау өткiзу мерзiмi айқындалуға тиiс. 5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртiппен сараптама объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi. 58-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiндегi келiспеушiлiктердi қарау тәртiбi 1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiндегi келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен не сот тәртiбiмен қаралады. 2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама мәселелерi бойынша келiспеушiлiктердi кез келген мүдделi тараптың, оның iшiнде белгiленiп отырған қызметке тапсырыс берушiнiң, жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган келiссөздер арқылы қарайды. Бұл ретте мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы келiспеушiлiктердiң нысанасы бола алмайды. 59-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 60-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама 1. Қоғамдық экологиялық сараптама - қоғамдық бiрлестiктер құратын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi. 2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметтi азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөнiндегi қоғамдық мүдделердiң сақталуы тұрғысынан қарайды. 3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi iске асырылған жағдайда мүдделерi қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бiрлестiктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкiн. 61-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы 1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы - қоғамдық бiрлестiктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiледi және сараптама комиссиясының қызметiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолданылады. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының: 1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсiнен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттар мен материалдар сұратуға; 2) сараптама жүргiзу үшiн сарапшылық комиссия құруға; 3) қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергiлiктi атқарушы органдарға және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар. 3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы: 1) қоғамдық экологиялық сараптаманы осы Кодексте жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастыруға; 2) қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелерi туралы жұртшылықтың хабардар етiлуiн және қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзiрлеуде қоғамдық пiкiрдiң есепке алынуын қамтамасыз етуге; 3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделi тараптар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 62-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары 1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық бiлiмi бар және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргiзуге тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы мыналар бола алмайды: 1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсiнiң өкiлi; 2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн әзiрлеушiнiң өкiлi; 3) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған жеке тұлға; 4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң аталған тапсырыс берушiсiмен немесе оны әзiрлеушiмен шарттық қатынаста тұрған заңды тұлғаның өкiлi. 3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады. 4. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса тiркелетiн ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы: 1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға; 2) экологиялық сараптама объектiсi бойынша өз қорытындысы тұжырымдарының объективтiлiгi мен негiздiлiгiн, сондай-ақ қоғамдық экологиялық сараптаманың атына мүдделi жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктерден келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстардың ескерiлуiн қамтамасыз етуге; 3) материалдардың сақталуын және қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ зияткерлiк меншiктiң қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 63-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi тапсырыс берушiсiнiң құқықтары мен мiндеттерi 1. Жоспарланып отырған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң жеке немесе заңды тұлғасы қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiне тапсырыс берушi болып табылады. 2. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiне тапсырыс берушiнiң: 1) белгiленiп отырған қызмет бойынша құжаттамада қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердiң қорғалуына; 2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алуға және ақпаратқа қол жеткiзуге; 3) қоғамдық экологиялық сараптама аясында өткiзiлетiн қоғамдық тыңдауға және өзге де iс-шараларға қатысуға; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, жергiлiктi атқарушы органдарға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына өз түсiндiрмелерi мен түсiнiктемелерiн беруге құқығы бар. 3. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң тапсырыс берушiсi: 1) қоғамдық экологиялық сараптамаға қажеттi құжаттар мен материалдарды беруге; 2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысында баяндалған ұсынымдарға жазбаша жауап беруге мiндеттi. 64-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру: 1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және жүргiзетiн қоғамдық бiрлестiктердiң өз қаражаттары; 2) ерiктi қайырмалдықтар, өтеусiз негiзде ұсынылған гранттар; 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тыйым салынбаған өзге көздер есебiнен жүзеге асырылады. 65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу тәртiбi 1. Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргiзу туралы өтiнiш тiркелген жағдайда жүзеге асырылады. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу туралы өтiнiштi оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектiсiнiң қызметi жоспарланып отырған жергiлiктi атқарушы органдарға бередi. 3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу туралы өтiнiште: 1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы; 2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметiнiң сипаты; 3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәлiметтер; 4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi туралы мәлiметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс. 4. Жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны тiркеуге немесе тiркеуден бас тартуға мiндеттi. Көрсетiлген мерзiм iшiнде қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылмаса, ол тiркелдi деп есептеледi. 5. Егер: 1) бұрын осы oбъектiге қатысты екi рет қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзiлсе; 2) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi мемлекеттiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қамтитын болса; 3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы қоғамдық бiрлестiктiң қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметi көзделмесе; 4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң белгiленiп отырған мемлекеттiк экологиялық сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартылуы мүмкiн. 6. Жергiлiктi атқарушы орган қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi тiркеуден бас тартқан жағдайда, бұл жөнiнде қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерiн дәлелдi түрде негiздей отырып, жазбаша хабарлайды. 66-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы 1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерi ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрiнде ресiмделедi. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында: 1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы; 2) тапсырыс берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң атауы мен орналасқан жерi; 3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштiң жергiлiктi атқарушы органда тiркелгенi туралы мәлiметтер; 4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмдерi; 5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесiнде пайдаланылған басқа да құжаттардың тiзбеленiп көрсетiлуi; 6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы мүшелерiнiң құрамы; 7) сараптама нәтижелерiнiң баяндалуы; 8) қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы айқындаған, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу жөнiндегi тапсырмалардың сипаты; 9) қоғамдық экологиялық сараптама процесiнiң, оның iшiнде жұртшылықпен, тапсырыс берушiмен және басқа да мүдделi тараптармен өзара iс-қимыл жасасудың сипаттамасы; 10) қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдары қамтылуға тиiс. 3. Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында: 1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды; 2) тапсырыс берушiнiң қоршаған ортаға әсерге жүргiзген бағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөнiндегi сипаттама; 3) жұртшылықтың әртүрлi топтарының белгiленiп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелерiне жасалған шолу; 4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға экологиялық және әлеуметтiк тұрғыдан жол беруге болатыны жөнiндегi пiкiрi; 5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушiге, сараптама объектiсiн iске асыруға байланысты шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк органдарға және заңды тұлғаларға берiлетiн ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс. 4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қояды. 5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы: 1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге берiлген өтiнiштi тiркеген жергiлiктi атқарушы органға; 2) осы объектiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға; 3) жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсiне; 4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске қосуға байланысты шешiмдер қабылдайтын органдарға; 5) бұқаралық ақпарат құралдарына жiберiледi. 67-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерiн пайдалану 1. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап бiр ай iшiнде онда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдарды қарауға және өзiнiң түсiндiрмелерiн мемлекеттiк экологиялық сараптама органына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға жiберуге мiндеттi. 2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қаралуға тиiс. Қарау нәтижелерi қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жiберiлуге тиiс. 3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдар, қаржы ұйымдары және белгiленiп отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi шешiмдер қабылдаған кезде де ескерiлуi мүмкiн. 8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЎҚСАТТАР 68-бап. Экологиялық рұқсаттардың түрлерi Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушыларға мынадай экологиялық рұқсаттар: 1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар; 2) кешендi экологиялық рұқсаттар берiледi. 69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат 1. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға мiндеттi. 2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтiнiмiне сәйкес осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi. 3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген шарттарды орындауға мiндеттi және оларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 4. Өз меншiгiнде өндiрiстiк объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн: 1) бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да өтiнiм бере алады; 2) әртүрлi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объектiнiң орналасқан жерi бойынша өтiнiм беруге тиiс. 5. Егер қоршаған ортаға эмиссиялар ортақ табиғат пайдалану процесiнде жүретiн болса, бұл эмиссияларға рұқсат алу талап етiлмейдi. Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 70-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мазмұны 1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат: 1) табиғат пайдаланушы және ол жүргiзiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет туралы мәлiметтердi; 2) рұқсаттың қолданылу мерзiмiн; 3) табиғат пайдалану шарттарын, оның iшiнде олардың барлық көздерi бойынша эмиссиялардың нормативтерiн; 4) рұқсаттың қолданылуы кезеңiне арналған қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын; 5) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын қамтитын, белгiленген үлгiдегi құжаттар жиынтығы болып табылады. 2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкiлерiнiң нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 71-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу талап етiлетiн объектiлердiң санаттары 1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн табиғат пайдаланушыларға рұқсат берiлетiн oбъектiлер I, II, III және IV болып төрт санатқа бөлiнедi. 2. I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныпты объектiлерi жатады. II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныпты объектiлерi жатады. III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныпты объектiлерi жатады. IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныпты объектiлерi жатады. 3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан, II санат объектілеріне - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, III санат объектілеріне - оңайлатылған схема бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, IV санат объектілеріне хабарлау декларациясының негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алады. 4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн табыс етiлетiн материалдар 1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн рұқсат беретін органға қажеттi құжаттар топтамасын табыс етедi. 2. I және II санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы: 1) рұқсат алуға өтiнiмдi; 2) қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi бөлiмi бар, белгiленiп отырған қызмет жобасына мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын; 3) пайдаланылатын технологиялық шешiмдердiң қысқаша сипаттамасын; 4) қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы бар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде белгiленген тәртiппен есептелген эмиссиялар нормативтерiнiң жобасын; 5) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын; 6) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының жобасын; 7) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қамтиды. 3. III санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы: 1) рұқсат алуға өтiнiмдi; 2) қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерi немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы бар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде белгiленген тәртiппен есептелген эмиссиялар нормативтерiнiң жобасын; 3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын; 4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының жобасын; 5) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қамтиды. 4. IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы: 1) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен); 2) қолданылатын техникалық шешiмдер, кәрiз, желдеткiш, қалдықтарды шығару, көлiк құралдарын пайдалану туралы ақпарат бар хабарлау декларациясын қамтиды. 5. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтiнiмнiң және хабарлау декларациясының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 73-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа енгiзiлетiн табиғат пайдалану шарттары 1. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлерi үшiн арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететiн табиғат пайдалану шарттары енгiзiлуi мүмкiн. 2. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа табиғат пайдаланудың белгiлi бiр шарттарын енгiзу туралы шешiмдi рұқсат берген органдар қабылдайды. 3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа енгiзуге тыйым салынады. 4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгiзу тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 74-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн өтiнiмдер беру, қарау және рұқсат беру мерзiмдерi 1. Өтiнiмдер беру қолданыстағы рұқсат мерзiмi аяқталғанға дейiн не жаңа объект пайдалануға берiлгенге дейiн төрт айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады. 2. Рұқсат беретін орган өтінім тіркелген кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде өтінімді табыс етілген материалдардың толықтығы және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысында қарайды. Осы мерзімнің ішінде табыс етілген өтінім бойынша қосымша құжаттар сұратылып алынуы мүмкін. Осы мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не табыс етілген материалдардың жеткіліксіздігі салдарынан және (немесе) оның осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбайды. Өтінім қабылданбаған жағдайда табиғат пайдаланушыға қабылданбаудың себептері дәлелді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі. 3. Қабылданған өтінімдерді рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде қарайды. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі. Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 75-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшiн негiздер 1. Табиғат пайдаланушыға I және II санаттағы объектiге мына шарттар сақталған жағдайда: 1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар табыс етiлсе; 2) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобасы осы Кодекстiң талаптарына сәйкес келсе; 3) қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң және табиғат пайдалану шарттарының Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетiнiн растаса; 4) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келсе және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етсе; 5) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келсе, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс. 2. Табиғат пайдаланушыға III санаттағы объектiге, егер: 1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар табыс етiлсе; 2) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобасы осы Кодекстiң талаптарына сәйкес келсе; 3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келсе және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етсе; 4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келсе, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс. 3. Егер табиғат пайдаланушы қажеттi өтiнiм мен хабарлау декларациясын табыс етсе, оған IV санаттағы объектiге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс.
|