ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

  Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы
ЕРЕЖЕ

Ескерту. Мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2006.09.11. N 177 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi (бұдан әрi - Қазақстанның Ўлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады, Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi, "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi, өз қызметiнде Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заңнама актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Қазақстанның Ўлттық Банкi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң дербес балансы бар, өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрлесiп тiкелей бағыну схемасындағы бiртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
Қазақстанның Ўлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздерi болатын елдiң заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

3. Қазақстанның Ўлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiредi және онымен тұрақты консультациялар өткiзiп отырады.
Қазақстанның Ўлттық Банкi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және егер ол өзiнiң негiзгi функцияларын орындауы мен ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтiн болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды, сол сияқты Қазақстанның Ўлттық Банкi де мұндай жауапкершiлiк алған кезде болмаса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдары Қазақстан Ўлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының заңнамамен бекiтiлген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

4. Қазақстанның Ўлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң, басқа да заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi оның "Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланып отырады.

5. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi, сондай-ақ өзiнiң эмблемасы болады.
Қазақстанның Ўлттық Банкi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының өз мөрi бар.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң орталық аппаратының мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй. Орталық аппараттың жекелеген бөлiмшелерiнiң бiр бөлiгi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Орталық филиалының мына мекенжайдағы үйiне орналасқан: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 21-үй.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

2. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты,
мiндеттерi, функциялары, өкiлеттiктерi және құқықтары

6. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң негiзгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның Ўлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

7. Қазақстанның Ўлттық Банкi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды атқарады:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асыру;

3) банктердiң банк функциясын жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi және агентi функцияларын және Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсетудi жүзеге асыру;

5) төлем жүйелерiнiң жұмысын ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

7) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн басқару;

8) қаржы ұйымдарының қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша олардың қызметiн реттеу.

8. Қазақстанның Ўлттық Банкi мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:
1) ақша нарығының жалпы жай-күйiне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлейдi;

2) қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде ықпал ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейiн белгiлейдi;

3) ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

4) ерекше жағдайларда, инфляция процестерiн ақша-кредитпен реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған кезде Қазақстанның Ўлттық Банкi операциялардың жекелеген түрлерi бойынша кредиттеу лимиттерiн белгiлеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын доғару, операциялардың жекелеген түрлерi мен мәмiлелер бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейлерiн белгiлеу және жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе ұстап тұру мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу жолымен операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейiне және көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзуге құқылы;

5) ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң Ўлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi, сондай-ақ банктерге берiлетiн заемдарды тарту және өтеу тәртiбiн, шарттарын, мерзiмдерi мен лимиттерiн айқындайды;

6) депозиттер қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ўлттық Банктегi депозиттердi беру және өтеу тәртiбiн, шарттарын, түрлерiн, мерзiмдерi мен лимиттерiн айқындайды;

7) валюталық интервенцияны жүзеге асырады;

8) өзiнiң бағалы қағаздарын - мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылатын Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбiн, шарттарын айқындайды;

9) жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде мемлекеттiк және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

10) ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және коммерциялық вексельдердi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қайта есепке алуға қабылдауына қойылатын шарттарды белгiлейдi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.01.30. N 527 Жарлықтарымен.

9. Қазақстанның Ўлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмитентi функциясын іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен монеталардың қажеттi санын айқындайды және олардың дайындалуын қамтамасыз етедi;

2) банкноттар мен монеталар шығарудың, Қазақстан Республикасының аумағында олардың айналысын ұйымдастырудың және айналыстан алудың ерекше құқығына ие болады.
Айналысқа банкноттар мен монеталар шығаруды жеке және заңды тұлғаларға оларды сату арқылы Қазақстанның Ўлттық Банкi жүзеге асырады;

2-1) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға оларды сату бағасын белгілейдi;

3) бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау және жою тәртiбiн белгiлейдi;

4) қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау ережесiн белгiлейдi, банкноттар мен монеталарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

10. Қазақстанның Ўлттық Банкi банктердiң банк функциясын жүзеге асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасында қайта қаржыландыру жүйесiн ұйымдастырады;

2) "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның Ўлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелеріне бiр жылдан аспайтын мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

3) екiншi деңгейдегі банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, соған байланысты оларға Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы белгілеген тәртiппен және мерзiмге қамтамасыз етiлген, сол сияқты қамтамасыз етiлмеген кредиттердi ұлттық және шетел валютасымен беруге құқылы;

4) ақшаның қате аударылу фактiсi анықталған жағдайда оны клиенттiң банк шотынан алуға құқығы бар, клиенттiң ақшаны банк шотынан акцептемей алуға берген келiсiмiн растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын дебеттеуге құқылы;

5) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тәртiппен және шарттармен банктерге және басқа ұйымдарға берiлген кредиттер бойынша олардың Қазақстанның Ўлттық Банкi алдындағы берешектерiнiң қайта құрылымдауға құқылы.

11. Қазақстанның Ўлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi, агентi функцияларын жүзеге асыру және Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсету мақсатында:

1) өзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаражатын орналастырады, Yкiметтiң шоттары бойынша төлемдер жасайды және өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiн тiкелей қаржыландыруына болмайды;

2) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазынашылық комитетiнiң және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына, шетел валютасындағы шоттарына қызмет көрсетедi;

3) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын әзiрлеу және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатына байланысты мәселелерi бойынша бюджет саясатын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарын қарайды;

4) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, оның мемлекеттiк борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң мемлекеттiк борышына қызмет көрсетедi;

5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.

Қазақстанның Ўлттық Банкi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы нарыққа орналастырылған кезде оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ;

6) мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттiк борышын өтеудiң ай сайынғы көлемiн, олардың банк жүйесiнiң өтiмдiлiгiне ықпалын және ақша-кредит саясатының басымдықтарын есепке ала отырып, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарын жiберу шарттарын келiседi;

7) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта және басқа ұйымдарда сенiмхат бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады;

9) заемшыларға кредиттер жiберудi жүзеге асырады;

10) басқа да қызметтер көрсетедi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

12. Қазақстанның Ўлттық Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырy жөнiндегi функцияны жүзеге асыру мақсатында:

1) төлем жүйелерiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асырады;

2) төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн, төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды белгiлейдi;

3) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;

4) банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелердiң сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгiн және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарды белгiлейдi;

5) өз құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы;

6) банк шоттарының түрлерiн және құқықтық режимiн, шоттарды ашу, пайдалану (жүргiзу) және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;

7) банк операцияларын жүргiзген кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережесiн белгілейдi;
8) төлем жүйелерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн және сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.

12-1. Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ўлттық Банкi:

1) төлем жүйелерiн ұйымдастыруға және жұмыс iстеу шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актілер қабылдауға;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеу мониторингiн жүзеге асыруға және оны жүргiзудiң тәртiбiн белгілеуге;

3) төлем жүйелерiнiң ұйымдастырылуын және жұмыс iстеуiн тексеруге;

4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi;

5) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес төлем жүйелері қатысушыларының қызметiн тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен.

13. Валюталық реттеу және бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ўлттық Банкi:

1) Қазақстан Республикасында шетел валютасы және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының саласын және тәртiбiн айқындайды, резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн белгiлейдi;

2) валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдар әзiрлеген валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi келiседi;

3) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгілейдi;

4) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

5) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар береді және берудің, беруден бас тартудың, қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;

5-1) валюталық операцияларды тіркеу, валюталық операциялар туралы хабарлау және шетелдік банктерде шоттар ашу тәртібін белгілейді, тіркеу куәліктерін және хабарлау куәліктерін береді;

6) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн (валюталық мониторинг) жүзеге асыру тәртiбiн белгілейдi және валюталық мониторинг жүргізеді;

6-1) сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ шетел валютасын iшкi валюта нарығында пайдалану бағыттары мониторингiн жүзеге асырады;

7) айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пункттерiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес олардың қолданылуын тоқтатады;

8) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы айқындаған тiзбеге сәйкес шетел валюталарына қатысты Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамын белгілейдi;

9) мемлекеттiк органдардың құзыретiне сәйкес олардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместердiң орындауы мiндеттi валюта операциялары бойынша есепке алу мен есептiлiктiң тәртiбiн және нысандарын белгілейдi;

10) валюта заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша тексерулерді жүзеге асырады, сондай-ақ валюта заңнамасы бұзылған жағдайда өз құзыретi шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiпте санкциялар қолданады;

11) алып тасталды

12) алтынвалюта активтерiмен операцияларды қалыптастырады және жасайды;

13) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шет елдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;

14) жасалған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдардан шетел валютасын тартады;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527Жарлықтарымен.

14. Қазақстанның Ўлттық Банкi валюта құндылықтарымен және қымбат металдармен мынадай операцияларды жүзеге асырады:

1) шетел валютасын сатып алады және сатады;

2) Қазақстан Республикасының Yкiметi шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген шетел валютасындағы бағалы қағаздарды, оның iшiнде Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларда, несие нысанындағы бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе операциялар жүргiзедi;

3) банктерде, шетелдiк орталық банктерде және олардың тiркелген мемлекеттерiнiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

4) шетелдiк орталық банктер, олардың тiркелген мемлекеттерiнiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар банктер және басқа қаржы институттары, шетел үкiметтерi мен олардың агенттерi үшiн, сондай-ақ халықаралық ұйымдар үшiн шоттар ашады және жүргiзедi, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасайды;

5) тазартылған алтынды, қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы нарықта тазартылған алтынды және басқа қымбат металдарды сатып алу және сату бойынша операциялар жасайды;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен валюта құндылықтары мен қымбат металдарды Қазақстан Республикасына әкеледi, сондай-ақ оларды шетел банктерi мен мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өзiнiң шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге әкетеді;

8) кредиттiк рейтингiнiң ең төменгi деңгейiн Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе олармен операциялар жүргiзедi;

9) банкаралық депозиттер, репо мен керi репо, депозиттiк сертификаттар, коммерциялық қағаздар және кредиттiк рейтингiнiң ең төменгi деңгейiн Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын эмитенттер шығарған басқа да борыштық мiндеттемелерi сияқты ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

10) кредиттiк рейтингтерi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы айқындаған деңгейден төмен емес қарсы әрiптестермен форвард операциялары, своп операциялары және опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

11) Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.

15. Қазақстанның Ўлттық Банкi алтын-валюта активтерiн басқару мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының қымбат металдармен және асыл тастармен байланысты қатынастарды реттейтiн заңнамасына сәйкес, аталған металды қазақстандық және өзге өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтынды сатып алады;

2) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және резидент еместерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiнен шетел валютасын Қазақстан теңгесiне (ескерткiш және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасын сатып алады;

3) депозиттерді (салымдарды) орналастырады, шетел валютасымен дилинг операцияларын және шетел валютасында деноминацияланған бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ шетел валютасымен кредиттер бередi;

4) тазартылған алтынмен, күмiспен, платинамен және платина тобындағы басқа металдармен сату, орналастыру және басқа операцияларды жүзеге асырады;

5) халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан кредиттер алады;

6) шетел валютасымен ақы төленетiн консультациялық, ақпараттық-баспа және басқа қызметтер көрсетедi;

7) ақша-кредит саясатын және айырбас бағамы саясатын жүргiзу мақсатында, оның iшiнде iшкi валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстардың ауытқуларын баяулату мақсатында, iшкi валюта нарығында валюта сатып алады және сатады;

8) өнiм (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) импортына, оған қоса шет елдердегi дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау және iссапар шығыстарына төлеу үшiн, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен Қазақстан Ўлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы борышына қызмет көрсету үшiн теңгенi шетел валютасына айырбастауды жүзеге асырады;

9) басқа шетел валютасын сатып алу үшiн шетел валютасын сатады;

10) алынған кредиттер бойынша негiзгi борыш сомасын және сыйақы сомасын қайтарады, сондай-ақ комиссиялық және олардың басқа да iлеспе шығыстарын төлейдi;

11) қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен шығынды алтын-валюта активтерiн есептен шығарады;

12) алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын, сондай-ақ бiрқалыпты тәуекел деңгейi кезiнде ұзақ мерзiмдi болашақта кiрiстiлiгiн қамтамасыз ете отырып олармен операциялар жүргiзедi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен.

16. Қаржы ұйымдарының қызметiн лицензиялау, бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметiн реттеудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстанның Ўлттық Банкi:

1) қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия бередi;

3) инкассация бойынша операцияларды Қазақстан Ўлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптасу тәртiбiн белгiлейдi;

4) қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;

5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жағдайда, уәкiлеттi органға уәкiлеттi органның банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытындыны беру талаптарын және тәртiбiн айқындайды;

6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген жағдайда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алады;

7) басқа мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен, орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастықта болады және өздерi бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпаратпен алмасуға құқылы;

8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалған өкiлеттiгі шегiнде банк қызметi, ақша төлемдерi және аударымы, валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге де мәселелер бойынша барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

9) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ Қазақстан Ўлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

9-1) арнайы қаржы компаниялары орындауға міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

10) бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру жүйелерiне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның ішiнде уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiн тарта отырып жүргiзілген тексерулер арқылы жүзеге асырады;

11) мынадай банк операцияларын жүргізу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi тазартылған қымбат металдардың және қымбат металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетiлетiн осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар; аударым операциялары; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасында айырбастау операцияларын ұйымдастыру; аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша мiндеттердi орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару мен пайдалану тәртібін айқындайды;

12) банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртiбiн белгiлейдi;

13) тиiстi уәкiлеттi органдардың келiсiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету және құрылысын ұйымдастыру жөнiндегі орындалуы мiндетті талаптарды белгілейдi;

14) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесiн реттеу жөнiндегі уәкілетті органмен келiсе отырып қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептіліктің стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

15) уәкiлеттi органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық есептiлiктерiнiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесiн және нысанын, сондай-ақ ұсыну мерзімдері мен тәртібiн белгілейдi;

16) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерiн және аударымдарын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметінiң келісiмi бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық субъектiлерi жүзеге асыратын банк шоттары бойынша төлем жасау кезектілігін белгiлеуге құқылы;

17) банктердің операциялары мен мәмілелерінің жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулерді белгiлейдi;

18) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға олар банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілердi бұзған жағдайда өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және банктік және валюталық заңнамада көзделген санкцияларды қолдану тәртiбiн айқындайды және қолданады. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкциялар қолданған кезде Ўлттық Банк бұл жөнiнде уәкілеттi органға хабарлайды;

19) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңнамасын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

20) бағалы қағаздар нарығында тиiстi лицензиялар алмай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалған банк қызметiн және кәсiби қызметтi жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527Жарлықтарымен.

16-1. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң реттеу функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасауға бағытталады.
Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

16-2. Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ўлттық Банкi:

1) Қазақстан Ўлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;

2) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;

4) Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2006.09.11. N 177 Жарлығымен.

17. Қазақстанның Ўлттық Банкi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Ўлттық Банкiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жағдай жасайтын және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және оның қызметiне қатысады;

2) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансын және өз балансын жасайды және тұрақты түрде жариялайды;

3) елдiң есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық позицияны және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзімді, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамдық бағалауын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi, мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;

4) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;

5) статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегi статистикалық есептiлiк тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмiн белгiлейдi және оны жинауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

7) мемлекеттiк органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) өз функцияларын орындау үшiн статистикалық есеп және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпарат сұратуға және алуға құқылы;
8) алынып тасталды

9) Қазақстан Ўлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе басқа да заңды тұлғалар арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ўлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттар ресми баспасөз басылымдарында жарияланады;

10) вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;

11) депозиттер қабылдайды, ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

12) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

13) сыртқы борышты басқарудың мемлекеттiк саясатына сәйкес банктер үшiн сыртқы заемдарды тарту көлемiне шектеулер енгiзедi;

13-1) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып Қазақстан Ўлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясатын және әдiстерiн айқындайды;

14) банктердi, заңды және жеке тұлғаларды шарт жасау жағдайында қажеттi талдау, баспа және ақпарат материалдарымен қамтамасыз етедi, банк iсiн ұйымдастыруға консультациялық және iс жүзiнде көмек бередi және басқа да қызметтер көрсетедi;

15) ақылы негiзде банк операцияларын жүргiзедi және басқа да қызметтер көрсетедi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiнде қызметтер көрсетедi.
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көрсетiлетiн банк және өзге де қызмет көрсету үшiн ақы алмайды;

16) Қазақстанның Ўлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп санайтын депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

17) туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

18) чектер жазады және вексельдер бередi;

19) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағаздарына техникалық талаптарды бекiтедi;

20) егер бұған "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тiкелей тыйым салынбаса, өз мiндеттерiне сәйкес өз атынан басқа да банк операцияларын, сондай-ақ мәмiлелердi жүзеге асырады;

21) оларды қарау Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес қарайды;

22) Ўлттық Банк қызметкерлерiн даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527 Жарлықтарымен.

3. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң капиталы және резервтерi

18. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң капиталы және резервтері жарғылық және резервтiк капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады.

19. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстерi мен шығыстары (алтынвалюта активтерiн қайта бағалау шоттарына жатқызылған, пайда болған iске асырылмаған кiрiс сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Банктiк активтер бойынша жасалған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына және алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiс сомасына азайтылған Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджетке аударылады.
Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда барлық бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ўлттық Банкiнiң басқаруында қалады және жарғылық капитал мөлшерiне жеткенге дейiн резервтiк капиталды толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылындағы шығындарды өтеу үшiн резервтiк капитал қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны жабылмаған шығын Қазақстан Ўлттық Банкiне бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен толық көлемде өтеледi.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

20. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және бөлiнбеген таза кiрiстен шегерiмдер арқылы кемiнде 20 миллиард қазақстандық теңге мөлшерiнде түзiледi.
Қазақстанның Ўлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi айқындаған тәртiппен иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем емес мөлшерде қалыптасады, бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен толықтырылады және Қазақстан Ўлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртiппен жүргiзiлетiн операциялар бойынша шығасыны өтеу мен шығындардың орнын толтыруға ғана арналады.
Қазақстанның Ўлттық Банкi шығыстары есебiнен кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және басқа да активтердi қоса алғанда, оның iшiнде аяқталмаған құрылыс көлемi, күмәндi және үмiтсiз талаптар, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi бойынша басқа да талаптар және әлеуметтiк сипаттағы төлемдер бойынша арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) түзiледi.
Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан жұмсалмаған кiрiстi есепке алуға арналған. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ўлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi қазақстандық теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жасалған және пайдаланылады әрi мыналардан тұрады:

1) тазартылған алтын;

2) Қазақстан Ўлттық Банкiнде сақталатын валюта құндылықтары;

3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдерi;

4) шетел үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздар;

5) осындай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Қазақстан Ўлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын мақсаттарға пайдаланылады.
Қазақстанның Ўлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын алтынвалюта активтерi бойынша бағамдық айырма олар пайда болған есептiк кезеңдегi iске асырылмаған кiрiстердiң немесе шығыстардың есебiне жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ўлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес есептелген iске асырылған кiрiс немесе шығыс сомасы есептiк кезеңдегi кiрiстер мен шығыстардың тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылын аяқтау нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар қайта бағалаудың тиiстi шоттарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiнiң түрлерi бойынша қайта бағалау шоттарында қалдық болмаған жағдайда пайда болған терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан түскен iске асырылған кiрістер толық көлемде резервтiк қорды ұлғайтуға жiберiледi.
Қазақстан Ўлттық Банкi алтынвалюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталымдылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажетті деңгейде ұстап тұруға тиiс.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен.

4. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi

21. Қазақстанның Ўлттық Банкi тiкелей бағыну схемасы бар орталықтандырылған біртұтас құрылымды бiлдiредi.
Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң органдары болып табылады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құрылымына департаменттерден және басқа бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
Қазақстанның Ўлттық Банкi орталық аппарат бөлiмшелерiнiң, өз филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының қызметтерiне аудиттi және тексерудi жүзеге асырады.

22. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жоғары органы Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
Қазақстанның Ўлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң төрт лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр өкiлi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнен және Қазақстанның Ўлттық Банкiнен Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасына мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.09.11. N 177 Жарлығымен.

23. Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының құзыретiне:
1) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;

2) банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есептiң, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналымының, валюта операцияларын және олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда қызметтiң өзге де түрлерiне қатысты Қазақстан Ўлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;

3) Қазақстан Республикасы Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын, сондай-ақ дизайнын айқындау, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарын шығару, банкноттар мен монеталардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру, сондай-ақ ескi және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;

4) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау таралымын, қоспасын, шығарылатын мерзiмi мен күнiн айқындау;

5) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;

6) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау;

7) ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлеу;

8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру туралы шешімдер қабылдау;

9) банктерде операциялар жүргiзуге сенiмхат берудiң тәртiбiн белгiлеу;

10) алтынвалюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн айқындау;

11) монетарлыққа жатқызылатын қызметтi айқындау;

12) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне ұсыну;
13) алынып тасталды

14) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлігін қарау және бекiту;

15) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын және өзге де мүлкiн басқару тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;
16) алынып тасталды

17) Қазақстан Ўлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, оған ақы төлеудi, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудi, бiліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды айқындау және бекiту;

18) уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша оны қаржыландырудың жалпы сомасын бекіту;

19) "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық және өзге де ұйымдарға Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қатысуы туралы шешiмдер қабылдау;

20) Қазақстан Ўлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директораттың) құрамын бекiту;

21) қызметiн реттеу мен қадағалау уәкiлеттi органға және Қазақстанның Ўлттық Банкiне жүктелген ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк бойынша нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлік есеп стандарттарын және оларға әдістемелік ұсынымдарды бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жүйесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның келісiмi бойынша бекiту;

22) банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға Қазақстан Ўлттық Банкінде банктiк шоттар ашудың шарттарын айқындау;

23) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетін вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;

24) Қазақстанның Ўлттық Банкi берген кредиттер бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстанның Ўлттық Банкi алдындағы берешегiн қайта құрылымдау шарттарын айқындау;

25) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ўлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;

26) жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жiберiлетiн бөлiнбеген таза кiрiс мөлшерiн белгiлеу;
27) алынып тасталды

28) банктер үшiн ең төменгi резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;

29) Ўлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде инкассация бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгілеу;
30) алынып тасталды

31) Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын есептi бекiту;

32) Қазақстан Республикасы Парламентiне Қазақстан Республикасы Ўлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы жыл сайын ақпарат беру;

33) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ўлттық қорын сенiмгерлiк басқару бойынша шұғыл шешiмдер қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (өкiлеттi өкiл) (Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi) айқындау;

34) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы белгіленетiн шетел валюталарының тiзбесiн айқындау;

35) бағалы қағаздар эмитенттерiнiң кредиттiк рейтингiсiнiң ең төменгi деңгейiн айқындау; V064361

36) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң консультативтiк-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;

37) Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау ережелерiн бекiту;

38) Қазақстан Республикасы Ўлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;

39) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға реттелуi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту кiредi.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құзыретiне кiретiн кез келген мәселенi қарауға әрi шешiм қабылдауға құқылы.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527Жарлықтарымен.

24. Қазақстанның Ўлттық Банкi Басқармасының отырыстары қажеттiгiне орай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарма отырыстары Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргiзедi. Қазақстанның Ўлттық Банкi Басқармасының отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Басқарма отырыстары өткiзiлетiн орынды Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам белгiлейдi.
Басқарма отырыстары қажеттiгiне орай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Басқарма отырыстары соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам, не Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi аса шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырыстарын өткiзудi талап етуге құқылы.
Басқарма отырысына нақты мәселе бойынша қатыса алатын адамдар тобын (Басқарма мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ўлттық Банкінің Төрағасы айқындайды.
Басқарма шешiмi арасында Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам болуға тиiстi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстанның Ўлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Қазақстанның Ўлттық Банкi Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы Басқарма шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге қайталап талқылау және дауысқа салу үшiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма жалпы санының үштен екiсiне тең дауыспен бұрын қабылданған шешiмдi бекiтсе, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Қазақстанның Ўлттық Банкi орталық аппаратының орналасқан жерiне сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, сондай-ақ Басқарманың кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда болу немесе өзге де дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы олармен телефон не басқа да байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесу арқылы келiсе алады. Қабылданған шешiм бойынша олардың кейiннен өз көзқарастарын растауы Басқарма қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi.
Басқарма өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Басқарма мүшелерiнiң Басқарма отырысы талқыланатын мәселе бойынша Басқарма отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрiлген және осы отырыс басталғанға дейiн шешiмiн таппаған, сондай-ақ Қазақстанның Ўлттық Банкi Төрағасының, не оның орнын басатын адамның шешiмi жөнiнде түбегейлi келiспеушiлiктерi болған жағдайда, Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Басқарма отырысы хатшысының жұмысын Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ўлттық Банкiнiң өзге де қызметкерiне жүктеуі мүмкiн.
Басқарма отырысына енгiзiлетiн мәселелер бойынша материалдар қаулыны шығаруға (ресiмдеуге) тiкелей жауап беретiн, оларды алдын ала қарау үшiн Басқарма мүшелерiне Басқарма отырысы басталғанға дейiн он күннен кешiктiрмей жiберетiн Қазақстан Ўлттық Банкiнiң бөлiмшесiне берiледi. Басқарма Төрағасы материалдарды алдын ала қарауға неғұрлым қысқа мерзiм белгiлеуге құқылы.
Қазақстанның Ўлттық Банкi Басқармасының жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады.

25. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ўлттық Банкiн оралымды басқару органы болып табылады және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құзырындағы мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ўлттық Банкi бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Қазақстан Ўлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң отырысын Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам жүргiзедi.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Директорлар кеңесiнiң отырысы өтетiн орынды Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам айқындайды.
Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi отырысының соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам, не Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi неғұрлым шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Директорлар кеңесiнiң кезектен тыс отырысын шақыруды талап етуге құқылы.
Директорлар кеңесiнiң отырысына нақты мәселе бойынша қатысатын адамдар тобын (Директорлар кеңесi мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы айқындайды.
Директорлар кеңесiнiң шешiмдерi отырыста да, сол сияқты сауалнама арқылы да қабылданады. Шешiмдер отырыста Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi, оның iшiнде Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнындағы адам болуға тиiстi жағдайда Директорлар кеңесiнiң қатысып отырған мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Сауалнама арқылы қаралатын мәселелер жөнiндегi шешiм Директорлар кеңесi құрамының жалпы саны дауысының үштен екiсiмен қабылданады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы Директорлар кеңесiнiң шешiмiн қайта талқылау және дауысқа салу үшiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Директорлар кеңесi қабылданған шешiмдi жалпы дауыс санының үштен екiсiмен қуаттаса, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды. Кейбiр мәселелердiң жедел шешiлу қажеттiгiн ескере отырып, жекелеген жағдайда шешiм сауалнама арқылы қабылданады, ал Директорлар кеңесiнiң кейбiр мүшелерi қызмет бабымен iссапарда жүрген немесе олар басқа да дәлелдi себептермен болмай қалған жағдайларда, талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының олармен телефон немесе басқа байланыс құралдарын пайдаланып сөйлесу арқылы келiсуi мүмкiн. Қабылданған шешiм бойынша олардың өз көзқарасын кейiннен растауы Директорлар кеңесiнiң қаулысына қол қоюмен ресiмделедi, ал оларда түбегейлi келiспеушiлiктер болған жағдайда, қаулыға ескерту түрiнде ресiмделедi.
Директорлар кеңесi өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Директорлар кеңесiнiң отырысында талқыланатын мәселе бойынша Директорлар кеңесiнiң мүшелерi түбегейлi келiспеушiлiктер білдiрсе, олар оны Директорлар кеңесiнiң отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрген және осы отырыс басталғанға дейiн қайтарып алмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмiмен Директорлар кеңесiнiң отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Директорлар кеңесi отырысы хатшысының қызметiн Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам Қазақстан Ўлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ўлттық Банкiнiң өзге қызметкерiне жүктей алады.
Директорлар кеңесiнiң отырысына енгiзiлетiн мәселелер жөнiндегi материалдар Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қаулының шығарылуына (ресiмделуiне) тiкелей жауап беретiн бөлiмшесiне тапсырылады, ол мұны алдын ала қарау үшiн Директорлар кеңесiнiң отырысы басталардан кемiнде бес күн бұрын Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне жолдайды. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы материалдарды алдын ала қараудың барынша қысқа мерзiмiн белгiлеуге құқылы.
Директорлар кеңесiнiң жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады.

26. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң өкiлеттiктерi:
1) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құрылымы негiзiнде Қазақстан Ўлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң құрылымын, филиалдарын, өкiлдiктерiн, олар туралы ереженi, сондай-ақ Қазақстанның Ўлттық Банкi ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;

2) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң орталық аппаратының бөлiмшелерi, филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары басшыларының есебiн тыңдайды;

3) "репо", "керi репо" операциялары және "овернайт" заемдары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi;

4) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есебiнiң құрылымын айқындайды;

5) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң орталық аппаратының бөлiмшелерiне, филиалдарына және өкiлдiктерiне бюджеттi (шығыстар сметасын) бөледi;

6) Қазақстан Ўлттық Банкi ұйымдарының бизнес-жоспарын және еңбекақы төлеу қорын бекiтедi;

7) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қайта құру және тарату жөнiнде, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ашу және жабу жөнiнде шешiм қабылдайды;

8) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы бекiткен номенклатураға сәйкес Қазақстан Ўлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келiсiм бередi;

9) қажет болғанда Қазақстанның Ўлттық Банкi Басқармасының қарауына енгiзiлетiн мәселелердi алдын ала қарайды;

10) өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететiн және (немесе) нарық инфрақұрылымының бөлiгi болып табылатын ұйымдардың құруға және оның қызметiне Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қатысуы туралы мәселенi шешедi;

11) Қазақстан Ўлттық Банкi көрсететiн қызметтер үшiн ақы түрлерiн және мөлшерiн бекiтедi;
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген өзге мәселенi қарауға және шешiм қабылдауға құқылы.

27. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi Парламент Сенатының келiсуiмен 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төраға Қазақстанның Ўлттық Банкiнiң атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржылық, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қатынастарда сенiмхатсыз Қазақстан Ўлттық Банкiнiң атынан өкiлдiк етедi.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы орнынан түсу туралы өзiнiң жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне екi ай бұрын берiп, орнынан түсуге құқылы.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасын қызметтен Қазақстан Республикасының Президентi босатады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.13. N 436 Жарлығымен.

28. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқармасы үшiн осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Қазақстан Ўлттық Банкi қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша жедел және атқарушы-өкiмдiк шешiмдер қабылдау өкiлеттiктерiне ие, оның iшiнде:

1) Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң отырыстарын жүргiзедi;

2) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң нормативтiң құқықтық актiлерi, Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң қаулылары негiзiнде және/немесе оларды орындау үшiн Қазақстан Ўлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң қаулыларына қол қояды;

3) республикада және шет елдерде өз құзыретi шегiнде Қазақстан Ўлттың Банкiнiң атынан өкiлдiк етедi;

4) Қазақстан Ўлттық Банкiнен сайланған Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерiн тағайындайды және босатады;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тағайындауы үшiн Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының орынбасарларына үмiткерлердi ұсынады;

6) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң лауазымдар номенклатурасын бекiтедi;

7) бекiтiлген номенклатураға сәйкес Қазақстан Ўлттық Банкiнiң лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды қызметтен босатады, көзге түскен қызметкерлердi көтермелейдi, тәртiптiк шаралар қолданады;

8) Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары арасында мiндеттердi бөледi, өз орынбасарларының және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң, филиалдарының, өкiлдiктерi мен ұйымдары басшыларының жұмыс тапсырылған учаскедегi iстiң жай-күйi үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;

9) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жалпы штат саны негiзiнде Қазақстан Ўлттық Банкi орталық аппаратының, филиалдарының, өкiлдiктерiнiң штат кестесiн бекiтедi;

10) жоғары кәсiби бiлiктiлiкке ие және аса маңызды функцияларды орындайтын жекелеген қызметкерлерге жеке лауазымдық жалақы белгiлейдi;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Ўлттық Банкiнiң барлық мүлкi мен қаражатына билiк етедi, Қазақстан Ўлттық Банкi атынан сенiмхат бередi, мiндеттемелерге қол қою және сенiмхат беру тәртiбiн белгiлейдi;

12) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң атынан шарттар (келiсiмдер, келiсiм-шарттар) жасайды;

13) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiн, филиалдарын, өкiлдiктерi мен ұйымдарын тексерулер және аудит жүргiзу нәтижелерiн қарайды;

14) Қазақстан Ўлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде Қазақстан Ўлттық Банкі берген лицензияларды қайта ресімдеу және бұрын берілген лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы (не Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының орынбасары) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес қаралуы Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешiм қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi шешудi өзiнiң орынбасарларына, Қазақстан Ўлттық Банкi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, филиалдарының және өкiлдiктерiнiң басшыларына тапсыруға құқылы.
Қазақстанның Ўлттық Банкi Төрағасының және оның орынбасарларының жеке жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.01.30. N 527 Жарлығымен.

29. Қазақстанның Ўлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстанның Ўлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасын тағайындау мерзiмiне қарамастан 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ўлттық Банкiнiң атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi, өз құзыретi шегiнде құжаттарға қол қояды және сотта және басқа ұйымдарда iстерi қаралған кезде, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша Қазақстан Ўлттық Банкi қызметкерлерiнiң қатысуы үшiн сенiмхат бередi.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметтен босатады.
Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Ўлттық Банкi Төрағасымен келiсiлген жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынып, қызметтен кете алады. Қазақстанның Ўлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және өздерiне бөлiнген қызметтiк мiндеттерi негiзiнде мәселелер қарайды және шешiм қабылдайды.

30. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң басшылары өз қызметiн Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтетiн осы бөлiмшелер туралы ережелер негiзiнде жүзеге асырады.

5. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң филиалдары

31. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң филиалдары (бұдан әрi - филиал) Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен ашылады, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң тiкелей бағыну схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi, оған есеп бередi және өз қызметiн Қазақстан Ўлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

32. Филиалдың Қазақстанның Ўлттық Банкi бекiткен құрылымына сәйкес филиалдың құрамына бөлiмдер мен басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн, олардың өкiлеттiктерi мен құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкiнiң филиалы туралы ережеде айқындалады.

33. Филиал өз қызметiнде жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарынан тәуелсiз және мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша оған ондай жауапкершiлiктi Қазақстан Ўлттық Банкi жүктеген жағдайларды қоспағанда, жауапкершiлiк атқармайды. Қазақстан Ўлттық Банкi филиалдардың мiндеттемелерi үшiн жауапкершiлiк атқарады.

34. Филиал өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтiк құқықтық актiлерiн, Басқарма мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн, осы Ереженi және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң филиалы туралы ереженi басшылыққа алады.

35. Филиалды ашу және жабу тәртiбi, қызметiнiң мiндеттерi мен функциялары, филиал органының құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң филиалы туралы ережемен айқындалады.

36. Филиалдың қызметiне басшылықты Қазақстан Ўлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметiн Қазақстан Ўлттық Банкiнiң бас сенiмхаты негiзiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен.

6. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң өкiлдiктерi

37. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң өкiлдiктерi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде ашылады, Қазақстан Ўлттық Банкiнiң бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi және Қазақстан Ўлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Ўлттық Банкiнiң мүддесiн қорғайды және өкiлдiк етедi.

38. Өкiлдiктердi ашу, жабу тәртiбi, олардың өкiлеттiктерi және құқықтық мәртебесi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң өкiлдiктерi туралы ережеде айқындалады.

7. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң ұйымдары

39. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң ұйымдары (бұдан әрi - ұйымдар) заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанында құрылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.

40. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қызметiн тоқтату және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi қабылдайды.

41. Ўйымның жарғысын Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтедi.

42. Қазақстанның Ўлттық Банкi өзi құратын ұйымдарға қатысы бойынша уәкiлеттi орган, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органы ретiнде танылады.

43. Ўйымдарды және олардың органдарын құру, қайта құру, таратутәртiбi мен қызметiнiң мәнi мен мақсаттары, құқықтық мәртебесi мен жарғылық құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, олардың жарғыларында, осы Ережеде және Қазақстан Ўлттық Банкiнiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

8. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң есептiлiгi және қызметiн
тексеру

44. Қазақстан Ўлттық Банкi жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есептi ұсынады.
Қазақстан Ўлттық Банкi Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын түзу үшiн бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Ўлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн келiсiлген мерзiмде ұсынады.

45. Қазақстан Ўлттық Банкi Басқармасының шешiмi негізiнде Қазақстан Ўлттық Банкiнiң қызметін тексеруді, оның ішiнде қаржылық есептілікке аудиттi құрылтайшылар құрамына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДЎ) мүше мемлекеттердiң орталық банкiнiң аудитiн жүргізу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң және оның ұйымдарының қызметін тексерудi тек қана Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi немесе тапсырмасы бойынша кез келген мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

9. Қорытынды ережелер

46. Қазақстан Ўлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау арқылы таратылуы мүмкiн. Қазақстан Ўлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi заңда көрсетiлген құқықтық мұрагерiне берiледi.

47. Қазақстан Ўлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiк атқарады.
Қазақстан Ўлттық Банкiнiң, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды және жеке тұлғалардың арасында "Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Ўлттық Банкiнiң құрылымы

Ескерту. Құрылымға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495, 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527, 2009.03.27. N 775 Жарлықтарымен.

1. Орталық аппарат:

1. Зерттеулер және статистика департаментi
2. Төлем балансы және валюта реттеу департаментi
3. Заң департаментi
4. Монетарлық операциялар департаментi
5. Бухгалтерлiк есеп департаментi
6. Ақпараттық технологиялар департаментi
7. Iшкi аудит департаментi
8. Қызметкерлермен жұмыс департаментi
9. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментi
10. (Алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.03.27. N 775 Жарлығымен).
11. Төлем жүйелерi департаментi
11-1. Ўйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті
12. (Алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.03.27. N 775 Жарлығымен).
12-1. Қаржы тұрақтылығы басқармасы
13. Операциялау басқармасы
13-1. Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы
14. Бюджеттi жоспарлау және бақылау басқармасы
14-1. Тәуекел-менеджмент басқармасы
15. Автоматтандырылған банк ақпарат жүйелерiн енгiзу
басқармасы
16. Қауiпсiздiк басқармасы
17. (Алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.03.27. N 775 Жарлығымен).
18. Шаруашылық басқармасы
19. Үйлестiру департаментi (Астана қаласы)
20. Бiрiншi бөлiм

2. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң филиалдары:

1. Орталық филиал (Астана қаласы)
2. Алматы қалалық филиалы
3. Алматы облыстық филиалы
4. Ақмола филиалы
5. Ақтөбе филиалы
6. Атырау филиалы
7. Шығыс Қазақстан филиалы
8. Жамбыл филиалы
9. Батыс Қазақстан филиалы
10. Қарағанды филиалы
11. Қостанай филиалы
12. Қызылорда филиалы
13. Маңғыстау филиалы
14. Павлодар филиалы
15. Солтүстiк Қазақстан филиалы
16. Оңтүстiк Қазақстан филиалы
17. Касса операциялары және құндылықтарды сақтау орталығы
(филиал)
18. Қызметтi қамтамасыз ету орталығы (филиал)

3. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң ұйымдары:

1. "Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкiнiң Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (Алматы қаласы)


2. "Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкiнiң Банк сервисi бюросы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (Алматы қаласы)


3. "Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкiнiң Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны


4. алып тасталды


5. "Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
6. алып тасталды

4. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң өкiлдiктерi:

1. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Ресей Федерациясындағы өкiлдiгi


2. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Ўлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiндегi өкiлдiгi


3. Қазақстан Ўлттық Банкiнiң Қытай Халық Республикасындағы өкiлдiгi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылды деп танылған кейбiр Жарлықтарының тiзбесi

1. "Қазақстан Республикасы Ўлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 мамырдағы N 400 Жарлығы.
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 587 Жарлығы.
4. "Қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығының 4-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 668 Жарлығы.
6. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығының 3-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы N 924 Жарлығы.
8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1009 Жарлығы.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina