Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 15/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда № 5-1-112 тіркелді
"Жер салығының ставкалары туралы" 2003 жылғы 23 маусымдағы № 23/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Өскемен қалалық мәслихатының «Жер салығының ставкалары туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы № 23/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1326 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 20 шілдедегі № 113 «Рудный Алтай», 2003 жылғы 29 шілдедегі № 73 «Дидар» газеттерінде жарияланған) «Жер салығының ставкалары туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы № 23/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 18/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-17 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 1 қаңтардағы № 1 «Дидар», 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған), «Жер салығының ставкалары туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы № 23/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 10 шілдедегі № 8/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-87 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 29 шілдедегі № 101 «Дидар» және № 113 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістерімен келесі өзгерістер енгізілсін: 1) кіріспедегі «338» саны «387» деген санмен ауыстырылсын. 2) 4 тармақтағы «332» саны «381» деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р. Мамырбаева
Қалалық мәслихаттың хаттшысы Е. Нәбиев
|